ПОДЕЛИТЬСЯ
02 октября 2019 | 13:54
Жаңа тенденция. Мемлекет басшылары түскен селфилер
Әлеуметтік желілерде ел басшыларының белсенділігі артып келеді. Шенеуніктер мен мемлекет басшылары әр жерде селфи жасайтын болған. Желіге әртүрлі форматтағы суреттерін бөлісетін шенділер халыққа біртабан жақын іспетті көрінеді. Оның бір мысалы - күні кеше Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның Facebook желісіндегі парақшасында мемлекет басшыларымен түскен суретін бөлісуі. Сурет бірден қызу талқыға түсті. Бүгінде селфиге 16 мыңнан аса адам лайк басып, 800-ге жуық пікір қалдырған. Tengrinews.kz тілшісі осыған дейін мемлекет басышалары түскен селфилерге шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде ел басшыларының белсенділігі артып келеді. Шенеуніктер мен мемлекет басшылары әр жерде селфи жасайтын болған. Желіге әртүрлі форматтағы суреттерін бөлісетін шенділер халыққа біртабан жақын іспетті көрінеді. Оның бір мысалы - күні кеше Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның Facebook желісіндегі парақшасында мемлекет басшыларымен түскен суретін бөлісуі. Сурет бірден қызу талқыға түсті. Бүгінде селфиге 16 мыңнан аса адам лайк басып, 800-ге жуық пікір қалдырған. Tengrinews.kz тілшісі осыған дейін мемлекет басышалары түскен селфилерге шолу жасады.
Илья ИльинЕлімізде мемлекет басшыларымен селфи жасау 2014 жылдан бастап сәнге айналды деп айтуға болады. Себебі 2014 жылы 15 желтоқсанда қазақстандық зілтемірші Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен суретін бөліскен.
Зілтеміршінің оқырмандары селфиді бірден жылы қабылдап, түрлі пікір жазған.
"Президент кез келген адаммен суретке түсе бермейді ғой. Жарайсың!", "Керемет! Илья, сен - біздің мақтанышымызсың" дейді спортшының оқырмандары.
"Жыл селфиі! Құрметті Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен!", - деп жазба қалдырған Ильин.
Ибрагим ЕскендірКөпшілікке "Көк тудың желбірегені" атты әнімен танылған әнші, сазгер Ибрагим Ескендір 2019 жылы 24 сәуірде Елбасымен және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін бөліскен. Селфи 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде жасалған.
Әнші парақшасында "Қос Президентпен", - деп жазба қалдырған.
Партияның кезектен тыс съезіне қазақстандық эстрада жұлдыздары Мөлдір Әуелбекова, Алтынай Жорабаева және Қайрат Нұртас қатысқан. Съезд кезінде жасалған селфимен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.
Ал бұл Мемлекет басшысының 26 сәуірде "Қазцинк" ЖШС-де болған сапарында қызметкерлермен жасалған селфи. Кездесу барысында Президент "Қазцинк" ЖШС - Қазақстандағы түсті металлургияны экспорттаудағы көшбасшы екенін атап өткен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зауыт қызметкерлерімен © akorda.kz
Елбасы бастамасымен 2019 жыл - Жастар жылы деп жарияланған болатын. Осыған орай Қостанайда 20 мамырда Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған белсенді мен ерікті, сондай-ақ, Ресей мемлекетінен де қонақтар келген. Форумға Президент те қатысқан. Қостанай жастарының Мемлекет басшысымен жасалған селфиін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында бөліскен.
Селфи Президенттің 13 мамырдағы Батыс Қазақстан облысына жасалған сапарында жасалған. Кездесу Орал қаласының 5-ші шағын ауданындағы оқушылар сарайында өткен. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оралға Президент ретіндегі алғаш сапары болатын.
Президенттің БҚО жастарымен кездесуі © akorda.kz
Ал бұл селфидің авторы - Сингапур премьер-министрі Ли Сянлун. Селфи 1 қазанда Ереванда өткен Еуразия экономикалық кеңесінің алдында бейресми түрде жасалған.
Бұл суретті Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған.
"Жолдағы селфи. Осы уақыт аралығында маңызды шешімдер қабылдап үлгердік", - дейді Армения премьер-министрі жазбасында.
© facebook.com/nikol.pashinyan
Сонымен қатар, Пашинян Facebook желісіндегі парақшасында мемлекет басшыларымен болған бейресми кездесу барысында да селфи жасаған.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазанда Арменияға барып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысқан. Мемлекет басшысы бірқатар елдің лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша қандай құжаттар қабылданды?
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также