26 августа 2019 | 17:04

Зейнетақы жайлы қазақстандықтар сенетін 5 жаңсақ пікір

© Тұрар Қазанғапов

Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып, қазақстандықтар арасында түрлі сауалдар туып жатыр. Біреулер "зейнетке неғұрлым кеш шықсаң, соғұрлым зейнетақы жинағы көбірек болады" десе, тағы біреулері "зейнетақы аударымы көбірек шығу үшін ең басты еңбек өтілі көп болуы тиіс" деп жатады. Бірақ мамандар мұндай өтіріктерге сенбеуге кеңес береді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі зейнетақы аударымдарының жаңа ережелері қабылданған соң зейнетақыға қатысты мәселелер әлі де талқыланып, қазақстандықтар арасында түрлі сауалдар туып жатыр. Біреулер "зейнетке неғұрлым кеш шықсаң, соғұрлым зейнетақы жинағы көбірек болады" десе, тағы біреулері "зейнетақы аударымы көбірек шығу үшін ең басты еңбек өтілі көп болуы тиіс" деп жатады. Бірақ мамандар мұндай өтіріктерге сенбеуге кеңес береді. 

Экономист, мұрагерлік-құқықтық қатынастар істерімен айналысатын заңгер Сымбат Жапарова Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандықтардың арасында зейнетақы жайлы айтылатын қате пікірлерді атап, оларды жоққа шығарды.

Реклама
Реклама

✖ Зейнетке кеш шықсаң, зейнетақы жинағы көбірек болады

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңы бойынша еңбек өтілі артық болған жағдайда оған қосымша үстеме ақы берілу көзделмеген. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібінде ақшаны БЖЗҚ-да арнайы шоты бар адамдардың ғана ала алатыны айтылады. Осы ретте өтініш берушінің еңбек өтілі, жалақысы, әскери қызметте болғаны-болмағаны, бала күтімі бойынша декретке шыққаны немесе әлеуметтік маңызы бар себептер бойынша еңбек демалысына шыққан жағдайлар ескеріледі. 40 немесе 50 жылдан аса еңбек өтілі болса, оған қосымша ақша аударылады деген қате пікір.

Заңдағы соңғы өзгерістерге де сүйенетін болсақ, зейнет жасына келген қызметкер бір жыл ішінде жұмыстан шығып, қажетті анықтамаларды алып, БЖЗҚ өкілдеріне баруы керек.

✖ Зейнетақы жинағын кез келген қазақстандық ала алады

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібінде ақшаны БЖЗҚ-да арнайы шоты бар адамдардың ғана ала алатыны айтылады. 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша және соңғы заңнама бойынша, кемінде алты ай еңбек өтілі бар қазақстандықтарға еңбек өтіліне пропорционал төлемдер аударыла бастайды. Олай болмаған жағдайда, ол адам "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 72-бабы ("Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық") бойынша жауапкершілікке тартылады. 

✖ Зейнетақы көп болуы үшін ең бастысы - еңбек өтілі

Әрине, зейнетақы жинағы үшін еңбек өтілі маңызды. Бірақ дегенмен мұнда жалақы сомасы одан да маңызды рөл атқарады. Жұмыс беруші неғұрлым көп соманы зейнетақы жинағына аударса, шотта көбірек қаражат болады деген сөз. Яғни, жалақыдан ұсталатын аударымдар көп болған сайын зейнетақы да көп болады. Сондықтан жұмыс ауыстырғанда да төмен жалақыға келіспеген жөн. Себебі әрбір тиын зейнетақыға әсерін тигізеді.

Ал зейнетақы туралы заңның 65-бабында ("Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін есептеу") еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері еңбек сіңірген жылдарының әрбір толық жылы үшін ақшалай қамтылымның 2 пайызы есебінен белгіленетіні айтылады. Үстеме ақы жайлы онда айтылмайды.

✖ Қайтыс болған адамның зейнетақысын ешкім ала алмайды

Заң бойынша, қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы мұрагерлік жолмен беріледі. Ал мұрагерлік қалдырылмаса, марқұмның жақындарына тең үлесте беріледі. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның 32-бабы бойынша, зейнетақы шотындағы ақша белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады. Сондай-ақ, мұндай жағдайда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері марқұмның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға бюджеттен 52,4 АЕК мөлшерінде (132 310 теңге) жерлеуге біржолғы төлем жасайды. Бірақ бұл сома шотта жатқан ақшадан аспауы керек.

Зейнетақы шоты бар адам қай күні қайтыс болса да, зейнетақы төлемі толық мөлшерде аударылуы тиіс. Ол ақша толықтай берілмесе немесе 1, 2 ай кешіктірілсе, сотқа шағымдануға болады.

✖ Зейнеткерлер - ең кедей халық

Өкінішке қарай, елімізде зейнеткерлер ең кедей халық деген қате пікір қалыптасқан. Алайда статистикаға сүйенсек, мүлде олай емес. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. Ал 2019 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері - 85 697 теңге, оның ішінде базалық зейнетақы - 26 978 теңге, ортақ зейнетақы 58 719 теңге екен.

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейін ескеретін болсақ, қазіргі таңда (2019 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша) ол көрсеткіш - 29 872 теңге. Бұл басқа елдермен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Сондықтан орташа есеппен 80 мың теңге алатын қазақстандық зейнеткерлер үшін бұл жаман емес деп айтуға болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз

Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімге қалады?

Шетелге көшерде зейнетақы жинағын қалай ерте алуға болады?

Зейнетақы қорында қанша қаражат жиналғанын онлайн тексерудің екі жолы

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная