Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 июня 2023 14:16

Нью-Йорктегі бірнеше кәсіп иесі, қазақстандық Әнел табысты болуының құпиясын бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/anelyaalim Фото: instagram.com/anelyaalim

Бірнеше сұлулық салоны, сән шоуларында дизайнерлермен жұмыс, косметика бренді, ресторан кәсібі - мұның бәрі бір әйел Әнел Әлімованың кәсібі. Ол - алпауыт Америкаға бұдан екі жыл бұрын көшкен қазақ қызы. Арман, мақсат және жоспар әрекет етпей жүзеге аспайтынын Әнел Әлімова оқушы кезінен түсініп алған. Қазақстанда 15 жыл бизнеспен айналысқан кейіпкеріміз бүгінде АҚШ-қа көшіп, талай қазақстандыққа жұмыс ұсынып отыр. Massaget.kz тілшісі кейіпкермен 12 бизнесті жүргізгені, 9 несиеден құтылғаны, АҚШ-қа қоныс аударғаны, ол жақта кәсібін қалай дөңгелеткені туралы сұхбаттасты.

Әнел Әлімова небәрі 35 жаста. Ол - Жамбыл облысы, Бурный ауылының тумасы. Ол 1 жасқа толғанда отбасымен Қостанайға көшкен. 11 жасында Астанаға көшкен. Әнел Еуразия Ұлттық университетінде экономист мамандығын қызыл дипломмен аяқтаған, одан кейін заң мамандығы бойынша Павлодар университетінде және Мәскеу университетінде білім алған.

Аула сыпырушысы болып істеген

Әнел бала кезінен еңбекқор. Ол кішкентай кезінде ата-анасынан асханаға ақша сұрай бермеу үшін дүкенге аула сыпырушысы болып орналасқанын айтады. Әнел спортқа жақын болған соң оның таңда тұрып жұмысқа баратынынан ата-анасы хабардар болмаған, ата-анасында қызы таңда жүгіруге барады деген ой болған. Тек бірде анасы қоқыс төгуге шыққанда дүкен алдында аула сыпырып жүрген Әнелді көріп қалған. Кейін анасы дүкеншіге кішкентай баланы жұмысқа жегіп қойғаны үшін ұрысып берген. Бірнеше жылдан кейін Әнел көше сыпырушысы емес, дүкенші болып жұмысқа орналасады, кейін тіпті несие алып, өз дүкенін ашады.

Кейіпкер Қазақстанда 14 жасынан жұмыс істей басаған. Ол Қытай арқылы киім сатып, кейін ресторан бизнесі мен салон ашқан. Ол Америкаға көшетінін шешкен соң барлық бизнесін сатып, тек салонын қалдырған. Әнел бизнесін дөңгелетуге банктен 9 несие алғанын айтады. Бірақ Америкаға арман қуып кеткен отандасымыз елден көшпес бұрын барлық бизнесін жауып, ақшасын жинап көшкен. АҚШ-та оған бәрі жаңадан басталды.

"Астанада Еуразия ұлттық университетінде оқып жүріп, жұмыс істеп жүрдім. Қытайдан тауар алып сататынмын. Алматыдан Қорғасқа, Үрімшіге баратынмын. Ауыр сөмкелерді таситынмын. Кейін Астанада сауда үйлерінен бутик аштым. 3-курста Америкаға Wоrk and Travel бағдарламасы арқылы алғаш рет Нью-Йоркке келдім", - дейді ол.

Сән шоуына дайындық. Әнел және оның командасы. Әнелдің жеке архивінен

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіп оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети