12 января 2024 | 08:05

"Инсульт алдым". 48 жасында жүгіруді қолға алған желаяқ хикаясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жеке архив Фото: жеке архив

Танымал жазушы Харук Мураками "О чем я говорю, когда говорю о беге" деген кітабында жүгірудің құдіреті туралы айтады. Әрине, жүгіру денсаулық пен форманы қалыпта ұстаудан бөлек, әлемнен бір сәт оқшаулануға, өзіңмен өзің қалуға мүмкіндік береді. Қай жаста болсаңыз да, бұл спорт түрін қолға алудың ерте-кеші жоқ, шын ниетпен қаласаңыз болғаны. Massaget.kz тілшісі 48 жасында жүгіруді қолға алған кейіпкермен сұхбаттасты.


Танымал жазушы Харук Мураками "О чем я говорю, когда говорю о беге" деген кітабында жүгірудің құдіреті туралы айтады. Әрине, жүгіру денсаулық пен форманы қалыпта ұстаудан бөлек, әлемнен бір сәт оқшаулануға, өзіңмен өзің қалуға мүмкіндік береді. Қай жаста болсаңыз да, бұл спорт түрін қолға алудың ерте-кеші жоқ, шын ниетпен қаласаңыз болғаны. Massaget.kz тілшісі 48 жасында жүгіруді қолға алған кейіпкермен сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Дәурен Құдайберген 48 жаста. Ол бұл спорт түрін былтыр күзде қолға алған.

"Былтыр жұмыс бабымен Астанаға көштім. Сол кезде әріптес-досым, бауырым кәсіпкер, журналист Мақсат Ясылбайұлы "уақытты босқа өткізбеңіз, жүгірейік" деген еді. Мақсат осыдан 2-3 жыл бұрын атақты рекордсмен Марат Жыланбаевтың курсына қатысып, жүгірудің қыр-сырын меңгерген. Жүгіргенде қандай мәселелерді ескеру керегін игеріп алған.

Қыркүйекте, 1 ай бойы жай ғана жүрдім. Күніне 5-10 шақырым жүріп өтетінмін. Жүргенде де аяқты дұрыс қою керек. Көп адам, оның ішінде мен де дұрыс жүрмей жүрдім. 60-70 пайыз адам аяқты сыртқа басады, аяқ саусақтары параллель тік басылу керек. Бұл адамның дене бітіміне де әсер етеді. Бастапқы кезде денем де, аяғым да ауырып жүрді. Қазанда ақырындап жүгіре бастадым. Алдымен 200 метр жүгіріп, сосын 200 метр жүріп жүрдім. Күніне 10 шақырымға дейін жеткізетінмін. Содан желтоқсанның ортасында Астананың суығында тоқтамай 11 шақырым жүгіріп өттім. Қасымда жүрген досым "табандылық, тұрақтылық кез келген адамды мақсатына жеткізеді" деп мен туралы жазба жазған екен. 48-ге келген адам тура 30 жыл өткеннен кейін жүгіруді қайта бастады", - дейді кейіпкер.

Дәурен Құдайберген мектепте оқығанда жүгіріп жүргенін еске алды. Оның айтуынша, оқушы кезде жүгіруден түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып жүрген. Алайда жүгірудің техникасын жетік білмеген.

"18 жасымда инсульт алып, ауырып қалдым. Ол кезде ҚазҰУ-дің 1-курс студентімін. Майда тамырым үзіліп кетіп, қан миға кетуге шақ қалды. Кейін үйлендім де жүгіруді қойдым. Спортшылар арасында "бұлшықет жады" деген ұғым бар. Араға 30 жыл салып, бұл спорт түрін қайта қолға алдым. Менің ойымша, табандылықтың арқасында бұрынғы форманы қалыпқа қайта келтіруге болады", - дейді ол.

Дәурен Құдайбергеннің сөзінше, ол аптасына үш күн жүгіреді. Ол бұл спорт түрін қолға алғаннан бастап бірде бір күн жаттығуды жібермеген. Таңғы 5:00-де тұрып, жаттығу алаңына барады. Денсаулығында да, дене бітімінде де айтарлықтай өзгеріс байқалғанын айтады.

"Аптасына 3 күн таңғы 5-те тұрып жүгіру ширақ әрі зергек болуға жетелейтіні анық. Одан басқа, денеңіз қатайып, өнімді жұмыс істеуге, тез ойланып, тез шешім қабылдауға, өзіңе сенімді болуға әсер етеді. Оның үстіне, жарық ауруына шалдыққаннан бері таңертең тұрып, жаттығу істеймін. Осының арқасында жүгіргенде аса қиналған жоқпын", - дейді кейіпкер.

Дәурен Құдайберген қақаған аязда да жүгіре беретінін айтты.

"Мамандар -20 градус аязда жүгіруге кеңес бермейді. Ал біз -26 градус аяз болғанда да жүгіріп жүрдік. Кросс жүгіріп жүргендердің айтуынша, күн қанша суық болса да қалың киінбеу керек. Оның орнына бірнеше жұқа кім кию керек. Жүгіретіндердің суық күнде киетін бетперде, қолғабы, кроссовкиі болады", - деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
MEGA Alma-Ata: 18 лет успеха

Курс валют

 489.06   535.1   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети