ПОДЕЛИТЬСЯ
15 июля 2019 | 14:01
Қазақстандық жұлдыздар жаппай "қартайып жатыр"
Қазақстандық эстрада жұлдыздары FaceApp бағдарламасындағы функция арқылы қартайған суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық эстрада жұлдыздары FaceApp бағдарламасындағы функция арқылы қартайған суреттерін жариялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Әли Оқапов шашы ағарған, бетіне әжім шыққан суретін салған.
"Міне, енді нағыз шал. Нучаның тойында осылай отырамыз", - деп әзілдепті ол.
2014 жылғы "Қазақстан дауысы" жеңімпазы Шаһарихат Сейдахмет те болашақта қандай боларын көрсеткен. Фолловерлерінен әнші "Қартайғанда кімге ұқсайтын сияқтымын?" деп сұрапты.
Ал танымал актер Максим Акбаров әрдайым жас көрінетінін айтып, бірнеше сурет ішінен оқырмандарына таңдау жүргізуді ұсыныпты.
"Мәңгі жас. Қартайғанда қандай образды таңдайын?", - деп жазған Акбаров Instagram желісінде.
Азия тобының солисі Ербол Шарипов қартайған кезіндегі образына көңілі толмады.
"Мына суретке қарап көп ойландым. Бала кезімде 40 жасқа таяп қалған ағалар бір үлкен кісідей көрінетін, ал қазір өзім 30-дан біраз асып кеттім. Қызығы өзім сол 40-қа таяп қалсам да 20 жастағы кезімнен еш айырмашылық жоқ (ну по крайней мере, так себя чувствую). Әрине Алладан ұзақ ғұмыр тілейміз және ұрпағымыздың қызығын ұзағырақ көргіміз келеді, бірақ қартайған кезім дәл осындай болса, жәмәәән шал болады екенмін", - деп жазған әнші (мәтін қаз-қалпында - Авт.).
КВН ойыншысы, әзілкеш, тележүргізуші Еркебұлан Мырзабекке ел ағасы болатын жасқа жеткен шағы ұнаған секілді.
"Добрый шал болады екенмін ғой, ну или предложите свой вариант?", - депті ол.
Актер, әзілкеш Шәріп Серік "Шако ата" нұсқасын көрсетті.
Ал актер Бауыржан Сатов жарымен түскен суретін өңдеп, оқырмандарын таңғалдырды.
"Сол немерелерiмiздi журген кыдыртып", - деп жазған ол.
Тележүргізуші, әзілкеш Марат Оралғазин да елге қосылды.
"Жұрттың шалдарынан кембіз бе?", - деп жазыпты. ол.
Хит әндердің орындаушысы Нұрболат Абдуллин өзінің өңделген суретін салса да, "қартаюға асықпайық" деп кеңес беріпті.
Актриса, модель Гүлназ Жоланова әдемі қартаюдың үлгісін көрсетті.
"Негізі, кезінде "Қазақ аруы" болғанмын деген түр ғой", - деп әзілдепті Жоланова.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также