21 августа 2019 | 16:22

Қазақ қалың малға берген ақшаны қайда жұмсаған?

© pavlodarnews.kz

Бұрындары қалың мал - мал санымен есептелген болса, уақыт өте бұл дәстүрдің өзгергені рас. Қалың мал бүгінде қыз алып отырған отбасының қаржы жағдайымен өлшенеді дейді. Бірақ ол қаншалықты рас? Қазақ қалың малға не үшін ақша берген және ол ақшаны қайда жұмсаған? Бүгінде орта есеппен қыздың қалың малы қанша? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына тарихшы Жұлдыз Орманова жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрындары қалың мал - мал санымен есептелген болса, уақыт өте бұл дәстүрдің өзгергені рас. Қалың мал бүгінде қыз алып отырған отбасының қаржы жағдайымен өлшенеді дейді. Бірақ ол қаншалықты рас? Қазақ қалың малға не үшін ақша берген және ол ақшаны қайда жұмсаған? Бүгінде орта есеппен қыздың қалың малы қанша? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына тарихшы Жұлдыз Орманова жауап берді.

Тарихшы қазақ халқының бұрыннан отау құрмақшы болған екі жақтың міндетті түрде құдалық өткізіп, қалың мал мен киіт беріскенін айтады. Бұл дәстүрлер орындалмаса, тарихшының айтуынша, ол тәрбиесіздіктің және ауыл қарттарына деген құрметсіздіктің белгісі саналған.

Реклама
Реклама

"Қалың мал беру - қазақтың XVІІІ ғасырынан бастау алған салт-дәстүрінің бірі. Ол заманда қалың мал қарапайым халық арасында 4-5 малмен есептелген, ал бақуатты, дәулетті отбасылардан шыққан кісілер қалың малын 100 мың жылқыға дейін жеткізген. Дегенмен қыз алатын жақты ешкім қатты қинамаған, барын берсе болды деп есептеген. Ал қыз жақ өз тарапынан келген құда-құдағиларға киітін кигізіп, жасауын дайындап отырған. Қалың мал жігіт тарапынан болса, қыз жасауы қыз тарапынан жасалған. Мұның барлығы үйге қажетті техникалық бұйымдар - жалпы үй қажетіне жарамды деп танылған заттарға ғана жұмсалған. Қыздың ата-анасы ол қалың малдың ақшасын өз мүддесіне жаратқан емес, барлығы ұясынан ұшып шыққан қыздың артынан барған. Яғни қалың мал қыздың жасауына жұмсалған. Қазір де солай", - дейді Орманова.

Cондай-ақ, тарихшының айтуынша, кезінде қазақ халқы қалың мал мөлшерін белгілеу кезінде қыздың пәктігі мәселесіне ерекше назар аударған.

"Біздің қоғамда қыздың пәктігі өзекті әрі әлі күнге дейін талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Кезінде дәстүр бойынша, күйеу жігіт тойдан кейін қыздың пәк емес екеніне көзі жеткен болса, қыздың әкесінен қалың малды қайтаруды талап етіп, қызды қайта үйіне әкелген. Немесе әкесінен басқа ұзатылмаған қызын сұраған. Көп жағдайда қыз жақ туған-туыс, көршілер арасында дау-дамау шығып, өсектер тарамас үшін қалың малдың жарты сомасын қайтаратын", - дейді ол.

Сонымен қатар, тарихшы бүгінде "қалың мал қызды малға сату" деген түсінік қалыптасқанын жоққа шығармады.

"Өкінішке қарай, кеңес үкіметі кезінде де қазақ қызды малға сатып жатыр деген сөздер жиі айтылған. Бірақ расында қыз жасауы болсын, қалың мал болсын - екі тарап жағынан орындалуы тиіс дәстүр. Ол болашақ отбасыға үйлі болуға кішкене болса да көмек болсын деген мақсатта жасалған. Қызды сату, берілген малдың санына қарай қызды кемсіту немесе оның отбасының беделін түсіру деген сөз емес. Ол қате пікір. Дала заңы сондай, ол заң әлі күнге дейін сақталып келеді. Қалың мал арқылы күйеу баланың материалдық жағдайы және жігіт жақтың қызға баға белгілеуі деп айтуға болмайды", - дейді тарихшы. Айтуынша, кейбірелер қалың мал қызды кемсіту үшін жасалатын келісімшарт ретінде көреді.

Осы ретте Орманова бұл дәстүрдің бүгінде елімізде қалай бағаланып жүргеніне тоқталды. Тарихшы қазір қалың малдың 2 миллион теңгеге дейін баратынын айтады.

"Бүгінде қалың малдың бағасы 200 000 теңгеден 2 миллионға дейін жетеді. Әрине, барлығы қыз алып отырған отбасының жағдайына байланысты. Бірақ оңтүстік өңірлер қалың малға көп мән береді. Сондықтан болар оңтүстіктегілер қалың мал бағасы бойынша көш бастап тұр. Онда кем дегенде 700 мың теңге беруі тиіс деп сайнайды. Ал шығыс өңірлерде қалың мал емес, той мал деп атайды. Онда орташа есеппен қалың мал - 200 000 теңге. 500 000 теңге олар үшін тым көп болып көрінеді", - дейді Орманова.

Ал Атырау, Орал, Ақтөбе, Павлодар өңірлерінде қыз алу кезінде аса шығын жоқ екен. Тарихшының айтуынша, бұл өңірлерде екі тарап өзара келісіп, қалың малдың ақшасына бас қатыра бермейді.

Оқи отырыңыз:

"Киіт кигізу - қыз сату деген сөз емес". Қазақ дәстүрі жайлы не білеміз

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қыз көру


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная