ПОДЕЛИТЬСЯ
08 января 2019 | 09:32
Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-нұр Сейітмағамбеттің екінші сәбиі дүниеге келді
Әнші Ақбота-нұр Сейітмағамбет екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның күйеуі, шоумен әрі актер Дәурен Айдарқұлов Instagram желісінде жазып, сүйінші сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әнші Ақбота-нұр Сейітмағамбет екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның күйеуі, шоумен әрі актер Дәурен Айдарқұлов Instagram желісінде жазып, сүйінші сұрады.
Ибраһим есімді баласы бар жұптың бұл жолғы перзенті қыз болды.
"Жаратқанға мадақ! Ақбота-нұр маған қыз сыйлады! Әлхамдулиллах", - деп жазды ол парақшасында.
Кейін әншінің өзі де бұл қуанышы жайлы жазды. Оның айтуынша, жаңа туған сәбиге Аиша деген есім қойылған.
© instagram.com/daurenaidarkulov
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов мұның алдында сұхбаттарының бірінде бірінші некесінен үш баласы бар екенін айтқан. Ал Ақбота Сейітмағамбет екеуінен Ибраһим есімде бала дүниеге келген. Осылайша Айдарқұлов бес баланың әкесі болып отыр.
2016 жылы Қазнетте Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбеттің қарым-қатынасы талқыланған. Сол уақытта жұрт Дәуренді әйелі мен үш баласын тастап кетті деп айыптаған. Кейін Дәурен мен Ақботаның үйленіп, балалы болғаны хабарланған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также