01 августа 2018 | 17:03

"Далада түнеген кезім болған". Америкаға арман қуып барған қазақ жігіті өмірі жайында

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Нұрлан Сәдібеков.

Алматылық Нұрлан Сәдібеков Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен "синхрон аудармашы" мамандығын алып шыққан. Ол қазіргі таңда Америкадағы Колорадо штатының астанасы Денвер қаласында тұрады және сол жерде жұмыс істейді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Нұрлан Сәдібеков Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен "синхрон аудармашы" мамандығын алып шыққан. Ол қазіргі таңда Америкадағы Колорадо штатының астанасы Денвер қаласында тұрады және сол жерде жұмыс істейді.

"Шыны керек, дүниежүзінің төрт бұрышынан Америкаға келіп жатқан әр адамда өзінің мақсат-армандары, алып амбициялары, құлшыныстары бар. Американы тым болмаса бір рет көру менің де бала кезден арманым болды. Тек экраннан ғана көретін әлемдегі ең танымал актерлер, әншілер, дүниежүзінің ең атақты, дәулетті адамдары шыққан, жүздеген ұлттың мәдениетін топтастырған елде болып, танысуды армандайтынмын. Университетте оқып жүргенде Америкаға келген достарымнан Work and Travel бағдарламасы жайлы естідім, сөйтіп үш ай жазда бұл елге келу мүмкіндігі туды", - деді ол.

Реклама
Реклама

Нұрланның айтуынша, Америкадағы алғашқы күндерде қиындықсыз болмаған, бірақ уақыт өте келе армандары жүзеге аса бастапты.

"Ең алғаш кездер әлі есімде. Досым екеуміз Breckinridge қалашығына келдік. Түнгі сағат екілер шамасы. Тау етегінде орналасқан екен, күн салқын. Жұмыс орнымыз жабық болғандықтан, таңға дейін жүре тұрайық деп шештік. Көшедегі америкалықтардың қонақжайлығына таңғалдық, олар тіпті 1-2 күн үйлеріне тұруға рұқсат берді. Жұмыс мәселесі дұрыс шешілмей, Денвер қаласына аттандық, қалтамыздағы ақша санаулы, кей күндері көшеге де қондық, күнделікті тамағымыз бір нан мен 3,5 литр сүт болатын", - деп еске алды ол.

Нұрланның айтуынша, сол кездерде оған Америкадағы қазақтар жолығып, көмек қолын созған. Біртіндеп жұмысқа орналасқан ол жат жердің күнделікті өміріне тез үйреніп алыпты.

"Мерзім аяқталып, Қазақстанға оралғаннан кейін оқуды тәмамдап, Америкаға қайта келіп, жұмыс істеп, іс бастауды жоспарладым. Себебі бұл жердегі мүмкіндіктерді, халық үшін жасалған жағдайларды және істеген жұмысыңды қалай бағалайтынын көріп, қайта оралғым келді. Ал тіл жағы өз мамандығым болғандықтан қиындық туғызған жоқ", - деді ол.

Нұрлан қазіргі таңда Америкадағы ең ірі компаниялардың бірінде кабельдік орнату саласының маманы болып жұмыс істейді. Айтуынша, қазір оған өзге штаттардан жұмыс ұсынып, компанияларына шақыратындар да бар.

"Бұл жақта жұмысты тиянақты істеуден бөлек, қызмет көрсету дәрежесі бағаланады. Қызмет түрін көрсеткеннен кейін компания өкілдері клиентке хабарласып, сенің қызмет көрсетуіңе баға сұрайды. Сол себепті әркім өз жұмысына адал әрі тиянақты. Ал еңбекақысы орта есеппен алғанда айына 3 мың доллар. Қосымша такси жүргізетіндер болады, олар айына қосымша, шамамен 1,5 мың доллар табыс табады. Бұған дейін үй көшірісу саласында ауыр жұмыс істедім, ол кезде аптасына 1 мың доллар табыс табатынмын. Қазіргі жұмысым өзіме қатты ұнайды, табысым да ойдағыдай", - деді ол.

Нұрланның айтуынша, ол болашақта елге оралады және оған қатысты жоспарлары да бар.

"Болашаққа деген жоспарым өте көп, өз ісімді ашып, кейін Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Америкада тәжірибемді шыңдап, білімімді арттырып, ертең елге барғанда бір пайдамды тигізсем деймін. Ол үшін табандылық, еңбекқорлық және санаңды дұрыс пайдалансаң жетерлік, кез келген бизнесті дөңгелетіп әкетуге болады. АҚШ-та кәсіпкерді қыспаққа алмайды, тексермейді, тек құжатың түгел, салығың төлеулі болса болды. "Көке-жәкені" айтқаннан пайда жоқ, себебі мұнда ондай жүйе жасалмаған", - деді ол.


Суреттер Нұрлан Сәдібековтің жеке мұрағатынан алынды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная