ПОДЕЛИТЬСЯ
21 июня 2019 | 17:48
Ауылдан қалаға көшкенде өзіңді жоғалтып алмау үшін не істеу керек
Бүгінде Қазақстанда урбанизация белсенді жүріп жатыр. Олардың көшіп келу себептері де әртүрлі. Өмірдегі кез келген өзгеріс, психологтардың айтуынша, жұмыс немесе мекенжай ауыстыру болсын, тіпті ата-анадан бөлек тұру сияқты өзгерістер адамға психологиялық тұрғыдан әсер етіп, тіпті күйзеліске душар етеді. Психолог Лаура Бигелдинова қалаға көшіп келіп, мекенжайын ауыстыратындарға міндетті түрде психологиялық дайындық керек екенін айтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгінде Қазақстанда урбанизация белсенді жүріп жатыр. Олардың көшіп келу себептері де әртүрлі. Өмірдегі кез келген өзгеріс, психологтардың айтуынша, жұмыс немесе мекенжай ауыстыру болсын, тіпті ата-анадан бөлек тұру сияқты өзгерістер адамға психологиялық тұрғыдан әсер етіп, тіпті күйзеліске душар етеді. Психолог Лаура Бигелдинова қалаға көшіп келіп, мекенжайын ауыстыратындарға міндетті түрде психологиялық дайындық керек екенін айтады.
Маман Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл жағдайда неліктен психологиялық көмектің қажет екенін және күйзеліске ұшырауға қандай факторлардың әсер ететінін айтып берді. Психологтың айтуынша, жаңа жерге, жаңа қалаға көшіп келген адамның бойында үрей болады. Сондай-ақ, ол адамдар өздерін жалғыз және ешкімге қажетсіз сезінеді дейді.
Мотивация керек
"Бұл кезде ол адамға бірінші кезекте қолдау көрсету қажет. Яғни ол адамның жаңа орынға бейімделуіне, жаңа достар табуына, ең маңыздысы жұмыс табуына көмектесу керек. Басқа елді мекенге, қалаға көшу алдында өз-өзіне мотивация болу өте маңызды. Қандай да бір шешім жасау алдында адам алдына мақсат қоя білгені жөн. Мақсат болмаса, бойдағы үрейді жеңу қиынға соғады. Оған көп уақыт қажет болады. Сондықтан бар ойды жинақтап, ол жаққа не үшін бара жатқаңынды жете түсіну керек", - дейді Лаура Бигелдинова.
Өкінбеу қажет
Маман көп жағдайда күйзелісті жеңуге екіұшты ойлардың кедергі келтіретінін айтады.
"Бұл кезеңде екіұшты ойлар, сенімсіздік артады. Бұрын тұрған, бұрын көз алдында жүрген жерге үйреніп қалғаны соншалық - жаңа жерде ештеңеге бейімделе алмайтындай сезімдерге бой алдырады. Мұнда ең бастысы шешім қабылданып қойғанын түсініп, еш өкінбеу. Осыдан кейін ғана жаңа мүмкіндіктер пайда болып, жаңа өмірге тез арада бейімделуге болады. Ол үшін бұрынғы әдеттерден арылып, өткен күн мен бүгінгіні салыстырмауға және жаңа жердегі кез келген жұмысқа дайын болуға кеңес беремін", - дейді ол.
Осы ретте психолог өз тәжірибесіне сүйене отырып, жұмыс орнын немесе тұрғылықты мекенжайын ауыстырған таныстарының көптеген жетістікке жеткенін айтады. Мысалы, біреуінің қызметі өссе, екіншісі бұрын 2 бөлмелі пәтерде тұрса, енді 4 бөлмелі пәтерге көшкен, тағы біреулеріні бизнесі пайда болып, табысы артқан екен.
Күйзелістен қашып құтылу мүмкін емес
"Мекенжай ауыстыру бұл өмірді өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, үрейлерді жеңуге мүмкіндік беру деген сөз. Сондықтан ешқашан өкінбеуге кеңес беремін. Қандай өзгеріс болсын, стресс болады. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Ол шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, алға мақсат қойып қана барлық үрейді жеңіп, бұрынғыдан да жақсы өмір сүруге болады", - деп кеңес береді психолог.
Оның айтуынша, кез келген өзгерістің жақсы тұстарын ғана көріп, дұрыс шешім қабылдай білу қажет.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также