ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 октября 2019 | 14:55

Алматы түбінде қазақтың төл бизнесімен айналысып отырған кәсіпкер тұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ол 1992 жылы Моңғолиядан атамекенге қоныс аударған. Бүгінде Алматы облысы Жамбыл ауданы бұрынғы Айдарлы кеңшарының аумағында орналасқан "Машан" шаруа қожалығының басшысы. Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып жүрген Қалан Қадиранұлымен тілдесіп қайтты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ол 1992 жылы Моңғолиядан атамекенге қоныс аударған. Бүгінде Алматы облысы Жамбыл ауданы бұрынғы Айдарлы кеңшарының аумағында орналасқан "Машан" шаруа қожалығының басшысы. Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып жүрген Қалан Қадиранұлымен тілдесіп қайтты. 

Қалан Қадиранұлы - Ұзынағаш ауылдық округінің құрметті азаматы. Мамандығы - мал дәрігері. Ауыл шаруашылығымен айналысқанына 30 жылға жуық уақыт болған. Қазіргі таңда мал бағып, шаруашылығын дөңгелетіп отырған азамат. 

"Негізі ата-бабам Сыр бойы, Қызылорда өңірінен екен. Бірақ тағдырдың жазуымен шетелден бірақ шығып отырмыз ғой. Кейіннен 1992 жылы елге оралман болып көшіп келдік. Содан бері елге еңбек етіп келеміз. Барлығының жем-шөбін беріп, бағып отырмыз", - дейді Қалан Қадиранұлы.

Қалан Қадиранұлы ауыл шаруашылығымен Қазақстанда айналысу тиімді екенін атап өтті. 

"Біз Отанға оралған кезде еліміз егемендік алып жатқан, аумалы-төкпелі заман болып жатты. Әркім өз мамандығына қарай ығысады ғой. Мал маманы болғандықтан ауыл шаруашылығымен айналысып кеттім. Біз Айдарлы кеңшарына келіп қоныстандық. Зерттеп қарасақ бұл жер өте кең екен. Мал шаруашылығымен айналысуға еш кедергі болмайтынына көзіміз жетіп, түсіндік", - дейді шаруа қожалығының иесі. 

Алғашында Қалан Қадиранұлы қой бағудан бастаған. 

"Кәсіпті қолға алған кезде қой бағудан бастадық. Қойдың санын көбейте бастадық. Одан кейін сиырды қолға алдық. Кейіннен біртіндеп жылқы өсіре бастадық", - дейді Қалан Қадиранұлы.


Қалан Қадиранұлы

Мал тұқымын асылдандыру арқылы ерекше қой түрін өсіріп шығарған

Қалан Қадиранұлының "Машан" шаруа қожалығы ет-май өнімділігі еділбай қойларынан кем емес ақ жүнді құйрықты қойларды өсіріп отыр. Шаруа қожалығы мал тұқымын асылдандыру арқылы мал өнім беретін жаңа тұқымдарды өмірге әкелуге, ауыл шаруашылығына жаңа нарықтық қатынастарды енгізуге үлкен үлес қосқан. 

"Моңғолиядан қайтып оралғанда моңғол қойының гобль-алтай тармағы қошқарының қатырылған ұрығының 20 шақты дозасын ала келдім. Бұл ұрықпен Еділбай қойының 20 саулығы ұрықтандырылды. Алынған төлдің бесеуі-ақ жүнді, орта мөлшердегі құйрығы бар тоқты қошқарлар болды. Олар келешекте ақ жүнді құйрықты қой отарын құруға қолданылды. Арасында туыстас жұптастыру да болды", - дейді шаруа қожалығының иесі.

Қалан Қадиранұлының сөзінше, говь-алтай қойларының саулықтарының салмағы 60-80 келі аралығында болады. Бастары қара, қара ала не бірөңкей ақ түсті болады екен. Қалан Қадиранұлы будандастырған бұл қойлардың ерекшелігі - ұрпақтарына жүн түсін 100 пайыз бере алады. Кейбір малдарда ғана басы мен аяқтарындағы жүн басқа түсті болып кездеседі екен. 

"Елге оралғаннан кейін бірден ауыл шаруашылығы институтымен жұмыс істей бастадым. Шетелден алып келген мал түрімен будандастыру жасап, жақсы тұқым алғаннан кейін қарап отыра алмадым. Сөйтіп ауыл шаруашылығы институтына жолықтым. Институт мамандары мен будандастырған малды 15 жылдай зерттеп, ерекше тұқым екеніне көздері жетіп, патенттеп алуға рұқсат берді. Артынша авторлық куәлікті де алдым. Мен будандастырған мал тұқымының атын "Аққарабас" деп қойдық. Яғни Орал еділбай қойын аққарабаспен будандастырдым", - дейді ол.


Қалан Қадиранұлы асылдандырған қой тұқымдары

Мал шаруашылығы - Қалан Қадиранұлының әкесінен қалған мұра. Елге біраз қаражатымен өтіп, сол қоры Қазақстанда ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға қолданған екен. Бес баланы тәрбиелеп отырған Қалан Қадиранұлының ізін бір ұлы жалғаған екен. 

"Шетелде жүрген кезде де аз-маз қорым болды. Сол қорды елге оралғанда мал шаруашылығына салдым. Ол кезде шетелден әрине қаржылай алып келдім ғой. Екі қызым, үш ұлым бар. Барлығы үйлі-баранды", - дейді шаруа қожалығының басшысы.

"Малдың басын көбейтіп ұстай алмаймын"

"Өзім будандастырған қойды өсіріп, бағып жүрміз. Қазір Алматы облысының түкпір-түкпірінде осы қой тұқымы бар. Бірақ қазір заманына қарай малдың басын көбейтіп ұстай алмаймын. Оған бір шетінен ыңғайы келмей тұр. Қазіргі таңда осы санмен тоқтап тұрмын", - дейді шаруа қожалығының басшысы.

Қалан Қадиранұлы ауыл шаруашылығын дөңгелетіп отырудағы ең басты мәселе - миыңды жұмыс істету керек екенін атап өтті. 

"Жалпы мал басын түгел алып отыруыма біраз жылғы тәжірибем көмектеседі деп айта аламын. Екінің бірі ондай мал ұстай алмайды. Ауыл шаруашылығында ең бастысы - миды жұмыс істету керек. Кез келген уақытқа алдын ала қамдану қажет. Уақытында мезгіл бойынша малдарды тойындырып отыру қажет. Әр жыл мезгілін тиімді пайдаланып қалу қажет. Дайындық жақсы болғаннан кейін де шығын болмайды. Сол себепті мен әлі күнге дейін бір мал суықтың не басқа да залалдың салдарынан қырылып көрмепті", - дейді Қалан Қадиранұлы. 

Қазіргі таңда Қалан Қадиранұлы өзінің ірі шаруа қожалығында бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр екен. 

"Әрине үлкен қожалықты бір өзің алып жүру мүмкін емес. Маған көмектесетін қол астымда 20 шақты адам бар. Барлығына жағдай жасалған. Жалақыларын уақытылы беріп тұрамыз. Жалақысы 80 мың теңгеден басталады. Қазір мен тек басқарып, бағыт-бағдар беріп отырамын. Себебі ауыл шаруашылығының әлегімен қоса жұмысы да көп. Мемлекетке де уақытылы салығын төлеп, кіріс кіргізіп отырмыз", - дейді шаруа қожалығының басшысы.

Қалан Қадиранұлы ауыл шаруашылығын енді қолға алайын деп отырған жастарға кеңесін берді. 

"Осы заманда туып өсіп, өмір сүріп, өсіп-өніп жатқаныма өте қуаныштымын. Қазіргі заманды керемет қуанышпен қабылдаймын. Еңбек етемін деген адамға қолайлы уақыт деп санаймын. Ауыл шаруашылығы - білетін адамға еш қиындығы жоқ сала деп есептеймін. Ең бастысы - мал бағудан хабары болуы қажет. Кейбір адамдар мал шаруашылығынан бейхабар бола тұра, бірнеше мал, жер алып құрдымға кетіп жатады.  Мал бағуға да білім керек. Одан кейін тынбай еңбек ету керек. Шыдап, еңбек еткен кезде ғана маңдай терінің жемісін жейді", - дейді Қалан Қадиранұлы.
Материал Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымен дайындалды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer