ПОДЕЛИТЬСЯ
05 февраля 2020 | 11:55
"Ана капиталы да, декрет премиясы да жоқ" - қазақстандық келіншек АҚШ-та босану туралы
Шұға Арыстанбекова - Қарағанды облысының тумасы. Ол Қарағанды экономикалық университетін аяқтағаннан кейін екі жылдай Степногорск қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында қызмет еткен. Бүгінде Шұға - екі баланың анасы. Екі ұлын да АҚШ-та босанған Шұға Tengrinews.kz тілшісіне елдегі перзентханалардың жағдайы, жас аналарға көрсетілетін көмек туралы айтып берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шұға Арыстанбекова - Қарағанды облысының тумасы. Ол Қарағанды экономикалық университетін аяқтағаннан кейін екі жылдай Степногорск қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында қызмет еткен. Бүгінде Шұға - екі баланың анасы. Екі ұлын да АҚШ-та босанған Шұға Tengrinews.kz тілшісіне елдегі перзентханалардың жағдайы, жас аналарға көрсетілетін көмек туралы айтып берді.
Шұғаның жары Данияр бұған дейін де АҚШ-та тұрған. Ол 2016 жылы Қазақстанға келіп, болашақ жары Шұғаны жолықтырған соң шаңырақ құрып, АҚШ-тың Чикаго қаласына алып кеткен.
© instagram.com/brownsugar_shuga
Декрет демалысы тек 3 ай
Кейіпкеріміз ресми түрде ешқайда жұмыс істемейді екен. Америкаға қоныс аударғалы үйде бала тәрбиесімен және үй шаруасымен айналысады. Оның айтуынша, мұндағы декреттік демалыс жүйесі Қазақстандағыдай емес.
"АҚШ-та декреттік демалыс тек үш ай. Сондықтан мұндағы әйелдер жұмысынан айырылып қалмауы үшін баласын балабақшаға беріп немесе күтуші жалдауға мәжбүр. Одан бөлек, ана капиталы мен декрет премиясы да жоқ.
Жақында Чикагодағы үй балабақшасында үш айлық сәби қаза тапты. Әрине, балаға да, жұмыссыз қалмауы үшін баласын ерте жастан балабақшаға берген анаға да жаның ашиды", - дейді Шұға.
Кейіпкеріміздің айтуынша, декрет демалысын мұндағы әр компания әрқалай төлейді.
"Ол көбіне компанияға байланысты. Кейбірі декрет кезінде айлықтың 100 пайызын, кейбірі тек 50 пайызын аударып отырады. Өз басым ресми түрде жұмыс істемегендіктен ештеңе алмаймын. Маған декрет кезінде берілетін жәрдемақы мемлекет тарапынан да төленбейді. Ол үшін ресми жұмыс орның немесе жұмыс өтілің болуы керек. Жалпы Чикагода декрет демалысы компания тарапынан ғана төленеді", - дейді Шұға.
Елдегі перзентханалардың сапасы
Екі ұлын да құрама штатта босанған Шұға мұндағы перзентханалардың сапасы жоғары деңгейде екенін айтады.
"Америкадағы перзентханалардың қызмет көрсету сапасы жақсы. Жақында екінші ұлымды Чикагодағы перзентханада босандым. Дәрігерлер өз ісінің маманы, медбикелер де үнемі келіп, жағдайыңды сұрап тұрады. Әр келіншек жеке палатада жатады. Палаталарда жуыну бөлмесі, теледидар және медбикенің көмегі қажет болған жағдайда шақыруға арналған тетік бар", - дейді кейіпкеріміз.
Айтуынша, АҚШ перзентханаларында азық-түлік қамтылған ас бөлмелері де бар.
"Перзентханадағы асхана күніне 24 сағат ашық. Ол жерде шырын, сүт, кофе және сэндвичтер бар. Күніне үш рет ыстық тамақ беріледі. Оны палата бөлмелеріне әкеледі. Жас ананың туыстарына да есік ашық: кез келген уақытта келіп жағдай білуіне болады. Тіпті жолдастарына палатада қонуға рұқсат етілген.
Әр келіншекке гигиена жабдықтары, сонымен қатар, нәрестенің жаялығынан бастап қызу өлшегішіне дейін береді. Жалпы АҚШ перзентханаларының артықшылығы көп", - дейді Шұға.
Алайда америкалық ауруханалардың бір кемшіл тұсы бар екен.
"Мұндағы перзентханаға өзің жетуің керек. Жедел жәрдемді үйге шақырсаң көп ақша кетуі мүмкін. Жалпы перзентханада жату тегін емес екенін де ескерген жөн", - дейді кейіпкеріміз.
АҚШ-тағы перзентханада босану арзанға түспейді
Шұға Арыстанбекованың Америкадағы перзентханада босану тегін емес деп айтуы бекер емес. Оның сөзінше, мұндағы перзентханада жату біраз қаржыны талап етеді.
"Шыны керек, Чикагодағы перзентханада босану арзанға түспейді. Сондықтан айына 200 доллар мен 500 доллар аралығында тұратын сақтандыруды сатып алу керек. Айына неғұрлым көп доллар төлесең, соғұрлым босану құны аз болады.
Жалпы мұндағы перзентханада босану құны 5000 доллардан басталады. Ал жағдайы төмен отбасыларға және жалғызбасты аналарға барлық шығынды жабатын мемлекеттік сақтандыру қарастырылған", - дейді Шұға.
Кейіпкеріміздің айтуынша, Америкада жас аналарға тегін психологиялық көмек, балаларға арналған қоспа мен тамаққа арналған әлеуметтік көмек қарастырылған.
"АҚШ-та барлығы салық төлейді. Жас отбасыларға көмек ретінде жылдық табыс пен жанұядағы балалардың санын ескере отырып салықтың бір бөлігін қайтарып немесе оны азайтуы мүмкін. Ал мұндағы бойдақтар салықты көбірек төлейді", - дейді Шұға.
Шұға Арыстанбекова жары Даниярмен © instagram.com/brownsugar_shuga
Жас ананың айтуынша, Америкада баланың керек-жарағына да біраз қаржы кетеді.
"Балаға қажет құрал-жабдыққа кететін қаржыны есептеу қиындау. Себебі әрдайым әртүрлі жабдық алу керек болады. Шамамен бағаларын айта аламын. Мәселен, мұндағы балабақшалардың құны айына 800 доллардан басталады. Бір қорап жаялық - 40 доллар болса, балаларға арналған қоспаның бір банкасы - 30 доллар. Одан бөлек тамақтануы, дамуға арналған ойыншық, арнайы курстар, қарапайым ойыншықтар мен киімі де бар", - дейді кейіпкеріміз.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также