10 октября 2023 | 07:30

Қазақстанда қызылша ауруына қатысты жағдай шын мәнінде қандай?

Фото: Freepik

Қазақстанда коронавирус пен қызылша жұқтырғандар саны артып жатыр. Желіде "карантинге жабылады" деген қауесеттер де тарап жатыр. Осы орайда Massaget.kz тілшісі дәрігерлермен сұхбаттасып көрген еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус пен қызылша жұқтырғандар саны артып жатыр. Желіде "карантинге жабылады" деген қауесеттер де тарап жатыр. Осы орайда Massaget.kz тілшісі дәрігерлермен сұхбаттасып көрген еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Еліміздегі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, республикада биыл қызылшаның 7540 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 83 пайыздан астамы (6287 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар, 3 пайызы (220 жағдай) - 15-18 жастағы жасөспірімдер, 14 пайызы 18 жастан асқан балалар.

Алматы қаласы бойынша қызылшадан қайтыс болғандар әлі тіркелмеген.

"Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматы қаласы бойынша бүгінде (09.10.2023 ж. жағдай бойынша) қызылшадан 29 ересек және Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 201 бала стационарлық ем алып жатыр. Стационарлық ем қабылдап жатқан науқастың барлығының жағдайы орташа ауыр. Науқастар арасында қызылшадан қайтыс болғандар тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.
"Өлімге әкелуі мүмкін"

Алматылық дәрігер, №11 қалалық емхананың педиатры Мәдина Әбдінәсір балаларда болатын қызылша ауруының қаупі туралы айтты. Оның айтуынша, балалар қызылша ауруымен 5 жасқа дейін ғана ауырады.

"Қызылша өте жұқпалы вирус және ауруды бірден анықтау мүмкін емес. Сондықтан қызылшамен ауырған адаммен айқын байланыс болған жағдайда, мұқият болған жөн. Қызылша ауруы ауа тамшылары арқылы таралады. Мұнда патология ғана емес, сонымен қатар инфекцияның салдары да қауіп тудырады. Баланың аталмыш инфекциямен ауыруының нәтижесінде, мәселен, ауру энцефалит, пневмония, отит, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Қызылшаның алдын алудың ең сенімді түрі – мерзімінде алынған екпе", - деді ол.

Дәрігер балаларда жоспарлы иммундау 1 жас пен 6 жаста жүргізілетінін атап өтті.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная