Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 февраля 2021 17:15

Қайрат Нұртастың әйелі аурудан емделіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial Фото:instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жары, "Әлем ханымы-2020" Жұлдыз Абдукаримова емделіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Әнші Қайрат Нұртастың жары, "Әлем ханымы-2020" Жұлдыз Абдукаримова емделіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Осы уақытқа дейін жасырып келіп едім. Биыл денсаулыққа көңіл бөлетін жыл болды. Ағзам "Жұлдыз, тоқтат" деп ескерту берген секілді болды. Диагнозым - мойын омыртқасының жылжуы. Қазір мануалиске барып, соны қалпына келтіріп жүрмін. Он күндей қабылдауда болдым", - деді Жұлдыз Абдукаримова Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сондай-ақ, актриса "мойын омыртқасы қозғалтпай, басын көтере алмай жатып қалған кезі болғанын" жазды. Ал қазір денсаулығы жақсарғанын айтады. 

"Денсаулығым қалпына келді. Сіздердің қолдауларыңызбен жұмысты бастауға дайынмын. Достар, уайымдамаңыздар бәрі дұрыс, бәрі жақсы", - деді ол. 

Видео барысында ол медициналық анализдерін көрсетті. 

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Жұлдыз Абдукаримова "Әлем ханымы-2020" атанып, конкурстың тәжін киген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети