"Екі адам да маған көрінді". Көріпкел Майқайыңда жоғалған автобус құлаған жерді көрсетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл Фото: Massaget.kz / Е.Базарқұл

Майқайыңда автобуспен бірге шұңқырға құлап, табылмай жатқан адамдардың жақындары көріпкел шақыртты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Майқайыңда автобуспен бірге шұңқырға құлап, табылмай жатқан адамдардың жақындары көріпкел шақыртты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көріпкел Майқайыңға арнайы келген.

"Мен сиқыршы емеспін, әйтсе де адамдарға мен керек болдым. Шақырған соң қарап отыра алмай шығып кеттім. Жоғалғандар табылып, туыс-туғандары тыныштансын. Шынын айтсам бұл өте қорқынышты" - деп жазады көріпкел Майқайыңға бара жатып шығарған видеосында.

Бұдан кейін көріпкел Майқайыңда болған кезін баяндайды.

"Мен кенет кетіп барамын. Өзімнің көзқарасымды оларға айттым. Бұл - жерден сөмкені алып көтере салатын нәрсе емес қой. Менің ойымша бүгін түнге дейін үлгерсе үлгереді, үлгермесе ертең ол жер туралы еститін боламыз. Себебі, оны көрсеткендей болдым. Екі адам да маған көрінді. Сол мен көрсеткен жерден табылады деп үміттенемін. Мен бара жатқанда-ақ маған аруақтар аян берді. Барған соң шұңқырдан қызғылт түсті көресің, сол жерде жатыр деді. Мен барғанда қызғылт түсті аумақты көрдім. Қазір сол жерді қазып жатыр", - дейді көріпкел.

Massaget.kz тілшісі жоғалған құтқарушы Айдос Шаймерденнің әйелі Нұрсұлуға хабарласты. Ол көріпкелді өздері шақырғанын растады.

Бұл дерекке қатысты Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері жауап берді. Ведомство өкілдері, көріпкелді оқиға орнына шақыруға қатыстары жоғын, оны жоғалған қызметкерлердің туыстары шақырғанын айтты.

"Оған ешқандай ведомство қарсы бола алмайды. Ол бізбен бірге қауіпсіз жерде тұрды. Құтқарушылар жүргізіп жатқан іздеу-құтқару жерлеріне келмеді.

ТЖД қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың, геосканердің және металл детекторының қозғалғыштығын сканерлеу үшін техниканы қолдану арқылы жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, шахта түбінде кинологиялық есептеулер үнемі жұмыс істейді. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштері негізінде түзетіледі", - делінген ресми жауапта.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 13
Астана 17
Актау 17
Актобе 11
Атырау 15
Б
Балхаш 13
Ж
Жезказган 13
К
Караганда 15
Кокшетау 13
Костанай 18
Кызылорда 14
П
Павлодар 14
Петропавловск 9
С
Семей 9
Т
Талдыкорган 19
Тараз 15
Туркестан 10
У
Уральск 7
Усть-Каменогорск 19
Ш
Шымкент 12

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer