20 декабря 2018 | 11:32

Жем - Қазақстандағы халық саны ең аз қаланың тұрмыс-тіршілігі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы халық саны ең аз қала - Ақтөбе облысындағы Жем қаласы. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, бұл қаланың халық саны - 1 790 адам. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі тұрғындарының саны аз қаланың тіршілігі туралы білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстандағы халық саны ең аз қала - Ақтөбе облысындағы Жем қаласы. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, бұл қаланың халық саны - 1 790 адам. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі тұрғындарының саны аз қаланың тіршілігі туралы білді.

Жем қаласы Мұғалжар ауданының құрамына кіреді. Аудан орталығы - Қандыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 97 шақырым жерде, Жем өзені жағалауында орналасқан. Атауы Жем өзеніне байланысты аталады. Ембі қаласынан батысқа қарай 9 шақырым жердегі қала, маңында Карась әуежайы бар.

Реклама
Реклама

Тарихқа көз жүгіртсек, Жем қаласының (бұрынғы Tмб3-5) іргетасы 1960 жылы қаланған. Сол кезде Ресей әскери бөлімі негізінде жабық әскери қалашық болып қалыптасып, ең көрікті әсем әскери шағын қалалардың бірі болған. Сонымен қатар, әскери тәртіппен қалыптасып, мектеп, 2 балабақша, музыка мектебі, әскери госпиталь, 17 қонақүй, Орталық әмбебап базары, офицерлер асханасы, үлкен гастроном, банк, қала маңында әуежай, бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен жатақханалар болған.


© wikimapia.org

Көшелер асфальтталып, ауыр жүк машиналарының қозғалысына тыйым салынған. Бұл әскери қалашық 1999 жылға дейін өз қызметі шегінде жұмыс жасап келді. Полигон 1999 жылы "Капустин Яр" (Ресей, Астрахан облысы) полигонына ауысып, Ресей әскери бөлімінің ыдырауына байланысты қала иесіз қалып, 2000 жылы Мұғалжар ауданы әкімдігіне берілді.

Одан кейін де Ресей әскери бөлімінің бір ротасы қызмет жасап, 2010 жылдың сәуірінде жұмыстарын толық тоқтатып, Ресей еліне кері қайтты. 2000 жылдың қазан айында Жем қаласы деген статуспен шағын қалалардың қатарына қосылды. 

Жем қаласында 2006 жылдары 1 454 адам тұрған, ал 2016 жылы 1 963 адамнан асқан.

Ал осы Жем қаласының бүгіні қандай? Ол жөнінде Жем қаласының әкімі Жұматай Бисенов айтып берді.

Жұматай Бисеновтің айтуынша, бүгінде қала тұрғындарының саны - 2 011 адам.

"Қаладағы мемлекеттік мекемелердің саны - 12. Олар: ҚАЖ-168/5 мекемесі, ҚР ҰҰ №6655 әскери бөлімі, Әуе қорғанысының 55809 "Ж" әскери бөлімі, "Жемжылу" МКМ, "Балбөбек" балабақшасы, Жем қалалық Мәдениет үйі, Жем қалалық №5 жалпы орта білім беретін мектебі, "№3 Аула клубы" мектептен тыс мекемесі, "Көпсалалық қызмет көрсету колледжі" және "Кешкі мектеп" бар", - деді Бисенов.


Жем қалалық №5 ОМ. © mugalzhar-tulek.kz

Әкімнің айтуынша, қала тұрғындарының көбі осы мекемелерде жұмыс істейді.

"Халықтың басым бөлігі осы мекемелерде және іргелес орналасқан Жаңажол мұнай кешені мен "СНПС-Ақтөбе" кәсіпорындарында вахталық жұмыспен, сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысады", - деді ол.

Бисеновтің мәліметінше, қазір Жем қаласында бір ғана мектеп бар.

"Қалада бір мектеп, бір балабақша, бір отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар. Қалада биыл 39 бала дүниеге келді. Жем қаласы тұрғындарының Қазақстан бойынша ең төмен болу себебі халықтың басым көпшілігі Ембі қаласының тұрғындары және олар жұмыс бабымен Жем қаласына қатынап отырады", - дейді Жем қаласының әкімі Жұматай Бисенов.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандағы халық саны ең көп ауылдың тұрмыс-тіршілігі

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная