Я нағыз азаматтардың айлық жалақысының өскені дұрыс, өрттің өтінде жүріп, елге қызмет ету оңай шаруа емес, бала-шағасы олардың қолына қарап отырады емес пе? оған қоса азаматтық құтқарушылардың да айлығы өссе құба-құп болар еді. Қыста мұздай суға, жазда құтқару жұмысына атсалысып жүреді емес пе? Тіпті осы саладағы штаттан тыс қызметкерлердің де, мемлекеттік қызметшілердің де жалақысын өсірсе артық емес, бір салада еңбек сіңіріп отырғаннан кейін. Қазір жағаға жармасқан қымбатшылық науқанында ең болмаса еңбекке деген жігерлерін бұдан әрі қарай да жанитын еді. ТЖМ-нің Әрбір өңірдегі мамандарының қызметі өлшеусіз екені рас. Әрбір адам өмірі - мемлекеттің ең қымбат қазынасы...
Қыстың көзі қырауда, тауда жалғыз жүру деген өте қауіпті екені белгілі ғой. Неге олай жасады екен? Әрбір азамат сақтық шараларын ұмытпаса, қайғылы жағдайлар да болмас еді. Орны толмас қайғы, жақындарына сабыр берсін. Құтқарушылардың да табанынан тозып іздеп тапқанда ажал құшқаны өкінішті.
Қыстың күні қырауда тауға жалғыз шығу, аралау деген миға қонымсыз ғой. Әрбір адам қауіпсіздік талаптарын мұқият орындаса, онда тосын жағдайлар мен қайғылы оқиғалар болмас та еді мүмкін. Әрине өкінішті жағдай бұл. Жақындарына орны толмас қазаға көңіл білдіремін. Алайда барынша тау аралап, іздеп шарқ ұрған, табанынан тозған құтқарушылардың еңбегін де жоққа шығаруға болмас. Әрбір ел азаматы қайда жүрсеңдер де сақ жүріңдерші.
Қаза болған адамның жақындарына көңіл қосын білдіремін. Әрбір азамат балық аулауда сақтық шараларын ұмытпаса екен. Құтқарушылардың қауырт та қиын кәсібіне абырой тілеймін.
Қаза болған жанның туысына көңіл қосын білдіреміз. Айтуға оңай жағдай емес. Әрбір азамат Балық аулауда сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар! Құтқарушылардың қызметі де оңай емес. Кәсіптеріне абырой берсін.