Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Егіздер жыры" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама қонағы 68 жастағы астаналық егіз Балтабай мен Балғабай Ғаббасұлылар келді.
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Егіздер жыры" тақырыбы қозғалды. Бағдарлама қонағы 68 жастағы астаналық егіз Балтабай мен Балғабай Ғаббасұлылар келді.
Келіндері мен немерелері үнемі шатастырып, ажырата алмай жатады екен. Кезінде домбыра оркестрінің құрамында болған.
Егіз зейнеткердің айтуынша, мектеп кезінде түрлі пәндердің емтихандарына бірінің орнына бірі тапсырып жүрген. Тағы бір қызық жайт - егіз ата Қарағандыға тойға барғанда, егіз бала тапқысы келіп жүрген аталарды көріп аузыма түкіріңізші деген екен. Аузына түкірген келіншек кейін егіз бала тапқанын айтып, Балтабай мен Балғабай аталардан сүйінші сұраған екен.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.