15 августа 2019 | 17:52

Аты қандай, заты қандай: Шәуілдір мен Бурабай атаулары қайдан шыққан?

Tengrinews.kz порталы еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы шыққан атауы қайғылы аңызбен байланысатын елді мекендерге тоқталамыз. "Аты қандай, заты қандай" жобасында - Шәуілдір мен Бурабай кенттері.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz порталы еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы шыққан атауы қайғылы аңызбен байланысатын елді мекендерге тоқталамыз. "Аты қандай, заты қандай" жобасында - Шәуілдір мен Бурабай кенттері.

Қос ғашық хикаясы

Реклама
Реклама

Шәуілдір - Түркістан облысындағы Отырар ауданына қарасты кент. Шымкент қаласынан 142 шақырым жерде жатыр. Кент Арыс өзені мен Алтынбеков атындағы каналдың бойында орналасқан.

Шәуілдірден 8 шақырым жерде ескі Отырар қаласы және Арыстан баб мешіті бар. Бұл кенттен Саттар Ерубаев, Көпен Әмірбек және Бекарыс Шойбеков сияқты танымал ақын-жазушылар шыққан.

2018 жылғы дерек бойынша, Шәуілдірде 9 мыңа жуық адам тұрады.


© shymkenttv.kz

Кент атауының шығуына байланысты түрлі аңыздар бар. Бір нұсқа бойынша, кезінде Шәміл мен Дүр есімді қос ғашық болған. Бірақ бозбала мен бойжеткеннің қосылуына тыйым салынып, олар жазаланған екен. Жаза бойынша, атқа мінген екі жас қолына қылышын ұстаған әскердің арасынан қашып шығуы керек. Шәміл қылыш іздерінен қанға боянғанымен, қашып шыға алған. Бірақ Дүр сол жаза кезінде қаза тапқан екен. Содан бері ел бұл маңды "Шәміл-Дүр" мекені деп атап кеткен. Кейін ол Шәуілдір болып қолданысқа енген.

Тағы бір дерек бойынша, Шәуілдір Махмуд Қашқаридің "Диуани Лұғат ат-Түрік" сөздігі мен Рашид ад-Диннің "Жылнамалар жинағында" кездеседі. Қашқари кітабында оғыздардың 22 руы айтылған, солардың бірі джувалдар екен. Бұл ру Рашид ад-Диннің еңбегінде де бар. "Джувалдар" сөзі "намысты, даңқты" дегенді білдіреді. Ал "джувалдур" деген "даңқы шыққан" тіркесін білдіреді екен. Бүгіндегі Шәуілдір сол сөзден шыққан болуы мүмкін деген дерек бар.

Елді қорғаған ақбас бура

Бурабай Ақмола облысында орналасқан. Көкшетау қаласынан 90 шақырым жерде жатыр. Бурабай көлінің жағасынан орын тепкен. Бурабайдың іргетасы 1910 жылы қымызбен емдеу шипажайының ашылуына орай қаланған. 1939 жылы кент статусын иеленген.

Мұнда Қазақстандағы ең ірі шипажай - Бурабай орналасқан. Одан да бөлек түрлі шипажайлар бар.

Бурабайдың да атауына байланысты ел арасында аңыз бар. Кенттің атауы танымал көлдің атымен қойылған.


© byrabai.kz

Аңыз бойынша, Көкшетауда ақбас бура мекен етіпті. Оны сондағы ел әулиедей көріп, қызғыштай қорғаған. Себебі киелі жануар жаудың жақындап қалғанын сезіп, тау-тасты кезіп, еңіреп-боздап жүгіре кетеді екен. Сол маңды мекендейтін ел-жұрт дұшпанның таяп қалғанын түсініп, тығыла қалады деседі.

Бірақ бір күні жаудың мергендері мамыражай жайылып жүрген бураны аңдып, оған бірнеше жебе атыпты. Ауыр жараланған бура биік тауды айнала қашып, көп ұзамай құлап кетеді. Сол кезде боздап жатқан бураның көзінен жас аққан деседі. Сөйтіп, киелі жануар шөккен бойы сол жерде қара тасқа айналған екен. Ал көзінен аққан жас көл болыпты. Сол көлді кейін ел-жұрт Бурабай деп атап кеткен.

Оқи отырыңыз:

Аты қандай, заты қандай: Шу мен Мойынқұм атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Қыземшек пен Шелек атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Арыс пен Шемонаиха атаулары қайдан шыққан?

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная