ПОДЕЛИТЬСЯ
14 марта 2018 | 10:58
"Көрісу күні тек батыста тойланбайды" - Этнограф Амал мерекесінің тарихын айтты
14 наурыз - Көрісу күні. Ежелгі дәстүрді Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Дастархан жайып, бір-бірін қонаққа шақырады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл мереке қалай және қашан шыққанын, қалай атап өтілетінін, қай жақта аталып жүргенін этнограф ғалым Досымбек Қатранұлынан сұрап-білді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз - Көрісу күні. Ежелгі дәстүрді Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Дастархан жайып, бір-бірін қонаққа шақырады. Осыған орай Tengrinews.kz тілшісі бұл мереке қалай және қашан шыққанын, қалай атап өтілетінін, қай жақта аталып жүргенін этнограф ғалым Досымбек Қатранұлынан сұрап-білді.
Ғалымның айтуынша, бұл 22 наурызда тойланып жүрген мейрамның негізгі мерекесі.
"Дәстүрдің көкесі осы. 1918 жылы Григориан күнтізбесіне өткенде қазақтың ай есебі шатасып кеткен, яғни күн күнтізбесімен шатасып кеткен. Ал қазақтың ай, күн есебі ай күнтізбесімен жүреді. "Ай жаңасы", "ай толған" деп есептеуді үлкен кісілер әлі біледі. Енді мынаны түсініп алайық, 22 наурызда тойлайтын Наурызымыз күн күнтізбесімен есептелген отырықшы халықтардың мейрамы болса, Көрісу - қазақтың атам заманнан келе жатқан ай күнтізбесімен есептелгендегі нағыз көшпелі халықтардың Наурызы. Сондықтан бұл өзіміздің ежелгі төл мерекеміз", - дейді ол.
Сонымен қатар, Қатранұлы Амал мерекесі еліміздің тек батысында атап өтіледі деген тұжырымның қате екенін айтады.
"Біз негізі ай жаңасы, ай толған кезде, ай қораланған кезінде деп есептейтінбіз. Сондықтан Наурыз мейрамымыз осы. Ал күн мен түн теңесетін 22 наурыз - күннің есебімен жүретін отырықшы халықтардың мерекесі. Ал көрісу көшпелі халықтардың төл мерекесі. Мысалы биылғы ай жаңасы наурыздың 10-ына келді. Әр жылда әрбір күнге келеді. Яғни биыл бізге Жаңа жыл 10 наурызға келді. Кей жылдары тоғызына, ал кейде 11-іне келеді. Солай айналып отырады. Және бұл күн тек батыста тойланады деу қате. Мәселен шығыста және орталық Қазақстанда мұны Отамалы дейді, Жетісуда Көкек дейді. Ал жалпы халыққа көп тараған атауы - Отамалы", - дейді ол.
Этнограф ғалым қазіргі күнде бұл мерекенің қалай атап өтілетініне тоқталды.
"Бұл күні әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты болсын" деп амандасады. Кәде-сыйларымен де барып жатады. Ал шаруамен өзге жаққа кетіп қалғандар тіпті жазға дейін келіп амандасса, соның өзі көрісуге жата береді, себебі жыл толғаннан кейін бірін-бірі көрмеді. Ал "Жас құтты болсын" деген не сөз? Бұл - көшпелілердің туған күн тойламайтынын анықтап отыр. Бәрі жасына жас қосқандықтан, осы күні ғана "жас құтты болсын" деген тілекті айтады. Осыдан-ақ, көшпелілерде жеке адамның туған күнін тойлау дегеннің болмағанын біліп отырмыз", - дейді Қатранұлы.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также