ПОДЕЛИТЬСЯ
14 октября 2019 | 17:16
"500 мыңға жуық адам қаза тапқан". Әлем тарихындағы жойқын тайфундар
Осыдан екі күн бұрын 12 қазанда Жапонияға ең қуатты тайфун келе жатқаны хабарланған. Табиғи апаттан төніп тұрған қауіпке байланысты 12 қазанда сағат 10:00-ден пойыздар тоқтатылған. Сонымен қатар, Japan Airlines-тың 513 рейсі жұмысын тоқтатқан. Метеорологтардың айтуынша, Хагибис тайфуны соңғы 60 жылдағы ең ірі әрі қуаттысы екен. Тайфун салдарынан Токиодағы ең ірі Тамагава өзені тасыған. Жеті миллионға жуық адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Tengrinews.kz тілшісі жойқын тайфун апаттарын еске түсіреді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Осыдан екі күн бұрын 12 қазанда Жапонияға ең қуатты тайфун келе жатқаны хабарланған. Табиғи апаттан төніп тұрған қауіпке байланысты 12 қазанда сағат 10:00-ден пойыздар тоқтатылған. Сонымен қатар, Japan Airlines-тың 513 рейсі жұмысын тоқтатқан. Метеорологтардың айтуынша, Хагибис тайфуны соңғы 60 жылдағы ең ірі әрі қуаттысы екен. Тайфун салдарынан Токиодағы ең ірі Тамагава өзені тасыған. Жеті миллионға жуық адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Tengrinews.kz тілшісі жойқын тайфун апаттарын еске түсіреді.
Қайтыс болған адамдар. Қираған үйлер. Із-түссіз кеткен адамдар. Бұл - күн шығыс еліне келген Хагибис тайфунының бүгінгі көрінісі. Бүгінде Хагибис тайфуны салдарынан қаза тапқандардың саны 47-ге жеткен. Тағы 15 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Тайфун Идзу ауданындағы Хонсю аралында басталған. Дауылдың орташа қысымы 945 гектопаскаль болып, желдің күші секундына 45 метрге дейін жеткен. 135 мыңға жуық үй сусыз және 100 мың үй жарықсыз қалған.
Итихарадағы дауыл салдары. Жапония, 12 қазан 2019 жыл
Мамандар Хагибисты бұған дейін болған Ида тайфунымен салыстырған. Ида - 1958 жылы Жапонияда болған ең ірі дауыл. Салдарынан 12 мың адам қаза тапқан. Жапониялық метеорологиялық агенттіктің хабарлауынша, Хагибистің екпіні сағатына 60 шақырымға жетуі мүмкін.
Сонымен қатар апат салдарынан су тасқыны мен көшкін жүріп, көпірлер қираған.
Хагибис тайфунының салдары, Жапония, 12 қазан 2019 жыл. © REUTERS
Назарларыңызға әлем тарихында болған ең ірі тайфундарды ұсынамыз.
"Нина"1975 жылы 30 шілдеде басталып 6 тамызда бірақ аяқталған Қытайдағы тайфун. Баньцяо бөгеті және тағы да қосымша бөгеттердің қирауынан болған оқиға. Апат салдарынан 100 мыңға жуық адам қаза тапқан. Тайфун шығыны 1,2 миллиард АҚШ долларға бағаланған (1975 жылғы бағам бойынша).
Нина тайфунының салдары. Сурет ашық интернет көздерінен
1970 жылы 13 қарашаға қараған түні Шығыс Пәкістанның жағалау аймақтарында ірі тайфун соққысы болды. Жылдамдығы сағатына 240 шақырымға жеткен дауыл мұхит толқынын 8 метрге дейін көтеріп әкеткен.
Бхола тайфуны. Сурет ашық интернет көздерінен
Ірі су көшкіні тығыз орналасқан аралдар мен Ганг сағаларының үстінен өтіп, көпірлерді бұзып, автожолдарды қиратып, бірнеше ауылды жер бетінен жойып жіберген. Қаза тапқандардың саны 500 мыңға жеткен. Сонымен қатар 10 миллионға жуық адам зардап шеккен.
Бхола тайфуны. Сурет ашық интернет көздерінен
2006 жылы 10 тамызда Қытайда соңғы 50 жылда болған ең ірі тайфундардың бірі. Жел екпіні сағатына 270 шақырым болған. 300-ден астам адам қаза тауып, 90 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ең көп зардап шеккен Фуцзянь провинциясындағы Фудин қаласы: 200-ге жуық адам қаза тапқан.
"Моракот"2008 жылы 8 тамызда Тайваньда ірі апат болды. "Моракот" тайфуны салдарынан экономикалық зардап 365 миллион долларды құрап, қаза тапқандардың саны 500-ден асқан. Тағы 117 адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Моракот тайфуны. Сурет ашық интернет көздерінен
Бұл - Тайваньда соңғы 50 жылда болған ең ірі апаттардың бірі.
"Моракот" тайфуны кезінде қирап бара жатқан қонақүй © РИА Новости
2013 жылы 8 қарашада сағатына 315 шақырым жылдамдықпен жүрген "Йоланда" супертайфуны мұхит толқынын 5 метрге дейін көтеріп, Филиппинге жойқын соққы жасады. Тайфун Самар аралдарының шығыс жағалауынан басталып, салдарынан адам өлімі тіркелген.
Йоланда тайфунының салдары. Филиппин, 11 қараша 2013 жыл © РИА Новости
8 мыңға жуық адам қаза тауып, із-түссіз жоғалып кеткен. БҰҰ мәліметінше, 11 миллионға жуық адам зардап шеккен.
Йоланда тайфунының салдары. Филиппин © РИА Новости
2017 жылы Вьетнамда болған ірі тайфундардың бірі. Апат салдарынан су тасқыны мен көшкін жүріп, 89 адам қаза тауып, 18 адам із-түссіз кеткен. Су астында 100 мыңға жуық үй қалып кеткен екен.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также