Елде жемқорлықты жою үшін Грузияның тәжірибесін бейімдеп енгізсе болатын еді. Жоғарғы билікте отырғандар оған өздеріне тиетін болған соң бармайды. Ал, бір-екі нмесе оншақты жемқорды ұстап, соттаудан айтарлықтай нәтиже шықпайды. Жемқорлық қоғамның барлық саласасында тамырын жайып, адамдардың санасын билеп алды. Пара бкрмесең немесе танысың брлмаса шешілмейтінін балаға дейін білетін болды. Қоғам ауру. Билік жүйесі түгел өзгеріп, таза адамдар келмейінше жемқорлар құрымайды. Олар қарсыласады, билікті өзгертуге қарсыласады. Жалпы халыққа қиын жағдай оларға тиімді.
Билік осылай өздеріне қарай тартады. Енді қызмет берген билікті сынау қиын болатын шығар. Жергілікті жерде сөзі өткір ақындардың ауыздарын бастырмалап, қызмет беру тәжірибесі бұрыннан бар. Кешегі батыл ақындар қәзір ел мүддесін қорғап шындықты айта алмайды. Кешегі Бұқар жыраудан аулақ жүріңдер
Жарайсың Роза ханым! Үйде күтуші ұстап адам жалдау үлкен жауапкершілік. Оның сұрауы болады деген бар ғой. Құдай денсаулық берген соң өзіңіздің үйіңізді өзіңіз күтіп қарағаныңыз мақтауға тұрарлық және көпке тәрбие болатын іс
Бідің елдегі жауапсыз ақша табудың тағы бір тәсілі. Көлікті күзетпесе адамдар парковкіге не үшін ақша төлеп жүр? Жолдағы көліктің нагрузкасын азайту үшін. Айналайындар-ау соның өзі адам мен оның мүлкін қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан шара емес па? Ақшаны өндіріп алу жағын әбден ойластырған, ал оның мүлкін қорғауды міндетіне алмайды. Міне біздің қоғамда Үкіметтен бастап көшедегі күзетшіге дейін жауапкершілік жоқ. Қандай жұмыс бодмасын оған қаралған ақшаны жұмсау мен жинауды қарастырамыз, ал жауапкершілікке келгенде ешкім мойнына алмайды. Осындай қоғам құрдық ағайын. Ол дәрігердің орнында бізде болуымыз мүмкін. Бірақ біз жеке басымызға келмейінше сырттан қарап өте береміз
20 жыл бұрын Президент болып сайланғанда ұлт үшін көп жұмыс атқаратын ба еді? Сөзі салмақты, сараланған, дәл. Іске асыратын адамдары болса. Көп сөз айтылып, көп уәде орындалмай қалған соңб күмән туады да тұрады. Іске сәт құрметті ҚасымЖомарт Кемелұлы!
Өкінішті. Қазақ даласының ортасы. Жазира кең байтақ бетпақ дала. Қалқы нағыз қазақи қаймағы бұзылмаған ел еді. Торғай даласының атауы қазақты танытқан кездері болды. Оны қалай ұмытуға болады. Елден шыққан қазақтың жанашырлары қаншама? Ауыл шаруашылығын дамытатын аймақ. Торғайлықтар туған елді ұмытпаңдар. Уақыты келер!
Ұлт тағдырына қатысты пікір айту үшін ойланып сөйлеу керек. Біреулердің ойын жеткіземін деп опық жеп жүрмеңіз. Қазақ ұлтын қазақстандық деп ауыстыру жайындағы пікіріңізді қолдамаймын. Сіздің қазақтың асыл ұл-қыздарын насихаттап жүрген еңбегіңізді сыйлайтын едік. Мұндай арандатуға бармаңыз. Ұлт мәселесіне келгенде абайлау керек қарағым!
Салық салу саясатын жүйеге келтірудің ешқандай қиындығы жоқ. Бірақ заңды дайындау кезінде әртүрлі мүдделерді қорғау үшін сұрқи саясат басталады. Байларға қатысты көлік салығын көбейтеміз деп таяқтың басы шаруаларға тиді. Байлардың пайдаланатын көлігін жоғарыдағылар жақсы біледі. Салық көліктің құнына байланысты есептелсін деген ұсыныс бар немесе бензиннің құнына қосылсын дейді. Неге Үкімет үндемейді?
Үкіметтің қалықты қолдау шараларының басым бөлігі қағаз және сөз күйінде жүрген болар. Қалықтың басым бөлігі өз күндерін көруде. Азғана матеркөмектен басқа айтарлық не бар? Жұмыс орындары жоқ, төмен пайызды кредит жоқтың қасы. Нақты бизнеспен айналысатын іскер жастарды мемлекет іріктеп, оларды дайындауы керек және оларға көмектер көрсетілсе- болашақ елді асырайтын солар болатын еді. Бюджеттен бөлінген ақшаның жұмсалуында жаричлылық жоқ. Ұрлық пен жемқорлық системалы қалып алды. Қәзір әкімдіктің маңайында жүргендер қолдау көріп жатпса, көп адамдар кездейсоқ табысымен өмір сүруде.
Құрметті қазақстандықтар! күші 4 кубтан асқан көліктердің салығын қайта қарауды сұрап жаппай жазуымыз керек. Кезінде байларға салық салуды күшейтеміз деп енгізілген бұл норма бүгінді актульдылығын жойды. Байлар қәзір күші үлкен көліктерді емес өзге маркідегі қымбат көліктер мінеді. Он жылдан асқан мұндай көліктердің құны қымбат емес. Көбін жолсыз жерлердегі шаруашылықтарға пайдаланады. Мұны автомобилистер қоғамы, қоғамдық белсенділер, журналистер болып үкіметке жеткізулеріңді өтінеміз
Мынау батыл қадам. Шын ахуалды ашып жазу керек. Қанша адам пневманиядан қаза болды? көпшілігінің емделуге мүмкіндігі болмады. Инфекц. ауруханалар мен жалпы дәрігерлік ауруханалар өз бастарын қорғаштап ауруларды қабылдамады. Созылмалы аурулары бар науқастар қайда барарын білмей, үрейленіп қалды. Пневманиямен ауырған қантдиабеті, жүрек қантамыр ауруларымен ауратындарға үлкен қауіп болды. Қайтыс болғандарына ешкім көмек бере алмады. Өз басым ауырғанда қаралып жүрген дәрігерлерім басын сауғалап кетті. Тек аймақтық дәрігер келіп парацетамол ішіңіз деп кеңес берді. Басқа не айтады, өздері де не болып жатқанын түсінбеді. Қызуың 40 градус болмаса үйде емделе бер дейді. Осылай алдымен Аллатағалланың қалауымен, сонан соңғы антибиотиктік көмегімен емделіп шықтық.
Ащы да болса шындық керек. Пандемия медициналық ақуалдың осал тұстарын көрсетті. Сабақ шығара аламыз ба? Орынды сыналған кемшілікті дұрыс қабылдасақ брлар еді. Бұл мәселенің бір шеті ғана. Жанымыз қиналып дәрігер іздегенде олардың өздері қара бастарын ойлап қашқандарды көрдік.
Басынан КВИ екені белгілі еді. Күннің ыстығында жаппай өкпеге суық тию дегенге кім сенеді. Бұл короновирус. Бірақ, неге Орта Азияда бір мезгілде миллиондаған адамдар ауырды. Батыс Қазақстанда адамдар жаппай ауырып жатқанда Рессейде мұндай болмады. Не болып жатыр, түсініксіз? Ауа райы ұқсас...
Ой қазағым-ай! Бүкіл әлем емін таба алмай жүргенде, емші емдейді деп алаңдап жүрсіңдер. Бұл кісі көп жылдардан бері аяғымен массаж жасап емшілікпен айналысады. Мүмкін белгілі бір жеңіл тұз жиналған, шаншу ұстаған сияқты сырқаттарға пайдасы тиген болар. Сақтанған дұрыс болады, дәрігерге қаралыңыздар