Осы жолы уәделердің орындалуын халық өзі қадағалап отыруы керек. Ертең анау жоқ, мынау жоқ деп жылай бергенше, жұртшылық осы бағдарламалар мен сайлаудың алдында берген уәделердің орындалуын мұқият қадағалап отырсын. Мұнда қай жылы неше процент орындалатынына дейін көрсетіпті ғой, сол бойынша жылдың соңында әкім есеп бергенде талап етсін!
Праймериз - бұл ел болашағына бейжай қарамайтын жаңа, жас, белсенді тұлғаларға берілген таптырмас мүмкіндік. Жасампаз елдің болашағын бірге жасағысы келетіндер осы мүмкіндіктен қапы қалмауы керек.