27 сентября 2019 | 18:01

"Әлем аруы" байқауының финалисі Сабина Әзімбаева тұрмысқа шығады

Камила Долаева Корреспондент
©instagram.com/sabina_azimbayeva

"Алматы аруы-2017", Таиландта өткен "Әлем аруы" байқауының финалисі Сабина Әзімбаева тұрмысқа шыққалы жатыр. Күні кеше алматылық сұлу қызойнақ жасады, Ол Instagram желісіндегі парақшасында сол кеште түскен суреттерін жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы аруы-2017", Таиландта өткен "Әлем аруы" байқауының финалисі Сабина Әзімбаева тұрмысқа шыққалы жатыр. Күні кеше алматылық сұлу қызойнақ жасады, Ол Instagram желісіндегі парақшасында сол кеште түскен суреттерін жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Былтыр Сабина Әзімбаева "Әлем аруы" байқауында Қазақстан атынан өнер көрсеткен, сұлулығы мен дефилесі көрерменді тәнті етіп, орнынан тік тұрғызып, шапалақ ұрғызған еді.  

Реклама
Реклама

Hen Party алматылық сұлу ақ көйлек киіп, басына фата таққан. Ал жанындағы құрбылары қызыл-қара түсті үйлестіріп, джаз стиліндегі образды таңдаған. 

Әзімбаеваның тойы 4 қазанда Алматыда болады. Ару қазір Нұр-Сұлтанда тұрады, сонда оқып жатыр. Той қарсаңында Алматыға келеді екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Azimbayeva Sabina️️ (@sabina_azimbayeva) 26 Сен 2019 в 8:35 PDT

Сабина Әзімбаеваның жазбаларына қарағанда, 1 қыркүйекте оның жұбайымен кездесіп жүргеніне бір жыл толған. 

"(...) Шынайы жақсы көруді және бірге өткізген әр минутты бағалауды үйреткенің үшін рақмет саған, жүрегімнің бөлшегі. Мен тек сендікпін (...)", - деген ару бір жазбасында.  

Әзімбаеваға жұбайы биыл шілдеде романтикалық жағдайда, шатырда, саксофонның сүйемелдеуімен сөз салған. 19 жастағы қыз әлеуметтік желіде бұл қуанышты жаңалығын бөлісіп, "Иә" деп жауап бергенін жазған болатын.

Сабина Әзімбаева Алматы қаласында 2000 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Ұлты - ұйғыр. "Тұран" колледжін "аудармашы және гид" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы "Алматы аруы" байқауын жеңген. Сондай-ақ "Ұйғыр аруы" сұлулық байқауының жеңімпазы. 

Ол былтыр "Әлем аруы" байқауында еліміздің намысын қорғаған. Онда 95 елден келген қатысушылармен бірге фотосессияға, қайырымдылық акциялар мен басқа да іс-шараларға қатысқан. Таиландта өткен бұл шарада Сабина Әзімбаева Алтын адам бейнесінде дефиле көрсетті.

Айта кетсек, костюмнің салмағы шамамен 30 келі болған. Сонымен қатар, байқау барысында ол кешкі көйлекпен және жағажайға арналған шомылу киімімен жүріп өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Сегодня прошел полуфинал на конкурсе «Мисс Вселенная 2018»! Вы только посмотрите как блистала невероятная и роскошная Сабина Азимбаева @sabina_azimbayeva. Ее выход был одним из самых ярких и запоминающихся. Зал аплодировал бурными овациями ???????????? Держим кулачки за Сабину! О том, кто прошел в ТОП-20 финала мы узнаем 16 декабря. Платье от @sherrihillkazakhstan! #misskazakhstan #missuniverse #missuniverse2018 #missuniversekazakhstan #missuniversekazakhstan2018 #sabinaazimbayeva #kazakhstan

Публикация от МИСС КАЗАХСТАН (@misskazakhstan_official) 13 Дек 2018 в 10:47 PST

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная