Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 марта 2020 11:46

"Еуропаны толық жаулады". Коронавирус әлемнің қай еліне жетпеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бүгінде коронавирус әлемнің барлық дерлік еліне тарады. Covid-19 аз ғана елге әлі азуын батыра алмай отыр. Оның ішінде Қазақстанмен шекаралас ел де бар. Ал Еуропаны пандемия толығымен жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жетпеген елдерді шолып шықты.


Бүгінде коронавирус әлемнің барлық дерлік еліне тарады. Covid-19 аз ғана елге әлі азуын батыра алмай отыр. Оның ішінде Қазақстанмен шекаралас ел де бар. Ал Еуропаны пандемия толығымен жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жетпеген елдерді шолып шықты.

Азияның төрт еліне жетпеген

Қазақстанмен шекаралас жатқан елдерден коронавирус кірмеген жалғыз мемлекет - Түрікменстан. Бұл елге инфекция кірмесе де, билік аймақтар арасында қозғалыстарды шектеп, сақтық шарасын бастаған. Ел астанасы Ашхабадқа кіріп-шығуға тыйым салынған. Әуе және теміржол қозғалысы тоқтаған.

Тәжікстанға да коронавирус жетпеді. Бүгінде елдің денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі коронавирустың алдын алу бойынша жұмыс істеп жатыр. Медициналық мекемелерге қажетті дәрі-дәрмектерді жинау, карантинде жатқандарға жағдай жасау тапсырылған.


© Reuters 

Тәжікстанға шетелден келген 5 мыңнан аса адам карантинде жатқызылған. Олардың екі мыңы үйіне қайтарылды. Қазір 3156 адам - карантинде.

"Бір тәулікте 182 адам". ТМД-ның қай елі коронавирустан көбірек зардап шекті?

Азия аймағында коронавирус кірмеген тағы бір ел - Солтүстік Корея. Ол - Covid-19 вирусы пайда болғанда шекарасын жауып тастаған алғашқы елдердің бірі. Солтүстік Корея қаңтардың аяғында шетелдік туристердің елге кіруіне тыйым салды. Ал ақпанның басында шетелден келген тауарларды карантинге жауып, бәрін дезинфекциялаған. Ақпанның аяғынан бері халықаралық рейстердің бәрін тоқтатты.

Коронавирустың ошағы Азия болғанымен тағы бір азиялық ел пандемиядан аман тұр. Әзірше Йеменде де коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.


© Reuters 

Азияда осы төрт елге әлі коронавирус кірмеді. Ал Еуропаның барлық елі қазір коронавирустан зардап шегіп жатыр. Кәрі құрлықта коронавирус енбеген соңғы ел Черногория болған. Бұл елде вирус 17 наурызда тіркелді.

Африканың сегіз елінде жоқ

Африка пандемиядан Еуропа мен Азия елдері секілді қатты зардап шегіп жатқан жоқ. Қара құрлықта туристік бағытта дамыған Мысыр, Алжир және Мароккода вирус жұқтырғандар көп. Қалған елдерде вирус тигізген зардап еуропалық дамыған елдерден жүздеген есе аз.

Таяуда африкалық Мали мен Гвинея-Бисау елдерінде вирус анықталған. Осылайша, қазір Африкадағы 56 елдің 46-сына вирус жетті. Жалпы, Африка елдерінде 2,4 мың адам коронавирус жұқтырған.

Ал пандемия залалы әлі жетпеген сегіз ел қалды. Олардың ішінде миллиондаған тұрғыны бар үлкен елдерде бар. Мысалы, тұрғындар саны Қазақстанмен бірдей Малавиде әлі коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген. Оңтүстік Суданның 12 миллион тұрғыны бар, бұл елде де вирус анықталған жоқ.


© Reuters  

10 миллион азаматы бар Бурунди шекарасына да әлі вирус кірмеген. 7,5 миллион халқы бар Сьерра-Леонеге де әзірше пандемия залалы тимеді. Әрқайсында 2,2 миллион адам тұратын Ботсвана мен Лесотоға әлі вирус енбеген.

806 мың тұрғыны бар Комор аралдары мен халық саны 163 мың Сан-Томе және Принсипиде Covid-19 жұқтыру дерегі тіркелмеді.

Пандемия Американы толық жаулады

Американың барлық еліне коронавирус тарап үлгерді. Пандемия бүгінде Оңтүстік және Солстүстік Американы толықтай жаулап алған. Тек Ангилья, Синт-Эстатиус, Бонэйр, Фолкленд аралдары секілді тәуелді аймақтарда коронавирус әлі анықталған жоқ.


© Reuters 

Аустралия құрлығында да вирус анықталды. Тек кейбір мұхит елдерінде Covid-19 әлі жоқ. 21 мың тұрғыны бар шағын Палау мемлекетінде коронавирус табылмады. Ел билігі 50 адамнан көп жиналатын іс-шараның бәрін тоқтатты, мектептер жабылды. Шенеуніктердің шетелге іс-сапарлары шегерілді.

Самоа былтыр желтоқсанда барлық мектепті жауып, жаппай вакцинациялау іс-шарасын бастаған. Бүгінде 200 мыңға жуық азаматы бар бұл елде коронавирус анықталған жоқ. Вануату, Соломон аралдары, Тувалу, Тонга, Кирибати, Маршалл аралдары секілді шағын мемлекеттерде де коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети