1. Главная
  2. Узнай
  3. Происшествия
  4. Преступность

Ақтөбе тұрғыны жол полицейлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді 02 ноября 2021, 12:30

Ақтөбе қаласының тұрғыны Қуаныш Жұмағұлов жол полиция қызметкерлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді. Оқиға Торғай-Арқалық тасжолында
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Ақтөбе қаласының тұрғыны Қуаныш Жұмағұлов жол полиция қызметкерлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді. Оқиға Торғай-Арқалық тасжолында болған. Алайда Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері бұл жайт қателіктен болғанып айтып, пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қуаныш Жұмағұлов оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді. Қуаныштың айтуынша, ол Ақтөбеден Арқалыққа аңшылыққа бара жатқан кезінде жол полициясы тоқтатқан.

"Мен бізді тоқтату себебін сұрадым. Олар сақтандыру полисін тексеру бойынша жедел алдын алу іс-шарасын (ОПМ-еск.) жүргізіп жатқанын айтты. Мен жол полициясы ұсынған құжаттың мөрі, қолы жоғын айттым. Негізі Ақтөбеден шығып бара жатқанымызда көлігімізге тиелген тіркемеге (прицеп-еск.) сақтандыру полисі жасалған. Алайда оның мерзімі келесі күні басталады екен. Сөйтіп маған полицейлер тіркемеде сақтандыру жоғын және маған айыппұл салатынын айтты. Оның бәрі видеода тұр", - дейді Қуаныш. 

Қуаныш сақтандыру полисіне қатысты хаттамаға планшетпен қол қойған.    

"Маған хаттаманы планшетпен толтырды. Хаттаманың қағаз нұсқасын беруін сұрадым. Бірақ бермеді, сондықтан құжатқа планшетпен қол қойдым. Артынша үйге келгенімде маған мүлде басқа хаттама, яғни асқан жылдамдықпен жүргенім үшін айыппұл келіп тұр. Ол қызмет бабында жалған құжат жасау ғой. Басқа заң бұзу бойынша айыппұл салып жіберген. Мен сақтандыру полисі жоқ деген хаттамаға қол қойдым, ал айыппұл асқан жылдамдықпен жүргенім үшін келіп тұр. Демек менің қолымды жалған жасаған болып тұр ғой", - дейді Қуаныш. 

Бұл іске қатысты Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. 

"Бұл дерек бойынша 2021 жылдың 20 қазанында Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің жүргізушісіне қатысты тіркемеде міндетті сақтандыру полюсі болмағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 230-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалғанын хабарлаймыз. Ер адам растау құжаттарын ұсынбаған", - деді ПД өкілдері. 

Полиция өкілдері Қуаныш Жұмағұловқа неліктен басқа айыппұл келгенін түсіндірді.

"Сонымен қатар, белгісіз себептерге байланысты базада әкімшілік кодекстің басқа бабы қате шығады. Бұл дау сотта шешіледі. Сонымен қатар, облыс аумағында 2021 жылдың 18-22 қазан аралығында "Сақтандыру полюсі" жедел алдын алу шарасы өткізілгенін хабарлаймыз", - деді ПД өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram