30 октября 2019 | 14:04

8 адамды атып өлтірді деген сарбазға қатысты атышулы іс қалай өрбіп жатыр?

Рамиль Шамсутдинов оқиға болған күні © 72.ru

25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Бұл оқиға қазақстандықтарға Владислав Челахтың оқиғасын еске салғандай болды. Себебі Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әлі күнге дейін нақты белгісіз. Қанды оқиға қалай өрбіді? Tengrinews.kz тілшісі оқиға жайлы ресейлік құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа сүйене отырып, шолу ұсынады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

25 қазанда кешкі 18:00 шамасында Горный солдат ауылындағы №54160 әскери бөлімшесінде борышын өтеуші Рамиль Шамсутдинов жедел әрекет ету бөлімшесі жеке құрамының мүшелерін атып тастады. Бұл оқиға қазақстандықтарға Владислав Челахтың оқиғасын еске салғандай болды. Себебі Шамсутдинов әскерилерге оқ жаудырып, салдарынан сегіз адам көз жұмып, тағы екеуі жараланған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны әлі күнге дейін нақты белгісіз. Қанды оқиға қалай өрбіді? Tengrinews.kz тілшісі оқиға жайлы ресейлік құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа сүйене отырып, шолу ұсынады. 

Дүйсенбі, 28 қазанда Чита әскери соты Шамсутдиновты екі ай абақтыға қамады. Оған қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

БАҚ мәліметінше, Шамсутдинов адамдарды жаралағаннан кейін, олардың басына оқ атқан. Патрондары біткен ол Горный-1 ауылына қашқан. Сол жерде күдікті құрықталған. 


Оқиға болған аймақ © 72.ru

"Шамсутдиновқа зорлық әрекеттері жасалмаған"

Кейбір деректер бойынша, Шамсутдиновқа әскери бөлімшеде қысым көрсетілген. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі күдіктіге қатысты зорлық әрекеттері жасалмағанын алға тартқан. Олардың пайымынша, Шамсутдиновтың қолға қару алуына күзет офицерімен болған "тұлғааралық қақтығыс" және "психологиялық үйлеспеу" себеп болған. Сонымен қатар, қанды оқиғаға қарауыл қызметі барысында "психикалық стресс" те әсер еткені айтылады. 


Қанды оқиға болған әскери бөлімше © 72.ru

"72.ru" басылымы әскери борышын өтеп жүрген бұрынғы сарбаздың монологын жариялаған. Бұрынғы сарбаздың сөзінше, қайтыс болған офицердің бірі - Данил Пьянков әскер қатарына жаңадан қосылғандарды үнемі қорлап, ауыр психологиялық жағдайға дейін жеткізіп отырған.

Ресейліктер сарбазға қаражат жинап берген 

Ресейліктер Шамсутдиновқа адвокат жалдау үшін 220 мың рубльдей қаражат жинап берген. Күдіктінің әкесі Салим Шамсутдинов ақшаны алып, адвокат жалдағанын хабарлаған. Тиісті қаражатты жинауға Рамильдің достары, тәрбиешілері мен ұстаздары көмектескен екен. Олар арнайы сайт ашқан. Шамсутдиновтың әкесі ұлын кісі өлтіруге итермелеуге не жағдай себеп болғаны туралы ойын бөліскен. 

"...Ұлым қазір Читада. Оның Отан алдындағы борышын өтеуге құлшынысы болған. Үйде де бәрі жақсы. Қыз үшін мұндай жағдайға баратындай оның басында үлкен махаббат оқиғасы да болған жоқ. Бар себебі сол: оны қолына қару алуға дейін жеткізген. Менде басқа нұсқа да жоқ. Ұлымның денсаулығы да жақсы болатын", - деген әкесі. 


Рамиль Шамсутдинов әкесі Салим Шамсутдиновпен © ok.ru

Сонымен қатар, күдіктінің әкесі ұлымен бұған дейін әр демалыс сайын сөйлесіп отырғанын айтқан. 

"Кейін ол телефонын жоғалтып алғанын айтты. Артынша оны сындырып алдым деп басқа нөмірден хабарласты. Оқиғаға дейін бір апта бұрын әскери бөлімшемен келісімшартқа отырайын деп жатқанын айтып, қажетті құжаттарды сұратты. Сол кезде оның даусы өзгергенін байқап, әлдененің дұрыс емес екенін аңғардым", - дейді әкесі. 

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің департаментінде істеген Рамильдің әкесі ұлын бұл әрекетке баруына әлімжеттік әсер еткенін айтқан. 

Физиономист Шамсутдиновтің бет-әлпетін зерттеген

Ресейлік психолог және физиономист Светлана Филатова күдіктінің суреттеріне қарап оның қандай адам екенін Life.ru басылымына болжап берген. Филатоваға мамандар күдіктінің қанды оқиғадан кейінгі суреті мен сарбаз атанғанға дейінгі суреттерін көрсеткен. Психолог оқиғадан кейінгі оның суретінен  өкініш пен қайғыға айналған ашуды байқаған. 


Рамиль Шамсутдинов оқиғадан кейін © 72.ru

Күдіктінің бет-әлпетіне назар аударған физиономист оның оң құлағы айтарлықтай үлкен екенін байқаған. Оның сөзінше, бұл оның қақтығыстарға тойтарыс бере алатынын көрсетеді. Ал басын шалқайтып түскен суреті туралы Светлана Филатова былай деп болжаған:

"Суретте ол басын шалқайтып тұр. Бұл оның өз-өзіне сенімді екенін көрсетеді. "Сен - тұр, мен - атайын" деген жігіт. Бетінің жалпақтығынан оның кез келген оқиға не мәселенің шешімін тез табатынын аңғаруға болады", - деген екен Филатова. 


Рамиль Шамсутдинов әскер қатарына қосылғанға дейін © Сурет ашық интернет көздерінен

Айта кетейік, бүгінде Рамиль Шамсутдиновты қолдау мақсатында интернетте петиция пайда болған. Петицияны құрастырған адамдардың сөзінше, бұл оқиғаның негізгі құрбаны - "әскерилерден қысым көрген" Рамиль Шамсутдинов. Құжатқа бүгінде 150 адам қолдау білдірген. 

25 қазанда болған қанды оқиғаның себепшісі Рамиль Шамсутдинов бүгінде Чита қаласындағы абақтыда отыр. Күдіктіге қатысты "Екi немесе одан көп адамды өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, осыған оқиғаға ұқсас қылмыс Қазақстанда да болған. 2012 жылы 30 мамырда Арқанкерген посты байланысқа шықпаған. Оқиға орнына келген шекара қызметкерлері өртеніп кеткен казарма ғимараты мен 13 шекара күзетшісінің өлі денесін тапқан. Артынша тағы бір әскери қызметкер мен жақын маңда тұрған қорықшының денесі табылған.  

Владислав Челахқа байланысты қылмыстық іс қозғалған. 2013 жылдың 29 қарашасынан Челах Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандарға арналған "Қара бүркіт" колониясында жазасын өтеп жатыр.  

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная