Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 июня 2021 12:29

"Қашып кетіп тұру да пайдалы". Танымал қазақстандықтар қайда демалып жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

Жаз мезгілі бастала танымал қазақстандықтардың шетелге шығып демалуы дәстүрге айналғандай. Биыл көбінің таңдауы Мысырға түскен. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздардың қайда демалып жүргеніне шолу жасады. 


Жаз мезгілі бастала танымал қазақстандықтардың шетелге шығып демалуы дәстүрге айналғандай. Биыл көбінің таңдауы Мысырға түскен. Tengrinews.kz тілшісі отандық жұлдыздардың қайда демалып жүргеніне шолу жасады. 

Әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей отбасымен Мысырда демалып қайтты. 

"Демалысымыз ойдағыдай өтті! Ең алғаш демалуға барған кезде әкесі екеуміз ғана барғанбыз, міне енді 6 адам болып барып жатырмыз. Оған да шүкір! Балаларым әр түрлі жаста болса да, шет елде, демалыста өте жинақы, тәртіпті жүреді, оған да шүкір. Бұл еңбекпен жеткен демалыс, "жұмыс, жұмыс" деп, тіпті, бір-бірімізге көңіл бөлуден қалдық, кейде айналаның негативі көбейген кезде осылай, тікелей айтқанда, қашып кетіп тұру да пайдалы", - деп жазды актердің жары әнші Бақыт Тұрман. 

Кеш-You тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева жазғы демалыс үшін Грузияның Батуми қаласын таңдаған. 

Ал топтың тағы бір экс-мүшесі, бүгінде жеке ән айтып жүрген Айдана Меденова отбасымен Мысырда демалып қайтты. 

Гүлназ Жоланова Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі қаланың бірі - Дубайда демалып қайтты. 

Биыл танымал қазақстандықтардың көбінің таңдауы Мысырға түскен. Оның ішінде, актриса Жания Джуринская да бар. Блогер, актер Мейіржан Төребаев та отбасымен Мысырдағы бесжұлдызды қонақүйде демалып қайтты. 

"Отбасылық фотосессия арқылы адам жүйкесін сынауға болады. Екеуі түскісі келмейді, екеуі ұйықтап тұр, екеуі ішек сілесі қатып күліп тұр, тек Раимжан бұл жағдайдан шығудың амалын тапқандай", - деп жазды блогер Дана Есеева.   

Актриса Сая Оразғалиеваның да таңдауы Мысырға түскен. Айта кетейік, жақында актриса тұрмысқа шыққан болатын. 33 жастағы актрисаның жарының есімі Ильяс Иминов. Сая "Вузеры", "Жаңа қоныс" сериалы мен "Коктейль для звезды-2" фильміне түскен.  

Ал журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан қызымен Дубайда демалып қайтқан. 

Продюсер Баян Мақсатқызы қызымен биыл Түркияның Ыстамбұл қаласында демалды. 

"Ыстамбұлды жақсы көремін", - деп жазды продюсер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети