ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мая 2018 | 18:59
Өзінен алты жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан КВН-ші қыздың махаббат хикаясы
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Махаббат жасқа қарай ма?" тақырыбы қозғалды. Ток-шоуға Жайдарман, КТА ойындарының қатысушылары Мереке мен Әрсен қонақ болды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Махаббат жасқа қарай ма?" тақырыбы қозғалды. Ток-шоуға Жайдарман, КТА ойындарының қатысушылары Мереке мен Әрсен қонақ болды.
Өнерде жүріп, жұп жарастырған екеуінің жас айырмасы 6 жыл екен. Мереке жан жары Әрсеннен алты жас үлкендігіне қатысты ой-пікірін айтып, махаббат хикаясын баяндады. Айтуынша, таныстықтары мафия ойынынан басталған. Жары Әрсеннің айтуынша, ұл жақтан ата-анасы еш қарсылық танытпаған, керісінше қыздың отбасы бастапқыда қарсы болған.
Жұп өз махаббатының басты құпиясы деп әзіл мен қалжыңының жарасуын атады.
Одан бөлек студия қонағы қазақ эстрадасының жас дуэті Дәулет пен Гүлхан қонақта болды. Ғаламтор желілерінде екеуі жұп деп жүргендерге олардың да жауабы болды.
30-ға таяп қалған Гүлхан әлі бойдақ отбасын құрмаған, баласы да жоқ екенін айта кетті. Дәулет өзінен бір жас үлкен қызбен көңіл жарастырған, алайда махаббаттары тойға дейін ұласпағанын айтты. Қазір екеуі де бойдақ.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также