Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 апреля 2020 18:51

Қазақстанда коронавирусты анықтайтын жаңа тестілеу енгізілуі мүмкін

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Сараптаманы қашықтан қабылдайтын тест пунктері елімізге 2 аптадан кейін қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сараптаманы қашықтан қабылдайтын тест пунктері елімізге 2 аптадан кейін қойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ДСМ Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріппен Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде айтты.

"Кореяда, Еуропа елдерінде де, барлық жерде ПЦР анализ жасалады. Контактсіз дегенде адамдар материалдарды жинау деп түсінетін шығар. Бізде де материалдарды солай алады. Бізде де лаборанттар бригадасы келіп, анализді қалай алу керегін біледі. Кореяда байланыс жасаған адамдар (коронавирус жұқтырғандармен байланыс жасаған адамдар - авт.) көп болғандықтан, олар анализ алатын арнайы пунктер қойды. Қазақстанда да олар дайындалып жатыр. Жақын арада болуы мүмкін, екі аптадан кейін бізге де қойылуы мүмкін. Мен бұлардың бізге қажеті болмай қалады және бізде анализ алу керек адамдар көп болмайды, анализ қабылдайтын мұндай пунктерді көптеп қоймаймыз деп үміттенемін. Иә, бұл да - материалдарды жинау әдісі. Арнайы кабинка тұрады, контаксыз", - деді Арнұр Нұртаев.

Бұған дейін Кореяда коронавируспен күрес қалай жүріп жатқаны туралы жазған едік.

Елімізде коронавирус індетін анықтау үшін, негізінен, ПЦР тест пайдаланылады. Мұндай талдауды ДДСҰ ұсынған. Сонымен қатар, елімізге коронавирус инфекциясының адам ағзасында болған не болмағанын анықтайтын экспресс-тест жеткізілген болатын.

Айта кетейік, елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 709 адамға жетті. 57 адам жазылды, 7 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети