ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
09 мая 2018 | 11:54

"Әйелім алимент төлемейді" - Үш баланың әкесі басқа еркекпен кеткен жұбайын айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш баланың әкесі әйелінен алимент өндіре алмай жүр. Бүгін 7 арнада "Мама, алимент төлеші" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына қонақ болған 38 жастағы Асқаров Жақсылық есімді 3 баланың әкесі келді.


Иконка комментария блок соц сети

Үш баланың әкесі әйелінен алимент өндіре алмай жүр. Бүгін 7 арнада "Мама, алимент төлеші" тақырыбы қозғалған "Өз ойым" бағдарламасына қонақ болған 38 жастағы Асқаров Жақсылық есімді 3 баланың әкесі келді.

Тұрақты жұмысы болмаған Жақсылық дүкенде әр түрлі жұмыстар атқарып, нәпақа тапқан. Алайда жары Айнагүл тұрмыстық жағдайдың жоқшылығына шыдамай басқа, еркекпен бас қосып кеткен.

"Әйелім басқа еркекпен кеткендіктен балаларымды өзім алып қалдым. Қазіргі уақытта үш баланы да асырап отырмын, әйелім алимент төлемейді", - дейді ол.

Эфир барысында Жақсылықтың жары хабарласты.

Күйеуінің сөзін құптамаған Айнагүл ол әр кезде ұратынын айтып салды. "Балалардың маған қарсы қойған мектепке барып, балаларымды көруге барайын десем барлығына шектеу қойған. Мен қайта қосылуға қорқамын, талай рет таяқ жегенмін". -  деп көз жасына ерік берді әйелі.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Читайте также
Join Telegram
Tengrinews отмечает 14-летие
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети