ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ноября 2019 | 09:00
Инвестицияның жаңа үлгісі: білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл
Елбасы жариялаған Бес әлеуметтік бастаманың бір бағыты студент жастардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағдарын ұстанғаны белгілі. Тұрмыстық жағдай жайлы сөз қозғалғанда, тіл ұшына жатақханамен қамту мәселесі алдымен оралады. Қоғам үшін қажеттілігі зор осынау міндетті орындау мақсатында "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік тапсырысты орналастыру реттілігін әзірлеп шықты. Онда маңызды іске жеке сектордың кеңінен қатысу шарттары мен тетіктері жан-жақты жүйелі негізде қарастырылған.

Ұсыныстың қашанда сұраныстан бастау алатыны баршаға мәлім жайт. Мәселен, бүгінгі таңда ел аумағында студенттер үшін 75 мың орын-жайды қолданысқа енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оның ішіне еліміздің ірі қалаларынан бастап, облыстық маңызы бар қалаларды қамтитын барлық өңірлер кіреді.
Инвестор немесе жеке кәсіпкер жатақхананы студенттер игілігіне пайдалануға бергеннен кейін мемлекет тарапынан 8 жыл бойы үздіксіз негізде мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен ақша төлемдері жүргізілетін болады. Осы орайда, төлемдердің мөлшері пайдалануға енгізілген және білім алушы нақты орналасқан орын-жайлар санына байланысты болатынын ескерте кеткен абзал. Жыл сайын әр орын-жай үшін жаңадан жатақхана салынған жағдайда - 122 АЕК, ғимаратты жатақхана ретінде реконструкциялау жасалған жағдайда 47 АЕК көлемінде қаржы төленеді.
Бұл бастама бұдан да бөлек табыс көзі болу мүмкіндігімен тиімді. Өйткені,студенттер төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тапсырысының құнына кірмейді. Жобаға қатысудың біршама шарттары бар, оның бастысы - қолға алған істі ілгері бастыру үшін бастапқы капитал мен жер телімінің болуы. Жер телімі болмаған жағдайда біз оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы, өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларымен бірге немесе консорциум құру жолымен ресурстарды біріктіру арқылы алудың бірқатар тиімді жолдарын ұсынамыз.
Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғаннан бері жоғарыда аталған мазмұндағы 38 алдын-ала шарт жасалды, соның нәтижесінде 11 мыңнан астам жаңа орын-жай қолданысқа тапсырылып, студенттер игілігіне айналмақ.
Мәселен, биылғы жылдың қараша айындағы жағдай бойынша 2 287 орынды қамтитын 11 нысанды пайдалануға беру қамтамасыз етілді.
Жобаға қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға қатысу шарттарымен толық танысу үшін studdom.kz сайтына кіру және 8-8000-802-828 нөмірі арқылы "Қаржы орталығы" АҚ колл-орталығына хабарласып, кейін - шарт жасасу үшін өтініш беру керек.
Рекламный материал
Показать комментарии
Читайте также