04 июля 2019 | 21:56

Қайрат Нұртастың атышулы видеосы: Дыбыс режиссері қандай қате кеткенін түсіндірді

© instagram.com/kair_n

Концерт ұйымдастыру ісімен айналысатын жеке компанияның дыбыс режиссері Мұрат Имахан Қайрат Нұртастың Шымкенттегі өнер көрсетуінде қандай олқылық болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Концерт ұйымдастыру ісімен айналысатын жеке компанияның дыбыс режиссері Мұрат Имахан Қайрат Нұртастың Шымкенттегі өнер көрсетуінде қандай олқылық болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дыбыс режиссерінің айтуынша, әнші ән орындап жатқан кезде дайын өнімді, яғни фонограмманы қолданған.

Реклама
Реклама

"Музыкамен айналысатындар мұны "плюсовка" дейді. Бірақ толықтай фонограмма емес, бұл жағдайда Қайрат Нұртас микрофонын қосулы қалдырған. Солайша өз даусымен ән айту барысында сүйемелдеп тұрған. Видеоға қарап отырып, дәл осы роликке "плюсовканың" емес, микрофонның дыбысы ғана жазылған болуы мүмкін деген ойға келдім", - дейді маман.

Оның пікірінше, мұнда басты қате жабық залдарда, концерт залдарында қолданылатын микрофонның таңдалуында болып отыр.

"Әдетте фонограмма қосылған микрофонды толық өшіріп отыру керек немесе арнайы батырмамен қажет кезінде ғана қосып отырған абзал. Себебін түсіндірейін, дыбыс режиссерлері концерт кезінде екі микрофонды қолданады, оның бірі тыңдап отырған көрерменнің қошемет білдірген даусымен қоса жазылатын әншінің даусын қабылдайды. Ал екіншісі әншінің өз қолында болады. Бұл видеода сол бірінші микрофондағы дыбыс концерт ашық аспан астында өтіп жатқандықтан алыстан келеді. Ал екіншісі, әншінің қолындағы микрофон жақын болғандықтан бірінші жетеді. Дыбыстың жылдамдығы бар, ғимаратта болса тосқауыл болып, дыбыс дұрыс жазылар еді, ал ашық аспан астында айдалаға кетіп, ол қайтып келуі үшін уақыт керек, сондықтан өз даусы ғана естіліп жатыр", - деп түсіндірді ол.

Дыбыс режиссерінің айтуынша, бұл жағдайда пультте отырғандар, яғни дыбыс режиссерлері қателескен. 

"Негізі концерт кезінде дыбыс режиссері кейін өңдеуде жоғалтып алмауы үшін барлық микрофонды қосып отырады, солайша сақтанады. Міне, осы кезде видеоға жақын микрофондағы дыбыс бірінші жетіп, әншінің ілеспе, яғни сүйемелдеген даусы ғана естіліп қалған. Әйтпесе Қайрат Нұртастың жанды дауыста жақсы ән айтатынын білемін", - деп пікір білдірді маман. 

Айта кетейік, мұның алдында белгілі әнші Сәкен Майғазиев мұндай жағдай бес-алты жыл бұрын Витастың өмірінде болғанын және әнді айта алмайды деп кінә тағу ағаттық болып саналатынын айтқан. 

Әншінің арт директоры Мира Келімбетова болса бұл жағдайды "қаскөйлер оның атын қаралағысы келеді" деп баға берген еді. 

Еске салайық, Желі қолданушылары қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртасты Шымкентте ән айтып тұрған видеосынан кейін сынап тастаған еді. Ролик Шымкентте маусым айының соңында түсірілген. Бұл концерттік бағдарламада әнші "Сенің туған күнің" әнін орындаған. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған видео кадрларынан оның нотадан ауытқығанын байқауға болады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная