Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
02 сентября 2020 13:57

"Қай әрекетім қате?" Лукашенко наразы халқына не айтқаны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусьте халықтың наразылық шаралары жалғасып жатыр. Кеше студенттер митингіге шықса, Балтық елдері Лукашенкоға елге кіруге тыйым салды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі наразылықтың 24-күніне шолу жасап, Александр Лукашенконың соңғы мәлімдемелері туралы баяндайды.


Беларусьте халықтың наразылық шаралары жалғасып жатыр. Кеше студенттер митингіге шықса, Балтық елдері Лукашенкоға елге кіруге тыйым салды. Tengrinews.kz тілшісі елдегі наразылықтың 24-күніне шолу жасап, Александр Лукашенконың соңғы мәлімдемелері туралы баяндайды.

Студенттер мен журналистер ұсталды

Білім күніндегі елдің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтті. Бірақ оның ең үлкенін студенттер ұйымдастырды. Мысалы, Гродно қаласында екі мыңнан аса студент пен бірқатар оқытушы қайтадан сайлау өткізу туралы петицияға қол қойған.

Ал Минскідегі жүздеген студент жаңа оқу жылының алғашқы күнін наразылық шараларымен өткізді. Таңғы 11-ден бастап студенттер қала ортасында үкіметке қарсы ұрандар айтып, Беларусь Білім министрлігінің ғимаратына қарай барған. Бірақ жолда оларды әскерилер күтіп алды. Жол бойы оларды құқық қорғаушылар ұстай бастаған, кейін оларға автобуспен күш құрылымдарының өкілдері келген.


© РИА Новости 

Sputnik Беларусь мәліметінше, студенттер арасында оқытушылар да болған. Беларусь мемлекеттік университетінің оқытушысы Вадим Белявец тарих факультетінде оқитын бір топ студентті милициядан қорғап қалған, бірақ өзі ұсталған. Түске дейін 20 шақты студент ұсталғаны хабарланды.


© РИА Новости 

Кейін студенттер Тәуелсіздік алаңынан Якуб Колас алаңына қарай бет алған. Жолда оларға түрлі университетте оқитын бір топ студент қосылған. Бірақ құқық қорғаушылар сәт сайын жолды жауып тастап отырған. Кейін ОМОН өкілдері автобуспен келіп, студенттерді ұстай бастады. Бүгінде қанша студенттің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

Елдің Білім министрлігі болса, митингіге шыққан студенттерді оқудан шығару мәселесін әр университеттің өзі шешетінін мәлімдеді.


© Reuters

Сонымен қатар, Тut.by порталының мәліметінше, студенттердің акциясынан хабар таратқан журналистер де ұсталған. Полиция бөліміне 40-тан астам журналист жеткізілген. Кейбірі түнді сол жақта өткізіпті. Енді олар санкцияланбаған акцияға қатысқаны үшін заң алдында жауап береді.

Ұсталғандарды азаптап, қорлау деректері тіркелген

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметінше, 9 тамыздан бері Беларусьте наразылық акциялары кезінде ұсталған адамдарды азаптау және оларға қатысты қатыгездік туралы 450 құжатталған іс тіркелген. Сондай-ақ, БҰҰ сапаршылары кем дегенде 6 адамның қайда екені белгісіз екенін мәлімдеді. Мұндай ақпаратты кеше БҰҰ Адам құқықтары жөнінде жоғарғы комиссарының басқармасы жариялады.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Беларусь билігін қамауға алынғандарды азаптауды тоқтатуға және наразылық білдірушілерді тергеу изоляторларында қорлап, соққыға жыққан полиция қызметкерлерін жауапқа тартуға шақырды.

"Бізді уақытша ұстау изоляторларындағы азаптау және басқа қатыгез қарым-қатынас туралы жүздеген шағымдар қатты алаңдатады", - деді олар.

Сарапшылардың хабарлауынша, кем дегенде 6 адамның қайда екені және денсаулық жағдайы белгісіз. Олар бейбіт наразылықтарға зорлық-зомбылық шаралары жалғаса берсе, жоғалып кеткен адамдар саны артуы мүмкін екенін айтады.


© Reuters 

Лукашенкоға Балтық елдері "соққы" жасады

Кеше студенттер митингіге шығып жатқанда Лукашенкоға Балтық елдері "соққы" жасады. Латвия Беларусьтің 30 азаматына, оның ішінде президент Александр Лукашенко және оның әкімшілігінің қызметкерлеріне елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы Латвия СІМ басшысы Эдгарс Ринкевичс мәлімдеді.

"Олар президент сайлауындағы алаяқтық және Беларусьтегі бейбіт митингілерге қарсы қатаң шара қолданғаны үшін жауапты. Біз тәуелсіз және демократиялық Беларусь пен оның азаматтарын қолдаймыз", - деп жазды Ринкевичс Twitter желісіндегі парақшасында.

РИА Новости мәліметінше, Лукашенко, сондай-ақ ішкі істер және әділет министрі, бас прокурор, ОСК мүшелері және құқық қорғау органдарының кейбір қызметкеріне Эстонияға кіруге бес жылға тыйым салынды.

Эстония СІМ басшысы Урмас Рейнсалудың айтуынша, Таллин осылайша Беларусьте адам құқығының бұзылғанына қатты мән береді және олардың демократиялық өзгерістерге қол жеткізу үшін күшін қолдайды.

Лукашенко бұған дейін Литваға кіруге болмайтындардың тізімінде еді. Вильнюс те Еуропалық одақтың Беларусьтегі зорлыққа жауаптыларға қарсы жеке санкция енгізу шешімін қолдаған.

Лукашенко елдегі жағдайлар туралы не дейді?

Балтық елдерінің бұл шешіміне Лукашенко да қарап қалмады. Оның айтуынша, енді Беларусь Брест пен Гродно маңындағы шекараларын жауып тастауы мүмкін, сондықтан неміс жүктері Шығысқа қарай жетуі қиындайды. Осыған байланысты басқа еуропалық мемлекеттер республикамен қайшылыққа түсуден қорқады.

Сондықтан Лукашенко әлсіз Балтық елдеріне Беларуське қарсы тұруға бұйрық берілді дейді. "Оларға "фас" деген бұйрық берілді, ал олар қоршаудың артынан тұрып осындай шешім қабыдажы. Мен оны осылай бағалаймын", - деді мемлекет басшысы Барановичтегі журналистерге.


© Reuters 

Лукашенко енді Балтық елдерінің бұл әрекеттеріне қарымта шаралар дайындап жатқанын айтты.

Кеше Беларусь президенті елдегі наразалық шаралары туралы тағы да пікірін айтқан. Ол билікті емес, ел қирай ма деп уайымдайтынын атап өтті.

"Мен тек бір мәселеге алаңдаймын: біз ширек ғасыр бойы өз қолымызбен құрғанды қорғағым келеді. Біз бұл елді күл мен қираған үйіндіден көтердік", - деді Лукашенко.


© Reuters

Президент өзін миллиондаған адам қолдайтынын және билікке басқа күш келіп, сол адамдар мен балаларына күн көрсетпейтінен қауіптенетінін атап өтті.

"Мен бәрінен бұрын соны уайымдаймын. Ресейде бір адамдар: "Лукашенко саусақтары көгергенше билікті ұстап отыр" дегендей. Мен империя қирағаннан кейін құрған елімді бөлгенін және сол үшін еңбек еткен адал адамдардың зардап шеккенін қаламаймын. Бұл қырғын болады. Украинадағы жағдай түк болмай қалады", - деді Беларусь президенті.

Сонымен қатар, Лукашенко кеше елдегі колледждердің біріне барып, геосаясат бойынша пікірін айтқан.

"Айтыңдаршы, қай әрекетім дұрыс емес? Лукашенко "андай-мындай", ол Ресейден теріс айналды деген сөздер бар. Ешқашан! Мен Ресейден бет бұрған жоқпын. Иә, мен мүмкіндігінше көпвекторлы саясат жүргіздім. Мен Еуропа мен Америкаға керек емес екенімді түсінбейді дейсіңдер ме? Бірақ мен елді құтқаруым керек болды", - деді Лукашенко.

Беларусьтегі тәртіпсіздік: оқиға қалай басталды?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети