26 августа 2019 | 15:05

Зейнетақы қорында қанша қаражат жиналғанын онлайн тексерудің екі жолы

© ktk.kz

"Азаматтарға арналған үкімет" МК қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай зейнетақы қорындағы жинақтарды онлайн түрде тексерудің екі жолын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Азаматтарға арналған үкімет" МК қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай зейнетақы қорындағы жинақтарды онлайн түрде тексерудің екі жолын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз ай сайын жалақыңыздың 10 пайызын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегідей, оны екі тәсілмен біліп-көруге болады - электронды үкімет порталы мен телеграм-бот арқылы", - деп жазды Мұрат Жұманбай Facebook желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Оның мәлімдеуінше, Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін "Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу" қызметін таңдауыңыз қажет. Тиісті өтінішті жолдаған соң, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы міндетті екен.

Ал зейнетақы қорындағы жинақтарды білудің екінші жолы - телеграм-бот. Ол үшін телефонға Telegram мессенджерін жүктеп алу қажет. Сонда Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты алуға болады. Боттағы қызметтер тізімінен "БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу" қызметін таңдау керек. Зейнетақы жинағын осы әдіспен білу үшін Мобидьді азаматтар базасына тіркелу міндетті.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте алудың 4 жолы бар - Түсіндіреміз

Шетелге көшерде зейнетақы жинағын қалай ерте алуға болады?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная