ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 октября 2019 | 14:09

Балаға ерекше мейіріммен қарап, анасындай болу қажет - үздік ұстаздың әңгімесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ұстаз - ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның ұлағатты ұстаздары" жобасын қолға алған еді. Бұл жолы ҚР білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері, өмірін білім беру саласына арнаған ұстаз Сафура Темурбаева жайлы материал ұсынамыз.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұстаз - ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы "Қазақстанның ұлағатты ұстаздары" жобасын қолға алған еді. Бұл жолы ҚР білім беру ісінің үздігі, Құрмет орденінің иегері, өмірін білім беру саласына арнаған ұстаз Сафура Темурбаева жайлы материал ұсынамыз.

Сафура Темурбаева Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласына қарасты Ащысай кентінде дүниеге келген. Ол - Алматы қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

1993 жылы мектеп бітіріп, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, 1997 жылы бітірген. Алғаш еңбек жолын Мұхтар Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте бастаған. Білім саласында жүргеніне 25 жылға жуық уақыт болған Сафура Сәлімбайқызы соңғы 10 жылда Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияда қызмет етіп келеді. 

Еңбекке ерте араласа бастаған ол білім саласында 1996 жылдан бері. 4-курста оқып жүрген ол сол кезде педагогикалық іс-тәжірибеден өте жүріп, білім ордасына мұғалім қатарына қабылданған. 

"Білім беру - жаңалықты, инновацияны қажет етеді"

Сафура Сәлімбайқызы білім беру үнемі жаңашылдықты қажет ететінін атап өтті. 

"Сондықтан да жаңа ғасырдың жаңашыл, жеке тұлғасын қалыптастыруда жаңа технологияларды, жаңа әдістерді қолдануға тырысамын. Әсіресе оқушыларды қалыптастырушы бағалауда, сондай-ақ жиынтық бағалау барысында өз деңгейінде білімін көрсету жолында әр сабақты дайын дүние бере салумен емес, бірінші тәжірибе жасап, сол тәжірибеден теория құрастыруға жетелеймін. Яғни бала практикадан өтіп, соның аясында тақырыпты толық игеруіне жағдай жасаймын. Басты ұстанатын тағы бір ерекше әдісім - сыныпта отырған 30 оқушының әрбіріне жеке тапсырмалар беріп, қалып кеткен тұстарын жетілдіріп, өткен материалдарды пысықтау мақсатында түрлі әдістер қолданамын", - дейді ұстаз.


Сафура Темурбаева оқушыларымен 

Ұстаздың сөзінше, әрбір балаға ерекше мейіріммен қарап, анасындай болу қажет. 

"Мұхтар Шахановтың тілімен айтқан кезде: "Әрбір бала күйсандық. Ол күйсандықтың кілтін тапқан ғана аша алады", - дейді ғой. Бала жүрегіне жол тауып, баланың қажеттілігіне орай білім беруге тырысамын. Тұлғалық қабілетін ашып, шығармашылығын шыңдап, таланты болса ұштап, дарын қабілеттерін одан әрі дамытып, бір сөзбен айтқанда - ел ертеңін ұстайтын сауатты, білімді азамат қалыптастыруға тырысамын. Әрине, бұл - әр ұстаздың парызы. Десе де, бүгінде балалармен жұмыс істеу тек теориялық тұрғыда мықты қарулану ғана емес, әдістемелік тұрғыда жақсы қарулану керек.

Сондықтан баланың оянбай жатқан тылсым нүктелерін тауып, оны жұмыс жасауға жетелеу үшін өмірден мысалдар келтіруге тырысамын. Яғни барынша рухани сауатты қылуға, сондай-ақ балалардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етемін", - дейді Сафура Сәлімбайқызы. 


Сафура Темурбаева оқушыларымен

Ұстаздық жолдағы ұстанар ұраным - "Алтын алма, білім ал". Яғни білім - мәңгілік азық. Кемел білім жолында баланың дамуына мүмкіндік жасау керек. Мақсатым - сауатты, саналы, жан-жақты, шығармашыл, еліне пайдасын тигізер, Отанын шексіз сүйетін патриот тәрбиелеу.

"Ұстаз болуды қатты армандайтынмын"

Мектеп қабырғасынан ұстаз болуды армандаған Сафура Сәлімбайқызының білім саласын таңдауына ұстаздары себепші болған. 

"Әркімнің балалық шағында мамандық таңдауына деген әртүрлі арман-қиялы болары сөзсіз. Мектеп қабырғасынан ұстаз болуды армандадым. Білім саласына жол тартуыма бірден бір себепші болған - менің ұстаздарым. Себебі мен үшін ұстаз - биік, асқақ тұлға болатын. Бәлкім олардың бойынан мін көрмегендігім болар. Ұстаздарым - ұстаздардың ұстазы болғанының әсері шығар деп ойлаймын. Ұстаз болуды қатты армандайтынмын. Ес білгелі, мектеп қабырғасында жүргенде ұстазыма қарап, "шіркін, осындай ұстаз болсамшы" деп армандап кететінмін. Бүгінде сол арманым жүзеге асты", - дейді Сафура Темурбаева.

Сондай-ақ ұстаз неліктен қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдағанын түсіндіріп берді. 

"Бала күнімнен қолыма қалам алсам болды әлденені шимайлап, мақала жазып, өлең шығарып, ойымды қағаз бетіне түсіріп жүретінмін. Одан бөлек ұстазым Фатима Алдабергенова осы пәннен сабақ беретін. Сол кісінің сабақ беру тәсілі, жалпы ана тілін бойымызға сіңірудегі ерен еңбегінің арқасы деп білемін. Өйткені менімен қатарлас бітірген сыныптастарымның бәрі ана тілінде мүдірмей сөйлейді. Жай ғана отырғанның өзінде 7-8 бет шығарманы төгілтіп жазып беретін балалар мектеп бітіріп шықты. Ешқашан бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін", - дейді ұстаз. 

"Мені тәрбиелеген ұстаз болса, мен де ұстаздарды тәрбиелеуім керек"

Сафура Темурбаева мұғалімдік - ерекше жауапкершілікті талап ететін маңызы зор мамандық екенін атап өтті. 

"Мұғалім болу - кәсіп қуу емес. Ол - тәңірден берілетін сый деп білемін, кез келгенге бұйырмайтын сыбаға. Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұстаздардың ұлы жолын одан әрі жалғап, өзім де талай ұстаздық мамандықты сүйетін шәкірттерді шығарсам деп армандадым. Сол арманыма қолым жетті. Өзім жыл сайын түлек ұшырар кезде алдыма мақсат қоямын: өзім сабақ беріп отырған 30 баланың ішінде көп дегенде екі-үшеуі ұстаздық мамандықты таңдаса одан артық мен үшін бақыт жоқ. Расымен де солай болды. Түлектерімнің жоқ дегенде екеуі мұғалімдік мамандықты таңдап, алды ұстаз болып қызмет етіп жүр. Мені тәрбиелеген ұстаз болса, мен де ұстаздарды тәрбиелеуім керек деген ойдамын", - дейді Сафура Темурбаева.


Сафура Темурбаева әріптестерімен

Дариға Назарбаевамен кездесу

Сафура Сәлімбайқызы қызмет ететін гимназия ішінен Мұқағали Мақатаев атындағы музей ашылған. Сол музейді Дариға Назарбаеваға таныстыру Сафура Темурбаеваға бұйырған екен. 

"Ұстаздық - қиын әрі қызықты жұмыс. Осы қызмет барысында мені танымал тұлғалармен жүздесу қанаттандырып отырды. Қызметім барсында халқымызға танымал тұлғалармен кездестім. Ол үшін ең алдымен мектеп әкімшілігіне алғыс айтқым келеді. Елбасының жолдауын талдау мақсатында біздің гимназияға Дариға Нұрсұлтанқызы ат басын бұрған болатын.

Сол кезде маған біздің гимназияның ішінен ашылған Мұқағали музейін таныстыру керек болды. Әрине, кездесу барысында аздап толқығаным рас. Себебі келген танымал тұлғаларға өз деңгейінде осы музейді таныстыра аламын ба деген ой мені сәл де болса мазалады. Бірақ Дариға Назарбаева парасатты, білімді әрі қарапайым жан екен. Кіргенде-ақ мейіріммен, ықыласпен, жылы жүзімен баурап алды. Мен де асықпай, баппен музейді таныстырып шықтым. Кездесу маған үлкен шабыт сыйлады", - деді Сафура Сәлімбайқызы.  

"Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer