ПОДЕЛИТЬСЯ
16 июля 2018 | 17:27
Ақшаны қай валютада сақтаған дұрыс? Маман кеңесі
Депозит ашып, ақша жинауға келгенде қай валютаның тиімді екенін ойлай бастайтынымыз рас. Ресми деректерге сенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі депозитті теңгемен және доллармен ашады, қалған валютадағы салымшылардың үлесі төмендеу. Десек те, күн сайын құбылатын бағамға қарап қорқыныштың туындайтыны жасырын емес. Олай болса қаржыны сақтауда тиімді валютаны ұсынатын маманның кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Депозит ашып, ақша жинауға келгенде қай валютаның тиімді екенін ойлай бастайтынымыз рас. Ресми деректерге сенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі депозитті теңгемен және доллармен ашады, қалған валютадағы салымшылардың үлесі төмендеу. Десек те, күн сайын құбылатын бағамға қарап қорқыныштың туындайтыны жасырын емес. Олай болса қаржыны сақтауда тиімді валютаны ұсынатын маманның кеңесін назарларыңызға ұсынамыз.
Экономист Арман Байғановтың айтуынша, қаражатты қазіргі кезде ұлттық валютада жинаған тиімді.
"Қазір доллар бағасы өсіп келеді. 1 доллар 341-342 теңгені көрсетіп тұр. Бұл жағдайда долларды сатып алған тиімсіз. Жылдық мөлшерлеме де азайған, 1 пайыз, ал ұлттық валютада 12 пайыз", - деді маман.
Маманның айтқанын қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейік. Екі салымшы бар делік, екеуінің де жалақысы 100 000 теңге. Олар 2013 жылдан бастап 2018 жылдың маусымына дейін ай сайын депозитке бірдей соммада ақша салып тұрады (20 000 теңге). Бірақ бірі теңгемен, екіншісі доллармен.
Пайыздық көрсеткіштер Ұлттық банктің ресми парақшасынан алынған.
Ақшасын теңгемен сақтаған салымшы ай сайын 20 000 теңгесін депозитке салып отырса, 5 жыл 6 айда 1 миллион 320 мың теңге жинайды. Оған 12 пайыз жылдық мөлшерлеме қосылса, қорытынды сомма 1 миллион 452 мың теңге болады.
Депозитін доллармен ашқан салымшы ай сайын 20 000 теңгесін долларға айырбастап, депозитке салып отырса, 5 жыл 6 айда (жылдық мөлшерлеме 3 пайыз болса да) 5862,85 доллар жинақтайды. Бұл дегеніміз (1 доллар - 341 теңге) 1 миллион 999 мың 231,85 теңге.
Есептеуге қарасақ, ақшасын доллармен сақтаған салымшы ұтылған жоқ. Оның салымы теңгемен сақтаған адамдыкінен жарты миллион теңгеге жоғары. "Онда не себепті ақшаны теңгемен сақтау керек?" деген сұрақ туындайды және бұл сұрақты маманға қойып көрдік.
"Жауабы қарапайым. 2015 жылы үлкен девальвация болды. Теңге әлсіреп, доллар бағасы лезде көтерілді. Қыркүйектен бастап жыл соңына дейін 1 доллар 307 теңгеге бағаланды. Сол кезден бастап долларға шаққанда теңге құны арзандай берсе де, 2013, 2014 жылдары доллармен сақтаған салымшы ақшасын көбейтіп алды. Бұл өткен жылдардың еншісінде қалған көрсеткіштер, енді олай болмайды, қазіргі жағдайда Ұлттық валютада ақша жинаған тиімдірек", - дейді маман.
Байғановтың айтуынша, доллар алдағы уақытта да қымбаттайды.
"Алдағы жарты жылда доллардың бағасы өседі, бір долларға шаққанда 350-360 теңгеге жетуі мүмкін. Бұл теңгенің 3-4 пайызға құнсыздануын білдіреді", - деді ол.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также