ПОДЕЛИТЬСЯ
25 мая 2018 | 19:23
Жанкүйері әнші Ернар Айдарды тікелей эфирде ыңғайсыз күйге қалдырды
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Фанатизм дерт пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қазақ эстрада жұлдыздарының фанаттары қонақ болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Фанатизм дерт пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қазақ эстрада жұлдыздарының фанаттары қонақ болды.
Соның ішінде 26 жастағы Зарина есімді қыз Ернар Айдардың шынайы фанатымын деп келді. Эфир барысында Ернар Айдар Skype арқылы тікелей эфирге шықты. Фанатымын деп келген Зарина Ернар Айдарға өз сезімін білдірді.
Екінші әйел алуға қалай қарайсыз деп сұраған Заринаға Ернар Айдар абдырап қалып, артынша екінші әйел ешқашан алмайтынын айтып, жауап берді. Сөз соңында фанаты Зарина Ернар Айдарға арнап шығарған өлеңін оқып берді.
Сонымен қатар, бағдарламаға 12 жастағы Аружан келді. Оның Ninety one тобының фанаты болғанына анасы қарсылығын білдірді. Оны қызының Q-pop стиліндегілерді жақсы көріп, солардың өлеңін тығдағаны алаңдатады екен.
"Қызым қазақи қыз болып өссе екен деймін, мен тыйым салғаныммен үйден шыққаннан кейін олар соларға еліктеп кетеді", - деген анасының қызы Ninety one тобының өлеңін жатқа айтып жұртты таңғалдырды.
Сонымен қоса Димаш Құдайберген мен "Бастау" тобының фанаттары да қонақта болды.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также