ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 сентября 2018 | 14:51

35 келіге арықтаған әйелді туыстары танымай қалған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© sigina.ro © sigina.ro

7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында арықтау үшін түрлі амалдарды қолданған әйелдер тақырыбы қозғалды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында арықтау үшін түрлі амалдарды қолданған әйелдер тақырыбы қозғалды.

Бағдарламаға осыған дейін 49 келі болып, бірақ кейін тағы 3 келі салмақ қосқан Лаура Ілиясова есімді кейіпкер келді. Оның айтуынша, Астанаға көшкен соң ол қайта салмақ қоса бастаған.

"Әрбір әйел әдемі болғысы келді. Әр әйел үшін сұлулық ең бастысы. Содан мен фигурам жайлы ойлана бастадым, сосын фигураны қалыпқа келтіретін дәрілер жайлы естіп, соны қабылдай бастадым. 3 ай қабылдадым. Бірақ cоңына қарай әлсіздік пен психологиялық тәуелділіктің пайда болғанын байқап, әрі қарайфитнеспен айналысуды жөн көрдім", - дейді арықтауға арналған дәрі дәрмек ішіп ауырған Лаура Ілиясова.

Ілиясованың айтуынша, ол сол дәрілер арқылы біраз салмақ түсіргенімен, іш құрылысына зақым келген. Оның ендігі арманы бұрынғыдай 49 келі салмаққа түсу.

Ал екінші кейіпкер Жадыра Сахиева 110 келі салмақта болып, 2 ай ішінде 35 келі салмақ тастаған. Сол салмақты ол тек қана спорттың көмегімен арықтаған екен.

Жалпы менің бірінші мамандығым режиссер-хореограф. Өзімнің денемді жақсы білемін. 10 күннен өткен соң бірден 10 келі тастадым. Бірақ тері салбырай бастады, сосын бассейнге бара бастадым. Қысымым мазаламаса, барлығы жақсы болды. Өйткені мен биші болғандықтан қай жерде созылу, қай жерде спортпен айналысу керектігін білемін", - дейді 110 келіден 75 келіге дейін арықтаған Жадыра Сахиева.

Ал салмақ қосуына не себеп болды деген сұраққа ол былай деп жауап берді: "Күнде той, күнде жиын, күнде afterparty. Тамақ жемеймін десең ренжиді. Қазақпыз ғой, салмақ қосамыз, аламыз". 

Айтуынша, 75 келіге дейін арықтағанда оны ешкім танымай қалған.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer