Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 марта 2020 13:01

"Мәкиза, Рауза, Сәлиxа". Танымал тұлғалардың анасының есімі не білдіреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ел алдында жүрген белгілі министр, депутаттар мен әкімдердің анасы ұл-қыздарының биікке жетуіне себепші болған. Балалары ел тарихында із қалдырып қызмет еткенде, әркез жанынан табылған аналары туралы не білеміз? Олардың ерекше есімі қандай мағына білдіреді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 


Ел алдында жүрген белгілі министр, депутаттар мен әкімдердің анасы ұл-қыздарының биікке жетуіне себепші болған. Балалары ел тарихында із қалдырып қызмет еткенде, әркез жанынан табылған аналары туралы не білеміз? Олардың ерекше есімі қандай мағына білдіреді? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

Назипа Көлгінова

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі Сейдір Көлгінов те көпбалалы отбасында өскен. Мамандығы - қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Анасы Нәзипа Көлгінова - үй шаруа­сындағы әйел.

Назипа - араб тілінен алынған. Назифъ - таза, мұнтаздай, пәк деген мағына білдіреді. 

Мәкиза Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың анасы - Мәкиза Райымқұлова Дайырбайқызы. Қазақ кеңес энциклопедиясының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Ол - Еңбек және соғыс ардагері, әдебиетші ұстаз. 

Рауза Молдабекова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Кенжетай Ахметов пен Рауза Молдабекованың жалғыз ұлы. Алайда оның анасы қазақтың дәстүрі бойынша күйеуінің үлкен ағасы Сары мен Бәтиманың балалары жоқ болғандықтан Даниал Ахметовті солардың қолына берген. ШҚО әкімі өзін "ата баласы" деп атайды екен. Екі отбасы 30 жылдай бір шаңырақтың астында өмір сүргендіктен Даниал Ахметов екі әке, екі шешенің баласы болған. 

Рауза есімі араб тілінен аударғанда бақша, гүл бақшасы, көгал; көрікті деген мағына береді. 

Мәриям Құдайбердиева

Мәриям - кісі есімдері туралы ғылым бойынша иврит тілінен тара­ған. Сондай-ақ, оның латын тілінен шыққаны туралы да болжамдар бар. Оның ма­ғынасы "сүйікті", "етене жақын" дегенді білдіреді екен. Тарихта бұл есімнің даңқ­ты және ықпалды әйел адамдарға қойылғаны белгілі. Ономастикалық зерт­теулер бойынша,  Мәриям, Мария есімдері "әділ, турашыл болсын деген ниеттен туған" деген мағынада қолданылады. 

Рабиға Байділдаевна

Нұртөре Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық кеңшарында туған. Анасы Байділдәқызы Рабиға зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған.

Ашық дерек көздеріне сүйенсек, Рабиға "төртінші, төртінші құрсақ, көктем" деген мағына білдіреді. 

Сәлиха Мұсабаева

Талғат Мұсабаевтың анасы Салиха Мұсабаева (Миндубаева) удмурт жерінде, шағын қалашықта өскен. 1943 жылы Ижев медицина институтын бітіріп, Сталинград майданына түскен. Әскери дәрігер ретінде Берлинге барған. Майданда Сәлиха болашақ жары Амангелді Мұсабаевпен танысқан. Олар Ұлы Отан соғысынан кейін Алматыға келген. Сәлиха емханада дәрігер болып, ал жары Амангелді газет журналисі болған. 

Сәлиха есімі араб тілінен тараған. "Әділ", "тақуа", "жақсы", "мейірімді" деген мағына білдіреді.

Кенжетай Қасаболатова

Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловтың анасы - кенжетай Қасаболатова. Ол - бүгінде зейнеткер, мәдениет саласының Еңбек сіңірген қызметкері.

Кенжетай есімі көбіне үйдің кенжесіне қойылады. Одан бөлек, соңғы перзентке Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай есімдері беріледі.

Гүлғасыл Құл-Мұхаммед

Мұхтар Құл-Мұхаммед "Асылзада" атты естелігінде әкесі тарихты айта келіп, анасы Гүлғасыл туралы:

"Анам жайында айтпасам күнә болар. Анам Гүлғасыл - арғын-тарақтының сөз ұстаған биі Нүсіптің тоғыз ұлының ішінде еркелеп өскен жалғыз қызы. Тарбағатай баурайындағы Тасты өзенінің жағасында орналасқан әкесінің қара шаңырағында дүниеге келген ол таза қазақи тәрбие алған. Ауыл мектебінен хат танып, Құран оқитындай деңгейге жеткен соң оқуын одан әрі жалғастырмаған. Құл-Мұхаммед әулетіне келін болып түскенше қаланы да көрмеген", - деп жазған. 

Анасы туралы естелікті Мұхтар Құл-Мұхаммед мынадай сөздермен аяқтаған:

"Күйеуінің тоқсан жасқа дейін бабын тауып, он баласының біреуін емізе, екіншісін арқалай, үшіншісін жетектей жүре жеткізген ер мінезді аяулы анам маған өзі ресми түрде иеленген "Батыр ана", "Ардақты ана" болуымен қатар барлық қазақ әйелдерінің киелі символындай көрінеді", - деп жазған. 

Ғасыл сөзі араб тіліндегі "хасалә" етістігінен алынған. Ол қазақ тілінде "иелену", "қол жеткізу", "алу", "табу", "пайда болу" деген мағыналарды береді екен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети