Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 июня 2020 11:36

"Қазақтарға митингіге шықпаңдар деп жалынамын". АҚШ-тағы қазақстандық студент тәртіпсіздік туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін жаппай наразалық шаралары өтті. Шеруге шығушылар екіге бөлінді. Бірі бейбіт митинг өткізсе, екіншісі дүкендерді тонап, көліктерді қиратты. Президент Дональд Трамп Нью-Йоркке арнайы әскер кіргізді, коммендаттық сағат жарияланды. Қазір жағдай қалай? АҚШ-та дүрбелең басылды ма? Tengrinews.kz тілшісі жағдайға қатысты қазақстандық студент Айдын Тоқсанбаеваның көзқарасын TengriLive эфирінде сұрады.


АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдтың өлімінен кейін жаппай наразалық шаралары өтті. Шеруге шығушылар екіге бөлінді. Бірі бейбіт митинг өткізсе, екіншісі дүкендерді тонап, көліктерді қиратты. Президент Дональд Трамп Нью-Йоркке арнайы әскер кіргізді, коммендаттық сағат жарияланды. Қазір жағдай қалай? АҚШ-та дүрбелең басылды ма? Tengrinews.kz тілшісі жағдайға қатысты қазақстандық студент Айдын Тоқсанбаеваның көзқарасын TengriLive эфирінде сұрады.

"Барлығы қара түске боялған"

Айдын бізбен тікелей эфирге Нью-Йорк қаласының Times Square алаңынан шықты. Алайда, ол жаппай тәртіпсіздік басталғанда қауіпсіздігі үшін басқа қалаға уақытша көшіп кеткен. Себебі қалада еркін жүру мүмкін болмаған және қазір алаңдағы жарнама баннерлері қара түске боялған.

"Мына жерге (Нью-Йорк, Times Square - ред.) ертерек келдім ғой... Қараңғылықты жүрегіммен сезіп тұрмын. Бұған дейін мен қалада болған жоқпын. Шығып кеттім. Қорқасың ғой, қанша дегенмен. Ал, қазір мына жерге келіп жүрегің ауырады. Times Square-де мынадай болады деп ешқашан ойламағансың... Қазір дүкендердің барлығы есігін жауып тастаған. Бүкіл жарнама қара түске боялып, қара нәсілдінің өмірі маңызды деген үндеу жолдап жатыр. Мен енді саясат не басқадан хабарым көп емес. Ондайға жақын адаммын деп те айта алмаймын. Бірақ адамгершілік жағынан келгенде, жүрегім ауырады", - деді ол.

"Қара нәсілділерді төмендету баяғыдан бар"

Қазақстандық студенттің айтуынша, қара нәсілділердің ата-бабасы бұрын құл болып келген соң, ақ нәсілділердің оларды төмендететіні бар. 

"Қандай мәселе болса да, екі ойдамын. Біріншіден, бұл мәселе бұрыннан келе жатыр. Қара нәсілділерді кінәлай алмаймыз. Олардың ата-бабалары құлдықта болып келген. Енді-енді ғана "өмір сүріп жатқан" адамдар. Олар түк көрмеді деп те айтуға болады, мысалы. Және олар неге ренжулі, ережелер неге сақталмайды деп айтуға аузымыз бармайды. Өйткені, олар шынымен қиыншылықта өмір сүрді. Екінші жақтан ойлайсың. Неге біздің ата-бабалары жасаған нәрсеге неге қазіргі балалары жауап беруі керек? Ата-аналар жасаған қатеге балалар жауап бермеуі керек. Тура сол секілді, бұрынғы болған оқиғаға қазіргі адамдар не үшін жауап беруі керек? Қара нәсілділерді төмендету баяғыдан бар", - деді Айдын.

"12 жастағы баланы полицей атып тастағанда неге халық шуламады"

Студенттің айтуынша, қара нәсілділерге қатысты мұндай факт көп. Бірақ халық енді көтеріліп жатыр. Айдын мұндай шеруге Джордж Флойдтың себепкер болғанына қынжылады. Себебі 5 жыл бұрын 12 жастағы баланы полицей атып өлтіргенде, халық үнсіз қалған. (Ал, қазір карантин. Адамдар қаржылай қиналып жатыр, сол себепті "сылтау етіп" осылай көтеріліп жатыр. Яғни, қара басы қиналғанда "қара нәсілдінің қорланғаны есіне түсті" деп ойлайды. 

"Бірақ менің жүрегіме тиетіні... Жалпы менің көзқарасыммен дәл осы Джродж Флойдпен көтерілгені дұрыс болмады. Осыдан бес жыл бұрын 12 жастағы баланы (қара нәсілді - ред.)  полицей атып тастаған. Ол ойыншық тапаншамен ойнап жүрген. Неге сол кезде барлығы көтерілмеді? Неге осындай бүкіләлемдік дәрежеге сол кезде жеткізбеді? Иә, Джордж Флойд қандай адам болса да, оны өмірінен айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Заң бәріне бірдей, қара нәсілді болса да, басқа болса да. Бірақ ол 5 жыл түрмеде отырып шыққан адам. Екіқабат әйелдің ішіне тапанша тақап тұрып, қорқытқан адам. Наркодиллер болған. Әйелі жылап жатыр. Бірақ 6 жыл көрмеген, баласына ешқандай ақша жібермеген. Оған халық ақша жинап жатыр. Басқалары қайда? Кінәсіз адамдар қайда? Дәл қазір көтерілістің себебі - карантиннен кейін 40 миллион адам жұмыссыз қалды. Ол жұмыс жасауға құқығы бар, құжаты дұрыс адамдар. Қаншама мигрант бар, мен секілді қосымша жұмыс істеп жүрген студенттер бар. Бірақ халық өзіне тигенде ғана кез келген нәрсені іліп алып кетіп жатыр", - деді ол.

"Қазақтарға митингіге шықпаңдар деп жалынамын"

Қазақстандық студенттің айтуынша, мұндай сәтті пайдаланатын арандатушылар табылады. АҚШ-та да солай. Сол себепті ол мұндай арандатушылардан сақ болуға үндейді.

"Әр елде жабайы адамдар бар. Осындай сәтті әдейі пайдаланып, бәрін құртатын... Қаншама дүкен тоналды. Сол кезде адамдар өліп те жатыр. Қазір заң ештеңе жасай алмай отыр... Ең басында, халық көтеріліске шыққан кезде плакаттарын алып, көшеде айғайлап өтті. Бейбіт митинг болды. Содан кейін бұл араңдатушылардың ісі ғой. Біреулер айтады Трампты алып тастауға... Ол жағын түсіне беремін деп айтпаймын. Бірақ араңдатушылардан абай болу керек. Кезінде мен де Қазақстанда "ойбай, жер сатылмасын" деп митингіге шақырдым, шықтым. Сол кезде мені прокуратураға алып кетті, 5 сағат отырдым. Сол кезде мені отырғызып айтты: "сені түсінеміз, ниетің түзу. Бірақ сенен басқа қанша араңдатушы адам бар" деп түсіндіріп айтып берген. Содан кейін мен митинг десе, жүрегім ауырады. Өйткені сен қазір айғайлап шық, ертең біреудің әпкесі, біреудің ағасы өліп жатса, сенің мойныңа кетеді. Өзім үшін сол кезде сабақ алғанмын...", - деді Айдын Тоқсанбаева.

Сұхбаттың толық нұсқасын видеожазбадан көре аласыздар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жағдайға қазақстандық студенттің көзқарасы ⠀ АҚШ-та афроамерикалық Джордж Флойдың өлімінен кейін жаппай наразалық шаралары өтті. Шеруге шығушылар екіге бөлінді. Бірі бейбіт митинг өткізсе, екіншісі дүкендерді тонап, көліктерді қиратты. ⠀ Президент Дональд Трамп Нью-Йоркке арнайы әскер кіргізді, коммендаттық сағат жарияланды. Қазір жағдай қалай? ⠀ Бүгін тікелей эфирде АҚШ-та тұратын қазақстандық студент Айдын Тоқсанбаева (@janym_baklajanym) айтып берді.

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети