ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 апреля 2020 | 13:45

"Ғаламшар тым ауыр, дәрігерлер тым аз". Суретші коронавирус туралы жантүршігерлік туындылар салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/mustafaansa © facebook.com/mustafaansa

Белгілі блогер, ұлттық нақыштағы жейде шығарып жүрген танымал суретші Аңсаған Мұстафа Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы әсерлі суреттер салды. Суретші туындыларын әлеуметтік желідегі парақшасына салып, оқырмандарымен бөлісіп отырады. Tengrinews.kz тілшісі Аңсаған Мұстафамен сөйлесіп, суретшінің әр туындысының қандай мағына беретінін сұрады. 


Иконка комментария блок соц сети

Белгілі блогер, ұлттық нақыштағы жейде шығарып жүрген танымал суретші Аңсаған Мұстафа Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы әсерлі суреттер салды. Суретші туындыларын әлеуметтік желідегі парақшасына салып, оқырмандарымен бөлісіп отырады. Tengrinews.kz тілшісі Аңсаған Мұстафамен сөйлесіп, суретшінің әр туындысының қандай мағына беретінін сұрады. 

Аңсаған Мұстафаның коронавирусқа байланысты салған алғашқы суреті 8 наурызға арналған. Суретшінің айтуынша, бұл - қыз-келіншектерді мейрамымен құттықтаған ерекше ашықхат түрі. 

"Бұл сурет бір жағынан ескерту деген оймен салынды. Халық, неге екенін білмеймін, бұған дайын болмады. Қытайларды келекетіп, "мұсылмандарға бұл тимейді, қытайлықтар қырылып қалсын" деген пікірлерді оқыдым. Жылап, уайымдап жүрдім. Бұл недеген ақымақтық деп ойладым. Өз басым желтоқсанның аяғы, қаңтардың басынан бастап шетелдік басылымдардан оқып, вирус бізге жетпесе екен деген ой болды", - дейді сурет авторы. 

Ал келесі сурет шамамен 10 наурызда салынған. Аңсаған Мұстафаны мұндай сурет салуға коронавирусқа байланысты шаралар тым ұзақ қабылданып жатқан секілді ой итермелеген екен. 

"Өзім 8 наурыздан кейін балаларымды мектепке жібергім келмеді. Менде бізде ауру болмаса да карантин жасайықшы деген дүрбелең болып кетті. Бәлкім, Италиядағы, Германиядағы жағдайды естігеннен кейін шығар. Сосын әбден шыдамым таусылып, 10 наурызда "Қобыланды келеді сайменен" деген суретті салыппын. Ол суретті салған себебім, шешім қабылдау тым ұзақ болып көрінді маған. Мен далада жүрген суретшімін ғой, мемлекеттік құрылымда отырған адам емеспін. Қандай әрекет жасалатынын білмеймін. Маған соның барлығы тым ұзақ болып көрінді. Сосын, қазақтың "Қобыланды келеді сайменен" деген өлеңі бар ғой. Жалпы өз басым карантинді ақпанның ортасынан бастап қабылдайтын едім. Бірақ асыра сілтеу шығар енді", - деп түсіндірді суретші.

Бұл коронавирусқа байланысты карантин шаралары қабылданғаннан кейін туған сурет. Аңсаған Мұстафаның айтуынша, бұл туынды адамдардың коронавирус жағдайына қарамай, далаға шығып, қыдырып жүрген адамдарға наразы болғаннан кейін салынған.

"Үйде отыр" деген сурет пен әткеншекте отырған бала туралы суреттің идеясы бір уақытта келді. Бұл енді карантин қабылданғаннан кейін, адамдардың коронавирус жағдайына қарамай, далаға шығып, балаларымен ойнатып, дүкендерге барып жүргендеріне наразы болғаннан кейін салынды. Бір шеті олар шетелдегі статистиканы көріп, оның ішінде коронавирусты кішкентай балалар жұқтырмайды дегенді естіп, таза ауада жүріп ойнауы керек деген ой болған шығар. Бұл ақымақтық, эгоизм. Тәртіпке бағынбағандарға қатты ашуым келіп, ережені елемейтін аналарға ескерту ретінде салынған сурет", - дейді сурет авторы. 

"Үйде отыр" туындысы да адамдарға вирус қауіпті екенін ескерту мақсатында салынған екен. 

"Адамдар "бұл вирус саясат, ешқандай вирус жоқ" деген сияқты ақымақтықтарын қойсын деп қорқынышты етіп салғанмын. Бұл суретке қатысты түрлі пікірлер айтылды. "Үрей тудырады екен", "қорқынышты екен", "бәрі бір қарағаннан түсінікті екен" деп жазды", - дейді Аңсаған Мұстафа. 

Суретшінің айтуынша, туындылардың барлығы ескерту, сақтандыру мақсатында туған.  

"Бұл суреттер жүректен шығып жатқан туындылар. Ескерту, сақтандыру мақсатында жасалған. Адамдарды ойландыру, сақтандыру үшін салынды. Қолдан келгенше, елімізді аман-есен алып қалсақ деп ойлаймын. Шетелде адамдардың сыртқа шықпауы үшін түрлі ауыр шаралар жасалып жатыр ғой. Біздің елде де сақтандыру шаралары кішкене қатаңдау болса деп ойлаймын", - дейді суретші.

"Бұл сурет жақында туған. Бұл негізі ескі сурет. Қазір жігіттердің барлығы үйінде жатыр. Жай жатқаны жай жатыр, басқасы басқа деген сияқты. "Әлемді құтқарып жатырмын" деп қалжың ретінде салынған сурет. Бұл сурет те әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті", - дейді сурет авторы. 

Суретші мына туындысы арқылы дәрігерлерге деген құрметін көрсеткен. 

"Бұл суретпен дәрігерлерге деген құрметімді, күні-түні жұмыс істеп жүргендері үшін рақметімді айтқым келді. Себебі барлық ауырлық, салмақ дәрігерлерімізге түсіп тұр. Мысалы қазіргі статистика осыдан екі апта бұрынғы адамдардың жүріс-тұрысының салдары ғой. Ережеге бағынбай, той жасағаны бар, кеше ғана Алматыда бір моншаның жабылғанын естідім. Масқара емес пе? Сол себепті адамдардың тәртіпсіздігіне байланысты бұл жағдай созылып бара жатыр. Планета тым ауыр, дәрігерлер тым аз. Дәрігерлердің өздері де ауырып қалып жатыр. Бір-біріне көмектесудің орнына, өзімен өзі арпалысып жатқандары. Бүкіл әлемде, тек бізде емес. Сондықтан бір-бірімізді сақтау үшін қолымыздан келетіні, тек далаға шықпау. Бұрынғы заманда да осы секілді аурудан еш ем болмағанда әркім үйінде отырған", - дейді Аңсаған Мұстафа. 

Аңсаған Мұстафаның айтуынша, коронавирус еліміздегі барлық саланың қандай деңгейде екенін көрсетіп жатыр.

"Мысалы, кезінде Білім министрлігі қаншама миллиард ақшаны цифрландыру, интернетке жұмсағанымен, енді бұл жұмыстармен қазіргі басшылық қайта айналысып жатыр. Кезінде жасалмай кеткен шаруаларды, министр жас болса да, қолынан келгенше істеп жатыр. Сол секілді денсаулық сақтау жүйесінде қалып қойған шаруалардың барлығымен дер кезінде күреспей, көз жұма қарағандықтан жүйенің нағыз деңгейін көрсетіп отыр. Біртанов мырза да қазір бар жанын салып жүрген кісі", - дейді суретші. 

"Барлығын өзімізде шығарамыз, керемет деп жатамыз. Ол жағы әлсіз екенін көріп отырмыз. Мысалы, мен өзім футболкалармен айналысамын. Оны Шымкенттен тіктіріп аламыз. Матаны Түркиядан аламыз. Қытайға тәуелді емеспіз. Қытайдан тауар келу тоқтаған соң, бізге басқа қаладан хабарласып, "сіздерден алайық" деді. Біз қуанып, Қытай жабылған соң, жұмыс күшті жүріп кетеді деп ойладық. 10 шақты күн солай жүріп, артынша өзіміз де карантинге жабылып қалдық. Біздің елде ештеңе шықпайды, ештеңе өндірілмейді. Кең байтақ жеріміз бар, бүкіл әлемге тасымалдайтын мал бағуға болады. "Алтын күміс тас екен, арпа бидай ас екен" деген мақалды түсінетін кез келген шығар деп ойлаймын", - деді Аңсаған Мұстафа.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 584 адам коронавирус жұқтырған. 44-і айығып, 6 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498   525.74   4.99 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети