Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 сентября 2021 11:38

"Көлік пе, айфон ба?" - Қазнетте iPhone 13 туралы мемдер тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 қыркүйекте Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылған болатын. Tengrinews.kz тілшісі iPhone 13 туралы Желіде тарап жатқан жаңа мемдер мен әзілдерге шолу жасады.


14 қыркүйекте Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылған болатын. Tengrinews.kz тілшісі iPhone 13 туралы Желіде тарап жатқан жаңа мемдер мен әзілдерге шолу жасады.

IPhone 13 бағасы 799 доллардан басталады, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағасы. Желі қолданушылары iPhone-ның жаңа түрін алғанша, автокөлік алған дұрыс екенін жазған. 

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан.

Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады. Алайда Желіде көптеген адам жаңа өнімнің iPhone 12-ден аса айырмашылығы жоғын жазған. 

Компания өкілі Кайен Дрэнстің сөзінше, жаңа өнім өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді. 

@you_up_business

Как придумали iphone 13? #apple #iphone #iphone13 #дизайн

♬ оригинальный звук - You up business

Сондай-ақ, Дрэнстің айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARNAT UTEPBERGENOV? ?? ОЙБОЙ (@arnold_gazizovich)

IPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max - бұл кәсіби топтама. Олар төрт түсте шығарылады: қара, ақ, алтын түсте және көк.

IPhone 13 Pro-ның сыйымдылығы - 1 ТБ. 

Компания өкілдерінің сөзінше, iPhone 13-тің қуаты алдыңғыларына қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзақ жұмыс істейді.

Айта кетейік, смартфонның жаңа түріндегі жады ең аз дегенде 128 ГБ.    

Америкалық нарықта алдын ала тапсырыс беру 17 қыркүйекте басталып, 24 қыркүйекте сатылымға шығады. Қазақстанда сатылым қашан басталатыны белгісіз. Әзірге тек алдын ала тапсырыс беруге болады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети