ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
23 апреля 2018 | 17:54

"Тау көше ме?". Геолог ғалым Көлсайдағы құбылыстың мәнін түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көлсайдағы сырғыма. © ТЖК баспасөз қызметі Көлсайдағы сырғыма. © ТЖК баспасөз қызметі

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары "Тау көшті", "тау көшіп жатыр" деген сөзді жиі айтатын болды. Бұған себеп - Алматы облысындағы қазіргі Кеген ауданындағы Көлсай көлі маңындағы табиғи құбылыстың видеосы. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі профессор, геология және минерология ғылымдарының кандидаты Медетхан Заппаровпен сұхбаттасып, осы табиғат құбылысының себеп-салдарын, алдын алу мүкіндігі, ғылым тұрғысынан қандай атау берілгені жайлы анықтап білді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары "Тау көшті", "тау көшіп жатыр" деген сөзді жиі айтатын болды. Бұған себеп - Алматы облысындағы қазіргі Кеген ауданындағы Көлсай көлі маңындағы табиғи құбылыстың видеосы. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі профессор, геология және минерология ғылымдарының кандидаты Медетхан Заппаровпен сұхбаттасып, осы табиғат құбылысының себеп-салдарын, алдын алу мүкіндігі, ғылым тұрғысынан қандай атау берілгені жайлы анықтап білді. 

Профессор Медетхан Расылханұлының айтуынша, "тау көшкіні" деген халықтық сөз, негізі ғылыми тұрғыдан бұл құбылыс - сырғыма деп аталады.

"Сырғыма пайда болуы үшін еңістік керек, яғни бұл құбылыс жазық жерде емес, таулы жерде болады. Оның өзінде тау жыныстарының түріне қарай болатын құбылыс. Мысалы, монолитті тауда сырғыма болмайды, ал борпылдақ, бос тау жыныстарында ылғал (жауын-шашын немесе қардың көп түсуіне байланысты) көп болған жағдайда оның борпылдақ бөлігіне сіңеді де бір бірімен байланысы әлсіреп, еңіске қарай сырғып кетеді. Тағы бір себебі - сейсмикалық жағдай. Жерасты дүмпуі болған уақытта, қатты тау жынысы суды сіңдірмей, борпылдақ тау жынысымен шекараласқан жерде сырғыма айнасы пайда болып, сырғып кетеді", - дейді маман.


Медетхан Заппаров. © Айдос Қосыбаев

Сондай-ақ, Заппаров Іле Алатауының бөктерінің барлық жері сырғыма болуға бейім келетінін, бұрындары осы таудың бөктерінде табиғат апаты болып, демалыс орталығын шайып кеткенін еске салды. Сол уақытта бірнеше миллион куб сырғып түсіпті.

"Үлкен Алматы көлі, Есік, Қайыңды, Көлсай көлдері жердің сейсмикалық сырғуының арқасында пайда болған көлдер. Үлкен Алматы өзені болатын бұрындары, кейін тау бөктерінен сырғыма түсіп, өзеннің бір бөлігін бөгеп, Үлкен Алматы көлі пайда болды. Мұны сейсмикалық жаралыс деп атайды", - дейді маман.

Ғалым сырғыманың алдын алу мүмкіндігі жайлы да айтып берді. Оның сөзінше, мұндай құбылыс Көктөбеде де болуы мүмкін еді. Алайда мамандар дер кезінде әрекет етіп, жағдай тұрақталған.

"Алматыда таулы аймақтарда тұратын адамдардың көбісі жекеменшік үйде тұратындықтан, яғни орталық кәріздің болмау себебінен барлық аққан суды септикке төгеді. Септикке төгілген су борпылдақ құмнан өтіп, қатты тау жыныса тіреліп, сырғыма пайда болады. 3-4 жыл бұрын көптеген сырғыма пайда болып, біршама саяжайды алып кетті. Бұрындары Көктөбеде де мейрамханалар мен әжетханаларда да осындай септиктер болатын, су сіңбей сырғыма пайда болайын деп, жарықтар пайда болған уақытта осы саланың мамандары әр түрлі цемент қоспасын пайдаланып, ұңғымалар қазып 100-200 метрлік тіректерді шахматтық ретпен жарықтарды бітеді. Ал қазір, орталық кәрізді Көктөбеге дейін тартып, барлық мекеменің жұмысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етті", - деді ол.

Ғалымның айтуынша, Іле Алатауы, Талас Алатауы (Жамбыл облысы) Қошқар ата және Жоңғар Алатауында сырғымалар болып тұрады, себебі бұл тауларда еңіс бар және ылғал деңгейі жоғары. "Қазселденқорғау" басшысы болып тұрған кезімде Көлсайдағы Саты елдімекенін су не лай басып қалмауы үшін әр түрлі әдістерді қолданып, цементтеу жұмыстарын жүргізіп, бекіттеме жасадық. Ал артық суды ағызып отыратын апат жағдайларына арналған тоннель жасадық", - дейді ол.

Алайда ғалым Көлсайдағы жағдайды өзі барып таныспағанын айтты.

"Ғалымдар барып келді, енді соның неден пайда болғанына баға беретін болады. Жерасты сулары сүзілуі мүмкін. Видеодан көргеніміздей, онда таулар биік емес, сол себепті ол баяу қозғалады. Сырғыманың жылдамдығы еңістіктің биіктігіне байланысты, егер биіктігі біршама болатын болса, қозғалысы да едәуір жылдам болады, ал аласа бойлы болған жағдайда баяу болатыны анық. Биік таулар монолиттен тұрады. Онда тек тас құлауы болады. Ал оның бөктерінде ары кетсе 1000-1500 метр биіктікке дейін миллиондаған жылдар бойы желмен ұшып келіп (еолоды процестің арқасында), тауға тірелген шаң-тозаңнан қалыптасқан борпылдақ құмның жиынтығы бар. Сырғыма осы биіктіктерде ғана болады", - деп қорытындылады Медетхан Заппаров. 

Еске салайық, Алматы облысындағы көшкін болып жатқан аймақта апаттан-құтқару бригадасы кезекшілік жүргізіп жатыр. Көлсай көліне қарай баратын жолды басып қалған көшкіннің видеосы пайда болды.

ТЖК мәліметінше, көшкін болып жатқан жерде апаттан-құтқару қызметін топтастыру жұмыстары жалғасып жатыр. "Қазселденқорғау" ММ және "ҚазАвтоЖол" мекемелерінің 20-дан астам арнайы инженерлік техникасы бар: бульдозерлер, грейдерлер, экскаваторлар, жүк тиегіштер, жүк машиналары. Оқиға болған жерде Алматы облыстық ТЖД жедел штабы құрылды (командалық-штабтық автокөліктер базасында). Байланыстың барлық құралы бар", - деп хабарлады комитеттегілер. "Көшкіннің фронт бойынша жалпы ұзындығы - 900 метр. Көшкін Көлсай көліне қарай әлі де жылжып келеді", - деп хабар таратқан еді баспасөз қызметіндегілер.


© Қазақстан ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer