ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 мая 2019 | 17:54

"Басты жауымыз - дауыл". Қала альпинисінің әңгімесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2010 жылдан бері өнеркәсіп альпинисі болып жұмыс істеймін. Бұл жұмысты қызығушылық танытқаннан кейін ғана істеп жатырмын. Себебі бала кезімнен тауға шығуды жақсы көретінмін. Негізі аспаз мамандығын бітіргенмін. Сөйтіп 5 жыл аспаз болып жұмыс істедім.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2010 жылдан бері өнеркәсіп альпинисі болып жұмыс істеймін. Бұл жұмысты қызығушылық танытқаннан кейін ғана істеп жатырмын. Себебі бала кезімнен тауға шығуды жақсы көретінмін. Негізі аспаз мамандығын бітіргенмін. Сөйтіп 5 жыл аспаз болып жұмыс істедім.

Әріптестерің туралы қайғылы оқиға естігенде денең дір ете қалады

Алматыға 2007 жылы көшіп келдім. Бір ай мейрамханада бас аспаз болдым, кейін ол жұмыстан шығып кеттім. Кейін аула тазалаушы болып та жұмыс істедім. Сол уақтты Алматыда орналасқан бизнес орталықтарда терезе тазалап жатқан альпинистерді көретінмін. Сөйтіп олардың бірімен танысып, жұмысқа орналастым. Бастапқыда жұмыс орталығында дайындық жұмыстарын жүргіздік. Әбден дайындықтан өтіп болғаннан кейін, ең бірінші рет бизнес орталықтардың терезесін жууға кірісіп кеттім. Біздің басты міндет - түрлі ғимараттардың терезесін айнадай тазалап қою.

Сондай-ақ оларды ауыстырамыз және жөндеу жұмыстарын да жасаймыз. Бастапқыда тәжірибелі әріптестерім жұмысымды түсіндіріп отырды. Өмірімде бірінші рет терезені тазалауға кіріскенімде оқыс оқиғаға тап болдым. Шашым арқанға қыстырылып қалған еді. Сүйтіп одан босану үшін шашымның бір бөлігін жұлып тастауға тура келді. Бұл оқиға менің есімнен әлі күнге дейін кетпейді.

Бірде Алматының Абай даңғылында орналасқан зәулім ғимаратының терезесін тазалап жатқан кезде аяқ астынан қатты жел соқты. Әріптесіммен бірге түсуге де, көтеруліге де шамамыз жетпеді, оған қоса ғимарат дөңгелек пішіндес еді. Әуеде 15 минут ілініп тұрдық. Ол кезде өте қорқынышты болды. Негізі 9 жыл тәжірибеме қарамастан менде қорқыныш болып тұрады. Себебі өте биікте орналасқаннан кейін сана-сезіміңе әртүрлі ойлар келеді.

Арасында құлап кетсем не болады деген ойлар да мазалайды. Бірақ ол көп тұрақтамайды, өз жұмысыңды тиянақты, дұрыс жасауға ынталанғаннан кейін қорқынышың да сейіле бастайды. Бізді өлімнен сақтап тұратын екі ғана арқан. Оның біреуі бізге жоғарыға және төменге түсуге мүмкіндік береді. Екіншісі сақтандыру үшін белімізге байланған. Қауіпсіздік шараларын сақтағанға қарамастан да өнеркәсіп альпинистері түрлі сұмдық жағдайларға тап болады. Әріптестерің туралы қайғылы оқиға естігенде денең дір ете қалады.

Біздің бірінші жауымыз - дауыл

Алматыда бірнеше жыл бұрын әл-Фараби даңғылындағы зәулім ғимаратты тазалау барысында үш жігіт қаза тапты. Ол кезде қатты дауыл болған еді. Біздің ең бірінші жауымыз - жел мен дауыл. Кейін олардың қанын жуу үшін маған және әріптестеріме бірнеше мың долларға ұсыныс түскен. Мен одан бас тарттым. Отбасымдағы әйелім мен анам маған осы жұмысыңды қой деп айтады. Басқа жұмысқа орналас дейді. Олардың айтқан сөзін естіп, кейде ойланып та қаламын.

Біршама уақыт өнеркәсіп альпинисі болуды тоқтатқанмын. Саудамен де айналысып көрдім. Бірақ отбасымды асырау үшін, альпинистік жұмысыма қайтадан оралдым. Себебі лайықты жалақы алатын басқа жұмыс таппадым. Өзім жалдамалы пәтерде тұрамын, сондай-ақ жер алып үй салғым келеді. Оған қаражат жинау үшін қауіпті болса да осындай жұмыс істеп жүрмін. 

Жұмысқа таңғы 3-те шығамыз

Негізі бұл жұмыстың жұмыс тәртібі де басқа. Біз таңнан түске дейін жұмыс істейміз, қаласақ түстен кейін демаламыз. Жалпы ғимартты белгілі бір уақытта тазалап беруіміз керек. Сол үшін бізді тым асықтырмайды. Кейде жұмысқа таңғы 3-те шығамыз, көбіне таңғы 6-да бастаймыз, ал түсте демаламыз. Кейде кешке дейін жұмыс істейтін кездеріміз болады.

Таң ата жұмыс істеуміздің себебі ол күнге күйіп қалмауымыз үшін. Көбінесе жаз кезінде жұмысқа шақыртулар көп болады. Сондықтан түске дейін істеп тастауға тырысамыз. Жаз мезгілі бір ғимараттан екінші ғимараттың терезелерін тазалаумен өтеді. Сондай-ақ еліміздің басқа қалаларына да барып жұмыс істейміз. 

Әркім өнеркәсіп альпинисі бола алмайды

Бұл жұмысқа жарамсыз адамдар да бар. Әркім өнеркәсіп альпинисі бола алмайды. Кейбірі қызығушылық танытып, биікке шығып алып, кейін бастараы айналып дірілдеп кетеді. Оларды қасындағы әріптестері жерге түсіруге көмектеседі. Бұл жұмысқа орналасу үшін өз қорқынышыңды жеңу керек.

Жұмыстың ең қиын жағы қорқынышыңды жеңу. Осыны көрген адамдар бізге таңғалысын білдіреді. "Қорықпайсың ба?" "Құлап кетсең не істейсің?" деген сияқты сұрақтарды да естіп жатамыз. Бұған бойымыз үйреніп қалды. 

Маңдай тердің ақысын ала алмай жүреміз

Ал кейбір адамдар біздің істеген жұмысымыздың ақысын бермейді. Ғимараттарын артық әңгіме айтпау үшін айнадай тазалап шығамыз. Бірақ олар басқа да сылтаулар табады, кейде келісілген соманы бермей қоятындары да кездеседі. Мұндай жағдайлар менің тәжірибемде көп кездесті. Келісілген ақшаның тек жартысын беріп құтылатындары да бар. Олардың қыр соңынан жүрсек те жалақымызды ала алмаймыз. Полицияға өтініш те жазамыз, бірақ оны ешкім қарастырмайды... 

Кейде ғимарат иелері жерге тамған кір суды да тазалаңдар дейді. Бізсіз-ақ кеуіп кететін суды амал жоқ тазалаймыз. Біздің еңбегімізді бағаламайтын сорақы адамдар көп. Тазалауға келмейтін жерді де тазаламадыңдар деп, табысымызды қысқартады. 

Тиянақты әрі адал жұмыс істегіміз келеді

Бізге тапсырыс түскен кезде, ең алдымен қауіпсіздік шараларын ескереміз. Яғни арқанымызды байлайтын жер табамыз, ол жоқ болса талға немесе ғимарат жанында тұрған ауыр заттарға арқанды байлаймыз. Яғни жолдарын табамыз. Бастысы тиянақты әрі адал жұмыс істегіміз келеді. 

Қазір менің жасым - 29-да. 20 жастан бері өнеркәсіп альпинисімін. Отбасы құрғанмын, екі балам бар. Жалақы отбасымды асырауға жететін жұмыс тапсам ғана альпинист болуды қоямын. Ал оған дейін бұл жұмысымды, амал жоқ, жалғастыра беремін. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer