Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 января 2021 12:27

"Жүрегім ләззат алды". Блогер аязда қар тазалаушыларға сусын мен бәліш таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қақаған аязда қар тазалап жүргендерге сусын мен бәліш таратқан блогер Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қақаған аязда қар тазалап жүргендерге сусын мен бәліш таратқан блогер Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, кеше Алматыда таңғы уақыттағы көрсеткіш бойынша 10 сантиметр қар түсіп, көше бойында ұзын-сонар кептеліс болған еді. Тазалау қызметкерлері көшеге шығып, қаланы қардан тазалау жұмыстарына кірісіп кеткен болатын. 

Танымал фото және видеоблогер Әділет Рахметолла қар жауған көріністі пайдаланып, түрлі видео түсірмек болған.  

"Кадр түсіруге кетіп бара жаттым. Сол кезде көше тазалайтын кісілер жүр екен. Тоқтап, хал-жағдайын сұрап едім, "Балам, шөлдеп кеттім, су бар ма?" деп сұрады. Мен қолымда су жоқ болғанына ұялып, дүкенге бардым. Су, бәліштер алып, таратып бердім. Олар да риза болып, тілегін жаудырды. Жүрегім ләззат алды десем болады", - дейді блогер.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ADILET RAKHMETOLLA (@adilet_rakhmetolla)

Желі қолданушылары блогердің бұл әрекетіне риза болды. 

"Мейірімге толы видеоны көріп жүрегіміз елжіреп кетті", "Жарайсың, бауырым, сенің жасаған жақсылығың ертеңгі күні өзіңе еселеп келеді", "Ең таза еңбек! Құрмет көрсеткеніңізге рақмет", "Керемет. Алла разы болсын сізге. Жақсылық жасау керек. Дұрыс айтасыз... Негативпен өмір сүрмей, жүрегімізді мейіріммен бөлеп өмір сүрейікші", - дейді Желі қолданушылары.  

Айта кетейік, Әділет Рахметолла - танымал фото және видеоблогер. Бүгінде оның Instagram желісіндегі парақшасында 265 мыңнан аса оқырманы бар. Фотоаппарат пен камераға деген қызығушылығы бала күнінен оянған ол еліміздің тұмса табиғатын түсіріп, халықпен бөліскенді ұнатады. Халық арасында блогерді "дронның атасы" деп те атап кеткен.

"Пандемияда табиғатымыз керемет екенін түсіндік". Дронның атасы атанған Әділет Рахметолламен сұхбат

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети