04 июня 2019 | 13:58

Еліміздің әнұраны неге екі рет өзгерген

© yvision.kz

Осыдан 76 жыл бұрын, яғни 1943 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұранын жазуға байқау жарияланған еді. Оның нәтижесінде соңғы нұсқа ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидилердің әуеніне жазылған Әбділда Тәжібаев, Қайым Мұқамедханов, Ғабит Мүсіреповтердің мәтіні қабылданды. Бірақ бұл авторлыққа байланысты бірнеше дерек бар. Кейбір деректерге сүйенсек, алғашқы әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қайым Мұхамедханов екені айтылған. Қалған авторлар болса мәтін басындағы "ер қазақ" сөзін "біз қазақ"-қа ауыстырған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан 76 жыл бұрын, яғни 1943 жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік әнұранын жазуға байқау жарияланған еді. Оның нәтижесінде соңғы нұсқа ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидилердің әуеніне жазылған Әбділда Тәжібаев, Қайым Мұқамедханов, Ғабит Мүсіреповтердің мәтіні қабылданды. Бірақ бұл авторлыққа байланысты бірнеше дерек бар. Кейбір деректерге сүйенсек, алғашқы әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қайым Мұхамедханов екені айтылған. Қалған авторлар болса мәтін басындағы "ер қазақ" сөзін "біз қазақ"-қа ауыстырған. 

Tengrinews.kz тілшісі ҚР әнұрандарының тарихы жайлы шолу жасады.

Реклама
Реклама

1943-1992 жылдары Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Мемлекеттік Әнұранының мәтіні

Біз қазақ ежелден еркіндік ансаған,
Бостандық өмір мен ар үшін қиған жан.
Торлаған тұманнан жол таппай тұрғанда,
Жарқырап Лениндей күн шығып, атты таң.

Қайырмасы:
Жасасын Советтер Одағы,
Жеткізген еркіндік, теңдікке,
Бастайтын елдерді бірлікке,
Жеңіске, шаттыққа, ерлікке!

Дақ салмай Лениннің жеңімпаз салтына,
Ұрпағы қосты даңқ Отанның даңқына,
Одақтас, ұрандас елдердің қамқоры,
Көп алғыс айтамыз ұлы орыс халқына.

Іргелі мемлекет, ерікті болдық ел,
Достықпен, бірлікпен жайнайды туған жер.
Еңбекте, майданда, жеткізген жеңіске,
Данышпан партия - сүйікті кемеңгер.

1943 жылы Кеңес билігі одақтас реупубликалардың әрқайсы өз әнұраны болуы керек деген қаулы шығарған. Қайым Мұхамедханов ол кезде 27 жаста болған. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол кезде байқауға еліміздің марқасқа жазушылары мен поэзия әуесқойлары да қатысқан көрінеді. 1945 жылы жоғарыдағы мәтінді Кеңес биілігі мақұлдаған. 


Қайым Мұхамедханов. © elorda.info

Тарихи мәліметтерде осы мәтінге ән жазған Мұқан Төлебаев әнұранның сөзін жазған Қайым Мұхамедхановпен бірге отырып ұзақ уақыт бойы әнұранды бір нақышқа келтіру үшін жұмыс істегені айтылады. 

Сөйтіп бұл әнұранның мәтіні 1943-1992 жылдар аралығында Қазақ Кеңес Социалистік Республикасында шырқалды.

1992-2006 жылдардағы Мемлекеттік Әнұран

1992 жылы Кеңес Одағы күйрегеннен кейін тәуелсіз мемлекеттің азаттығы мен зайырлығын бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажет болды. Осыған орай 1992 жылы еліміздің әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланған еді. Жалпы конкурсқа 750 жоба түскен екен. Сөйтіп байқаудың жеңімпазы деп Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған туындысы Қазақстан Республикасының әнұранының мәтіні деп таңдап алынған. Айта кетейік, 1992 жылы әнұранның тек мәтіні өзгерді, ал әнұран әні алғашқы күйінде қалды. 


Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиев. © Bugin.kz

Қазақстан Республикасының 1992-2006 жылдардағы Мемлекеттік Әнұранының мәтіні

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.

Қайырмасы:
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты - халықта,
Халықтың қуаты - бірлікте!

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі -
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!

Қайырмасы:

Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!

Қайырмасы:

Қоғам белсенділері әннің сақталуын дұрыс деп санаған, себебі ол қазақ халқына бұрыннан таныс ән. Айта кетейік, халық белсенділері 1992 жылы қабылданған мәтіннің жаттауға тым қиын екенін айтқан. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде 2000 жылы қызу талқыланған. Оны парламент депутаттары қызу талқылады. Олар мектеп оқушыларының екі жылда мәтінді толық жаттай алмағанын мәлімдеген. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру үшін 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған еді. Жалпы бұл өлеңді бейресми әнұран деп те атаған.

Парламент депутаттары бұл әннің халық аузында екенін алға тартты және оны басымдық деп санаған. Сондай-ақ олар әннің түпнұсқасы гимн ретінде қабылдануы мүмкін емес екенін мәлімдеді. 

Осы тұста Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру мақсатында және оның салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеген. Яғни әннің түпнұсқасы өзгерді.

Қазақстан Парламенті 2006 жылдың 6 қаңтарында палаталардың бірлескен отырысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досыңдай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Осылайша мемлекеттің басты рәміздерінің бірі - әнұран екі рет бекітілген. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная