Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 ноября 2018 12:58

Шапан, сәукеле, жамылғы. Ертеде қазақ қалыңдықтары қалай киінген

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Қай ұлттың болса да жылдар, ғасырлар өткен сайын киім үлгісінің заманына қарай өзгеріп отыратыны белгілі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ХІХ ғасырда қазақ қалыңдықтары киген киім үлгілерін ұсынады.


Қай ұлттың болса да жылдар, ғасырлар өткен сайын киім үлгісінің заманына қарай өзгеріп отыратыны белгілі. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі ХІХ ғасырда қазақ қалыңдықтары киген киім үлгілерін ұсынады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Этнографиялық сән театры және ұлттық киімдер этномұражайы бар. Бұл мұражайда ертедегі қазақтардың киген киім үлгілері сақталған. Жалпы, ұлттық киімдердің көне нұсқаларын ұсынатын мекемелер аз. Ал бұл идея университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы Ерқара Аймағамбетовке тиесілі екен.

Жоба авторының айтуынша, ХІХ ғасырдағы қазақ қалыңдығының киім үлгілері зерттеліп, сол зерттеулердің нәтижесі бойынша оларды мұражайдағы тігін цехінің қызметкерлері тіккен.

ХІХ ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімі әлем халықтары арасындағы ең әдемі киім үлгілерінің бірі болған. Ол кезде қалыңдық шапан мен сәукеле киген.

Қазақтар қалыңдықтың сәукелесіне жеңіл матадан, үлкен жамылғы таққан. Бұл жамылғы қалыңдықтың бүкіл дене сымбатын жауып тұрған. Суреттегі жамылғы өте ертедегі үлгісі, әдетте оның шеттері көмкеріліп, шашақ тағылған. Бірінші бала дүниеге келгенше ол шәлі ретінде қолданылған. 

Ертеде қызы бар қазақ отбасы сәукелеге арнап шашақ дайындаған. Ол үшін аттың қызыл-жирен түсті жалы қолданылған. Әйелдер оны өмір бойы сақтаған немесе мұра ретінде қызына немесе немересіне беретін болған. Суреттегі сәукеледегі тілімдер қатары мен шашақтардың санын сол қалпында сақтадық. Себебі ол қазақтар үшін аса маңызды болған. Сол үшін де ол көрінетін жерде ілініп тұрған, соған қарай адамдар бұл үйдегі қыздың атастырылмағанын білген.

Қалыңдық сәукелесінің бірқатар түрі болған. Олардың кейбірі қымбат тастармен көмкерілген. Алайда сәукелелердің басым бөлігінде және міндетті түрде "құлақ бау" мен "артқы бой" тағылған.

ХІХ ғасырда қазақ қалыңдықтары қос сәукеле киген. Оның жоғарғы және төменгі жағы болған. Сәукеленің астынан киілген бас киімге шәлі тағылған, ол шәліден оны тіккен көне шебердің не айтқысы келгенін, қиялын бірден түсінуге болған.

Ақ матада күннің ұясынан шығуы бейнеленген. Күннің шуағы жаңа өмірдің басталғанын, байлықты, тыныштық пен үйлесімділікті білдірген. Аспандағы көк күмбез "мәңгілік" деген ұғымды жеткізген. Аққу - сұлулықтың, тазалық пен адалдықтың нышаны. Жиектегі өрнектерден тілекті оқуға болады: "Көңілің сүттей ақ, судай таза болсын! Барған еліңе көңілің ашық, жолың ашық болсын, ошағыңның оты өшпесін". 

Қалыңдықтың бас киіміне баса назар аударылған, олар өте қызықты әрі сиқырлы сияқты. Қалыңдықтың ажарын әрлей түсу үшін шеберлер сәукелені ерекше әдемілеген. Тіпті кейде сыйлықтарға арналған қалта да тігілген.

Үйлену тойына арналған бұл шапанды қайта құрастырып шығу үшін Васильев деген этнографтың архивтік суреттері көмектесті. Ол адам өткен ғасырлардағы қазақтардың тұрмысы мен мәдениетін зерттеген. Шапанның етегіндегі белгілер өзгеріссіз тұрақтылық пен мәңгілік дегенді білдірген. Әр шеңбердің ішінде ою-өрнектің тілінде жел раушаны бейнеленген. Олардың барлығы түрлі түске боялған, ол дегеніміз мәңгілік әлемнің түрлі-түстілігін білдірген. Көне суретші киімнің жеңіне суды бейнелеген, ол тазалық пен адалдықтың белгісі. 


Суреттерді этномұражай өкілдері арнайы жолдады

Мұның барлығы қазақтардың әр заманда әйелдерге құрметпен қарағандығын білдіреді. Қазақтар "Қыз өссе елдің көркі!", деп бекер айтпаған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети