ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 октября 2019 | 11:59

"Мұнда шайқор қазақтар қиналады". Жергілікті тілді білмейтін қазақ студенті Франциядағы өмірін айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда университет тәмамдап, кейін білімін тереңдетіп, тәжірибе алмасу үшін өзге елге баратын студенттер көп. Солардың бірі Францияның Нанси қаласына магистратураға түскен Абунасыр Сырманов Tengrinews.kz тілшісіне ондағы өмірі мен университеті, жатақхана және тіл білмеудің қиындықтары, француз халқы жайлы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда университет тәмамдап, кейін білімін тереңдетіп, тәжірибе алмасу үшін өзге елге баратын студенттер көп. Солардың бірі Францияның Нанси қаласына магистратураға түскен Абунасыр Сырманов Tengrinews.kz тілшісіне ондағы өмірі мен университеті, жатақхана және тіл білмеудің қиындықтары, француз халқы жайлы айтып берді.

Алматылық студент жат жерде де бойына өзі сіңірген әдетін тастамаған. Ол күнде таңғы 5-де тұрып, 20-30 минут жүгіріп келіп, душқа түсіп, таңғы асын ішкеннен кейін сегіз жарымда университетіне қарай беттейді екен. Баратын жеріне 10 минут жаяу жүріп, содан соң 5-10 минут трамваймен жетеді. Айтпақшы, жол ақысы - 1,10 еуро, бұл төл валютамызбен шамамен - 465 теңге. 

"Бірақ 10 еуроға бірден 10 сапар немесе 17 еуроға бір айға сатып алуға болады. Әрбір аялдамада арнайы қондырғылар тұрады, ол жерден билет аласың. Көшелері айтарлықтай кішкентай. Кейде мұнда қалай көлік сияды деп таңғаламын. Олар негізінен француз көліктерін сатып алады екен, барлығы шағын", - дейді ол.

Білім беру жолы 

 

Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде "Математикалық және компьютерлік пішімдеу" мамандығы бойынша білім алып, биыл магистратураға Лотарингия университетіне түскен Абунасыр Сырмановтың айтуынша, онымен бірге Францияға 18 студент келген. Оқуы Reservoir Engineering деп аталады екен, яғни мұнда мұнай ұңғымалары мен жер астындағы сұйықтықтардың ағысын моделдеуді, газ айдау үшін қажетті қысым және басқаларын үйретеді.

Онымен келген өзге де қазақстандықтар Geoscince, Механика мамандықтары бойынша білім алып жүр екен. Оқулары ағылшын тілінде, бірақ қатарында француз тілін таңдағандар да бар. 

"Біздің оқуымыз циклдық, 2 апта екі пәнді оқимыз да, емтихан тапсырамыз. Кейін бірақ басқа пәндерге ауысамыз. Кей күндері бір сабақты алты сағат қатарынан оқимыз. Сабақтар 9-17.00 аралығында, сағат 12-14.00-де түскі асқа үзіліс. ҚазҰУ-да оқыған мамандығыммен қазіргі оқуым байланысты. Үйренген математикам мұнда көмегін тигізіп жатыр. Алматыда C++ арқылы код жазатынбыз, ал Нансиде симуляторларды қолданамыз, оған деректерді жазғанда сурет шығарады", - дейді ол. 

Қазақстандық жігіттің айтуынша, группасында 12 қазақ және әр түрлі ұлт өкілдері оқиды екен. Олардың қатарында Кот Д’Ивуар, Габон, Чад, Мозамбик, сондай-ақ, Ливия, Германиядан келген студенттер бар. Айтуынша, арасындағы ең ақкөңілдері - қара нәсілділер.  

"Өзіміздікілермен қазақша, орысша сөйлесесміз, ал группада ағылшынша тілдесеміз. Мұндағы қазақтар тату-тәтті тұрамыз. Кейде бірлесіп кешкі ас ішеміз, ойындар ойнаймыз", - дейді Абунасыр Сырманов. 

Тағылымдамаға 1000 еуродан бастап төлейді

"Оқу 17 қаңтарда аяқталады, кейін 4-6 ай тағылымдамадан өтеміз. Басты мақсат - шетелдік компаниядан тәжірибе алып, сол жерде жұмысқа қалу. Лотарингия университетінде біздің шәкіртақы - 800 еуро, ал тағылымдаманікі 1000 еуродан басталады", - дейді Абунасыр Сырманов.


Жатақхана

Кешіккендерді суқаны сүймейді 

Абунасыр Сырмановтың айтуынша, Лотарингия университетіндегі мұғалімдер өзі де, өзгенің де кешігіп келуіне жол бермейді. Олардың кешіккендерді жақтыртпайтыны көзінен көрінеді. Сонымен қатар, Қазақстанмен айырмашылығы, сабақ уақытында қыдырып жүрген студент мүлде көрінбейді екен. 

"Мұнда қолданатын техника құралдары біздікіндей. Десе де бұл университеттің студенттеріне мұқтаж компаниялар өзінің ең озық программаларын берген. Біз халықаралық компаниялар қолданатын бағдарламалармен жұмыс істейміз", - дейді қазақстандық студент. 

 Францияға оқуға қалай түсті

 

Абунасыр бұл университетке Қазақстан мен Францияның бірлескен GEO-Energie атты бағдарламасы арқылы түскенін айтты. 

"Бұл бағдарламаны Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітірген досымнан білдім. Алдымен тест тапсырдым, онда логика мен математикадан сұрақтар болды. Одан сәтті өткеннен кейін сұхбаттасуға бардым. Олар ағылшын тілінің деңгейін анықтау үшін түрі сұрақтар қойды. Әрине, оқуға түсерде GPA-дің де рөлі зор болды. Осылайша құжаттарымды дайындап, сабақ басталуына бір апта қалғанда, 10 қыркүйекте, Францияға жолдастарыммен ұшып бардым", - дейді ол. 

Біздегі ЖСН сияқты судай қажет не нәрсе?

"Нансиге келерде жатақханаға құжаттар жинап, банк картасын ашу керектігін ескертті, өйткені мұнда барлығы банк деректемелеріне бекітіледі, олар біздің ЖСН сияқты, бәрінде болуы тиіс. RIB және IBAN-ды шамамен 2 апта күттік, бірақ картаны әлі алмадық", - дейді студент. 

"Классика киген студент көрмедім"

 

Француздар сені танымаса да әрдайым "Қайырлы күн", "Қайырлы кеш", "Күндерің жақсы өтсін" дейді екен. 

"Осы қасиеттері қатты ұнады. Маған кезіккен француздар жылы шырай танытып, көмегін аямады, сұрағанымды көрсетіп берді. Олар сыртқы бейнесіне де аса мән бермейді, өздеріне ұнаған, ыңғайлы киімді киеді. Классика киген студентті әлі көрмедім", - дейді Абунасыр Сырманов.

Сорпаны сағындым

Қазақстандық студенттің айтуынша, әсіресе бір нәрсе сатып алып жатқанда француз тілін білмеген қиын, не сен оны, не ол сені түсінбей дал боласың.

"Университет асханасында абыржып қалғаным бар еді. Түскі ас 3.3 еуро тұрады, ал ол 10 поинтқа бағаланады. Яғни осы 10 поинтқа тамақ аласың. Мысалы, ыстық тамақ 5 поинт, салат және десерт 2-3 поинт, бағасы, әрине, таңдауыңа байланысты. Бірде екі тамақ алып кассаға барғанмын, ондағы адамды түсінбей қиналып қалғанмын. Сөйтсем олай алуға болмайды екен, оны кейін французша білетін досым түсіндірді. Нәтижесінде бір тамағымды салат пен десертке ауыстырғаным есімде", - дейді ол.

"Шай ішпесем басым ауырады" дейтін қазақтар Францияда шай таппай қиналып қалуы мүмкін. Себебі жергілікті халық тек су ішеді екен. Сонымен қатар, Абунасыр Сырманов сорпаны сағынып жүргенін айтады. Себебі асханасында сұйық тағам мүлде жоқ екен, тек құрғақ тамақ. Негізінен барлығы котлет пен фри және макаронның өзін жейді екен.

"Ал дүкенде йогурттың алуан түрін табасың. Көкөністер, әсіресе сәбіз тез бұзылады", - дейді студент.    

Қойнауында мүлде мұнайы жоқ ел

Байлығы пайдалы қазбалармен бағаланбайтын бұл елдің қойнауында мұнай жоқ, тіпті газ өндірілмейді. Мұнда барлығы электр энергиясымен жылынады. 

"Қыста жылу берілсе де суық дейді. Себебі бар күшімен қоспайды. Бірде 1 сантиметр қар түсіп, университеттегілердің барлығын үйіне жіберген дегенді естігенмін. Бірақ Францияның Total деген компаниясы бар, ол бүкіл әлем бойынша мұнай өндірумен айналысады. Сондықтан өндірістік тәжірибені Қазақстаннан өтемін деген жоспар бар, себебі барлығын өз көзіңмен көруге мүмкіндік бар", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer