ПОДЕЛИТЬСЯ
19 июля 2018 | 14:54
Депутатты жиналыстан қуып шыққан шенеунік қатаң сөгіс алды
Қызылорда облысында аудандық мәслихаттың депутатын жиналыстан қуып шыққан шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қызылорда облысында аудандық мәслихаттың депутатын жиналыстан қуып шыққан шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға биылғы маусым айында болған. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары жиналыс барысында сұрақ қойғысы келген Арал аудандық мәслихатының депутатын жиналысқа шақырмағандығын айтып, оны залдан шығып кетуін сұраған.
"Аудандық мәслихат депутатының шағымына сәйкес Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижесімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары жиналыс барысында депутатпен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпай, жиналысқа шақырмағандығын айтып, залдан шығып кетуін сұрап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы анықталды", - делінген хабарламада.
Шенеуніктің тәртіптік ісі Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, Кеңес шешімі негізінде берілген ұсынысқа сәйкес оған "қатаң сөгіс" тәртіптік жазасы қолданылған.
Сонымен қатар, өңірде болған тағы бір жағдай мысалға келтіріліп отыр. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы өз қарамағындағы статист маманға ар-намысына тиетін сөздер айтып, дөрекілік танытқан.
"Департамент бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы берілген ұсынысқа сәйкес аталған лауазым иесін "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жазаға тартты", - делінген хабарламада.
Жалпы өңірде 2018 жылдың 6 айында 12 мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылса, 2017 жылдың осы кезеңінде 15 қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері 20 пайызға төмендеген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также