17 октября 2019 | 16:07

Айым Сейтметова күйеуінің кім екенін айтты. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

"The Эфир" жобасының жаңа маусымында белгілі актриса, вайнер Айым Сейтметова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жақында атап өтетін үйлену тойы жайлы және болашақ жарымен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"The Эфир" жобасының жаңа маусымында белгілі актриса, вайнер Айым Сейтметова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында жақында атап өтетін үйлену тойы жайлы және болашақ жарымен қалай танысқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Актрисаның болашақ жарының есімі - Талғат. Сейтметованың айтуынша, олардың танысуына актрисаның бұзылып қалған көлігі себеп болған. 

Реклама
Реклама

"Танысуымыздың өзі романтикалық әңгіме негізі. Менің болашақ жарымның автосервисі болған. Сол уақытта ол құрылтайшы болған. Менің автокөлігім сынып қалды. Содан кейін мен Instagram-дағы парақшама "Қандай жақсы автосервистар бар?" деп сториз салдым. Талғат сол видеоны көріп өзінің парақшасына "Мына қызға қай автосервистің мықты екенін айтып, кеңес беріп жіберейікші" деп салған. Бірақ мен ол туралы кейін уақыт өте келе өзі айтқаннан кейін ғана білдім. Артынша маған 100 шақты хабарлама келді. Достарымнан да ол сервис жайлы сұрап шықтым. Мен көлік саласын аса жақсы білмейтіндіктен шынымен де жақсы сервис шығар деп ойладым", - дейді актриса. 

Автосервиске барып, көлігін жөндеткен Сейтметоваға болашақ жары артынша телефон шалып, оған көлігін тегін жөндеп беретінін айтқан. 


Айым Сейтметова болашақ жары Талғатпен © instagram.com/aiymsm

"Жөнделген көлігімді алғаннан кейін, рақметімді айттым. Одан кейін сөйлескен жоқпыз. Бір айдан кейін жолда көлігімнің дөңгелегі жарылып кетеді. Сосын көлігімді тексерту үшін қайтадан Талғатқа жаздым. Даусын естіп, үлкен "көке" екен деп ойладым. Мен бар түріммен, спорттық киіммен боянбай сервиске келе салдым. Қарасам, Талғат тұр. Ұзын бойлы. Мен үшін әдемі. Жүрегім бірден селт ете кетті", - дейді Айым. 

Артынша Талғат Айымды кездесуге шақырған. Екеуі кездескеннен кейін әңгімелері бірден жарасып кеткен. 

Сонымен қатар, актриса болашақ жарының өткен өмірі туралы айтты.

"Мен өзі туралы сұраған кезде ол екі жыл бұрын ажырасқанын айтты. Оның екі баласы бар. Ол өзі туралы айтқаннан кейін менің реакциямды күтті. Мені қорқып, уақыт өте келе жоғалып кетеді деп ойлады. Ал мен жай ғана тыңдап отырдым. Себебі ажырасу - айып емес қой. Шын мәнінде қос ғашықтың бір-бірін табуы өте қиын нәрсе. Ондай болып тұрады. Маған пікірлерге мен оны бұрынғы әйелінен тартып алып, отбасының шырқын бұзғандай жазады. Менің бойымда ондай қасиет жоқ. Ондай әрекет жасауға тәрбием жол бермейді", - дейді актриса. 

Ілияс Аутов алаяқтар, "тотықұстың арманы" және тойға шығу жайлы - Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная